Адал ұрпақ » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
19
November
2020

Адал ұрпақ

«Ескелді ауданы әкімдігінің М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын- орталығымен» КММ
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 10 сынып оқушылары арасынан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелерін отансүйгіштікке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Адал ұрпақ» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды. Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады. Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес наурыз айының 6-ы жұлдызында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта отырыс өткілді. Жиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа, төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсетілді. Schoolchildren құқықты, заңдарды, құқылық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша жадынамалар таратылды. «Бүгінгі оқушы ертеңгі еліміздің, жарқын болашағымыздың айқын бейнесі» -деп клуб жетекшісі А.С.Ермухамбетова атап өтті. Аталмыш тақырып бойынша бейне-фильмдер мен «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» тақырыптарында ақпараттар беріп, «Адал Ұрпақ» топ жетекшісі Русланұлы Ермұхан баяндама оқыды. «Адал ұрпақ» ерікті клубының мүшелері бір ауыздан жемқорлыққа қарсы екендерін білдіріп, өз елін, жерін сүйетін патриот болуларына сөз берді.

Адал ұрпақ