02
февраль
2022
Lesson Study ЖӘНЕ PISA ЗЕРТТЕУІНЕ ДАЙЫНДЫҚ
«сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі және "Pisa" халықаралық зерттеуіне дайындық тақырыптарында мектеп тренері Г.А. Орынтаева таныстырылым жасады. Мақсаты - Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге "Lesson Study" және "Pisa"-ға дайындық әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде "Lesson Study"-ді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету." Бұл әдістің шығу тарихы мен LESSON STUDY тәсілінің тиімділігі туралы айтылды. LESSON STUDY-ді қалай жүргізілетін қадамдары таныстырылды. Сонымен қатар "Pisa" халықаралық зерттеуіне тиімді дайындалудың жолдары ұсынылды Ұстаздар сабақты зерттеу дегеніміз –оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделеу туралы екенінен толық мағлұмат алды.