2021-2022 оқу жылындағы оқу бағдарламасы туралы:
2021-2022 оқу жылындағы оқу бағдарламасы туралы:
Бастауыш сыныптарда оқу процесі "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген стандарт, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары» 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығы басшылыққа алынды.
1-сыныптарға «Әліппе», «Ана тілі», «Букварь», «Обучение грамоте», «Цифрлық сауаттылық» пәндерін енгізіледі. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі.
5-9-сыныптарда оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылды.
10-11 сыныптарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен ( 20.08.2021 ж.№ 415 бұйрығы) 2018 жылғы « 4»қыркүйек № 441бұйрығына 2-қосымша, 15.05.2019№ 205 типтік оқу жоспарлары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына 59-қосымша, үлгілік оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген, ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (толықтырулармен және өзгерістермен 27.07.2017 ж.№ 352 бұйрық) негізінде жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы басшылыққа алынды.