01
October
2020
Mұғалімдер күніне және қарттар күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
01.10-05.10 аралығында мұғалімдер күніне және қарттар күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Мерекелер бүкіл әлемдегі қазіргі жағдайға байланысты қашықтық форматта өткізілді, бірақ бұл 428-ден астам оқушының әртүрлі іс-шараларға қатысуына ешқандай кедергі бола алмады. 6 «б» сынып оқушылары мұғалімдеріне «Поздравь ветеранов педагогического труда», 5 «б» сынып оқушылары «Спасибо Вам, учителя» тақырыбында және 5 «ә» сынып оқушысы Дәуленбек Айша ұстаздарға арнап ән-шашуын жолдады. 7 «А» сынып оқушылары қарттар күніне орай «Қарттарым-асыл қазынам», 8 «А» сынып оқушылары «Ардақты асыл жандар, ардагерлер қартаймаңдар» тақырыптарында сұхбат алып, бейнежазба арқылы құттықтады.