«Тіл –татулықтың тірегі» атты тілдер апталығы
05.09.2022ж «Тіл –татулықтың тірегі» атты тілдер апталығы
«Тіл –татулық тірегі» Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын орындау мақсатында, Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Тіл-татулық тірегі» Тілдер апталығы өткізілді. М.А.Махметова жиынның негізгі мақсатымен және апталықтың жоспарымен таныстырды. Апталықтың мақсаты әр оқушының тілге деген қызығушылығын арттыру, өткізілген іс-шараларға үлкен жауапкершілікпен қарап, өз үлесін қосуы, тіліне, еліне деген сүйіспеншіліктерін көрсете білу.
Апталықтың барысында 6 «ә» сынып оқушылары ұйымдастырылған іс-шара барысында оқушыларды ана тілін ақдірлеп, туған тілімізде таза сөйлеуге шақырды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.С.Калибекова «Қазақ тілі», 6 ә сыны оқушысы Мусин Темірлан «Жаса, қазақ тілі» әнідерін орындады.
Апталықтың аяқталуында белсене атсалысқан білім алушылар, эссе байқауынан жүлделі орындарға ие болған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/CirntpHgcGL/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==
https://instagram.com/p/CirkzfDgjh4/
https://www.instagram.com/reel/Cirog2IgPBV/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==