ЕНТ алдында, ата-аналарға ұсынылатын кеңестер: » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » » ЕНТ алдында, ата-аналарға ұсынылатын кеңестер:
21
март
2022

ЕНТ алдында, ата-аналарға ұсынылатын кеңестер:



Балаларыңызға сынаққа тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:

•Балаңызға түсіністікпен қарап, жақын болуға, сөйлесуге тырысыңыз. Сынамаңыз. Ұрыспаңыз;

•Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;

•Балаңызды ЕНТ-ға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік  тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;

•Тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;

•Балаңызды ешкімнің баласымен салыстырмай!!! мадақтап, олардың өзіне-өзі сенімін жоғарлатыңыз;

•Балаңыздың емтихандарға дайындалудың күнтізбесін бақылаңыздар. Сонша ауыртпалық түсіртпеңіз;

•Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с. б ас миының жұмысын белсендіреді;

•ЕНТ-ның алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;

•ЕНТ-дан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;

Есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда ЕНТ-ке байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға  дайындалу үшін қажетті жағдайлар жасау. 

Тек қана ата-аналармен  бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен көмек бере алады, бірігіп жұмыс жасай отырып, үлкен нәтижеге жете алады.

Сондықтан сынып жетекшілердің міндеті, ата-аналарға “балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндетісіз” деп әр ата-ананы мектеп өміріне жақындатқан жөн.

Өз ойымды қорыта келе, құрметті ұстаздар оқушыларға білім, тәрбие беруде ата-аналармен бірлік тауып,үйлесімді жұмыс жүргізілсе, тәлім-тәрбие,оқу-білім нәтижелі болады...

  Ата-ана үшін баланың бақытын көру, ұстаз үшін еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ!!!


Барлығыңызға сәттілік тілеймін!!

Конец формы