26
ноябрь
2020
"Инклюзия" кабинеті ашылды
М.Маметова атындағы орта мектебінде 24.11.2020 жылы "Инклюзивті білім беру бойынша балалардың танымдық процестерін және жалпы сөйлеу тілін дамытатын инновациялық технологиялар" тақырыбында қашықтықтан семирар өтті. Семинарда мектебіміздің арнайы мамандары өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, инклюзияны қолдау кабинетінің жабдықталуымен, көрнекіліктерімен таныстырды. Кабинет мектебіміздің директоры Мейрбекова Раушан Білісбекқызы қолдауымен ашылды, арнайы мамандар қолжетімді әдістемелік құрал жабдықтармен жабдықталды. Аудан әдіскері Дана Кеңесовна семинар жоғары деңгейде өтті деп бағалады.