Адал ұрпақ слеті » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ноябрь
2020

Адал ұрпақ слеті


М.Маметова мектебінде 29 қазан күні қашықтықтан зум платформасы арқылы «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының слеті өтті. Жиынға 5- 10 сынып оқушылары «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері қатысты. Жиында сөз сөйлеген Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі А.С.Ермухамбетова шараның адамгершілік пен ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті. «Елдің ертеңі болашақ ұрпағымызды кішкентайынан отан сүйгіштікке, білім мен еңбекке ұмтылуға, адалдыққа тәрбиелеу парызымыз. Бұл сезімдер біздің халқымызда ежелден бар қасиет. Сондықтан сізден басқалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі қажет» - деді А.С.Ермухамбетова . Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының мүшелеріне оқушылардың бойына адалдық пен рухани байлықты дарытуда қосып жүрген еңбектері үшін алғыс білдіріп, балаларға адалдық пен мейірімділік және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруда үлгі болуға шақырды. Іс-шара барысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы оқушылары арасында сурет салу және бейнеролик конкурсы өтіп, нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, оларға мақтау қағаздары тапсырылды.

Адал ұрпақ слеті