Мұғалімдер жетістіктері » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалімдер жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістігі аз емес
12
октябрь
2023
Ұстаздарымыздың жетістігі аз емес
Облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орынға ие болған ұстаздар қатары аудан әкімінің арнайы құттықтауына лайықталып,  марапат биігіне шығарылды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Тулепбергенова Гульнар Сагиевна “Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегері
12
декабрь
2022
І дәрежелі диплом иегері
Мектеп директоры Р.Б.Мейрбекова бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “ Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасында І дәрежелі дипломды иеленген Гүлжан Оралбековнаны құттықтап, ақ тілегін білдірді.
"ҮЗДІК ЭССЕ" НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНДІ
18
апрель
2022
"ҮЗДІК ЭССЕ" НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНДІ
Мектебіміздің білікті ұстазы Калибекова Ләззат Сайлаубековна аудандық "Үздік педагог-2022" байқауына қатысып, "Үздік эссе" номинациясын иеленді. Әріптесімізді шын жүректен жеңісімен құттықтай отырып, көрер қызығы мол, шығар тауы биік болсын деп тілейміз!
Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен мектеп директоры Р.Мейрбекова марапатталды
18
март
2022
Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен мектеп директоры
Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада ауданның білім саласының қызметкерлері келесі грамоталармен марапатталды:  Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен  1. Сейтбаев Бейбит Кудайбергенович  Білім және ғылым министрлігінің «Алғысы» 1. Кызылбаева Алия Шакарбековна  Білім басқармасының құрмет грамотасы  1. Мукажанова Назигуль Кызайбаевна  2. Мейрбекова Раушан Блисбековна  3. Укешова Клара Токтасыновна  4. Погорелова Татьяна Сергеевна 5. Абилова Сая Айткуловна. 
Ұстаздар мен оқушылар марапат биігінен көрінді
12
декабрь
2021
Ұстаздар мен оқушылар марапат биігінен көрінді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығы аясында өткізілген іс-шараларға мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары белсене  қатысып, оқушылылар "Қайсар жүрек" қоғамдық қорының марапатына бөленсе, ұстаздарымыз аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
"Үздік қысқа мерзімді жоспар" байқауы
29
ноябрь
2021
"Үздік қысқа мерзімді жоспар" байқауы
Мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Махметова Маржан Асылхановна аудандық "Үздік қысқа мерзімді жоспар" байқауына қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды.
"Әрбір географ - өлкетанушы" жобасы
29
ноябрь
2021
"Әрбір географ - өлкетанушы" жобасы
Мектебіміздің мұғалімі Кенеева Айгүл Таласбаевна "Әрбір географ - өлкетанушы" жобасы аясында Өңір систематикасы аудандық сырттай кітапша байқауында жүлделі III орынды иеленді.
"МЕЙІРІМДІ АРУ" НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНДІ
27
ноябрь
2021
"МЕЙІРІМДІ АРУ" НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНДІ
МЕЙІРІМДІ АРУ Мектебіміздің жас маманы Бердікенова Ләззат Даулетқызы "Ескелді аруы" байқауына қатысып, "Мейірімді ару" номинациясын иеленді.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
ШАХМАТТАН 🥇 ОРЫН
04
ноябрь
2021
ШАХМАТТАН 🥇 ОРЫН
Аудан бойынша педагогтер арасында ұйымдастырылған спартакиада барысында М.Маметова атындағы орта мектебінің атынан қатысқан мектеп ұстазы Әділғазы Серғазы шахматтан 1 орынды иеленді.