ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН СЫНЫП САҒАТТАРЫ » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН СЫНЫП САҒАТТАРЫ
24
декабрь
2021

ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН СЫНЫП САҒАТТАРЫ

М.Маметова атындағы орта мектебінде 1-11 сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын» , «30 лет- Независимому Казахстану», «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым- Желтоқсан», «Тәуелсіздік тұғыры биікте», «Тұғыры биік-Тәуелсіздік!», «Тәуелсіздікке 30 жыл, Желтоқсан оқиғасына 35 жел!», «Біз- тәуелсіз елдің болашағы», «Тәуелсіздік-тұғырым», «Біз-тәуелсіз елміз!», «Тәуелсіздік шежіресі», "Желтоқсанның алауы-тәуелсіздік жалауы" тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты: -Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.
-Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
-Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
-Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Өз елін,жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
-Тәуелсіздік бастауы-ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру.

Тәрбие сағатына мектеп әкімшілігі мен Қарабұлақ ауданы округінің бас маманы Г.Н.Асанова қатыстысып, оқушыларды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Желтоқсан құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алды. Сұрақ-жауап әдісімен "тәуелсіздік" сөзінің мән - мағынасы оқушылардың ойларымен толықтырылды. Одан кейін оқушылардың желтоқсан құрбандарына арнаған өлең-тақпақтарымен жалғасты. Оқушылар нақышына келтіре өте керемет орныдады. Әсіресе, желтоқсан құрбандарының суреттерін қолдарына ұстап айтқан Сембек Кәусар, Ауез Заңғар, Рамазан Баян, Абдирахман Нұрғазылар ерекше көзге түсті. Әр оқушы өз алақандарын бастырған қимаға тілектерін жазып, тақтаға ілді. Өздерінің көрмеге жасаған бұйымдарымен таныстырды.Тәрбие сағатының соңында ГАсанова сөз алып, желтоқсан оқиғасы туралы оқушыларға қысқаша мағұлмат беріп, болашақта Қазақстанның жалауын желбіретіп ұстайтын білімді де инабатты оқушылар болып өсулеріне тілек білдірді. Әні Ә.Тынәлиевтікі, сөзі Ә. Асылбектің "Желтоқсан желі" өлеңімен тәрбие сағаты аяқталды.

Похожие публикации: