БАЛАЛАРҒА ЖОЛ ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН ҮЙРЕТУ ШАРАЛАРЫ » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАЛАЛАРҒА ЖОЛ ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН ҮЙРЕТУ ШАРАЛАРЫ
16
сентябрь
2021

БАЛАЛАРҒА ЖОЛ ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН ҮЙРЕТУ ШАРАЛАРЫ




Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»ММ


 «М.Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

ЖЖЕ бойынша жұмыс жағдайы

М.Маметова атындағы   орта мектебінде  ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасын  негізге ала отырып,  мектепте профилактикалық шараларды күшейту туралы іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық тұжырымдамаға сәйкес мектепте  психологы мен сынып жетекшілер  сынып сағаттары шеңберінде балалалардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық сабақтарын жүргізді. Бұл іс шараны өткізудегі басты мақсат жолда жүру ережелерін біліп,  жол белгілерінің 8 бағыттағы түрі мен белгілерін ажыратып, оны білудің   қажеттілігі мен пайдасын, жол белгілерінің атқаратын қызметін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған алған ақпаратты өмірде қолдануға тәрбиелеу.

Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі 06.09.-06.10.2021 аралығында жүргізілетін «Абайлаңыз балақай!» акциясы айлығы қарсаңында жедел-профилактикалық іс-шаралардың жылдық жоспары құрылып, бекітілді. Қыркүйектің алғашқы күнінен басталған акция айдың аяғына дейін жалғасады. Бұл акцияның басты мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару. Жаз бойғы демалыстан мектепке енді келген балалар тарапынан алғашқы уақытта жол қауіпсіздігіне деген немқұрайлылық, салғырттық болуы ықтимал. ондықтан отбасында ата-ана, мектепте ұстаздар, ал жол бойында полиция қызметкерлері балаларымыздың санасына жол жүру ережелерін ұдайы сіңіріп, бағыт-бағдар беріп отырамыз. 



Жоспарға сай 10 қыркүйек күні 1-11 сынып жетекшілері «Жолда жүру ережесін білесің бе?» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

13.09.21ж. күні 1-4 сыныптың мұғалімдері «Бағдаршам әлеміне саяхат» танымдық сабақтарын жүргізді. Мақсаты: Көшеде жүру ережесі, көше қиылысы, бағдаршам жол ережесі, жол белгілері туралы білімдерін бекіту; «Бағдаршам» туралы түсініктерін жетілдіру. Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршам қызметімен таныстыру.Көшеде жүру ережесін білу арқылы, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.Балалар сабаққа белсене қатысып, жол ережесі туралы бар білімдерін ортаға салды. 

17.09.21ж. Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Ж.С.Сагындыкова мен А.М.Балабекованың ұйымдастыруымен  Жолда жүру ережесін есте сақтауға, балаларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету мақсатында «Жолда жүру ережелері» айлығы аясында сурет көрмесі өтті. Оқушылар көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер,бағдаршам, жол белгілерін салды. «Ең жақсы» сурет салған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.


20.09.21ж. бастауыш сынып мұғалімдері үйден мектепке дейінгі жергілікті жер сұлбасын сыза отырып, картографиялық қызметтің бастапқы дағдыларын меңгерy,  жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін түсіндіру мақсатында оқушылар күнделіктің алғашқы бетіне Мектеп пен үй аралығындағы жаяу жүргінші өтпесінің суретін салып, клеймен желімдеді.

Оқушылар«қауіпсіз жол» ұғымын , бағдаршам мен оның белгілерінің қызметі туралы , 

үйден мектепке дейінгі жолды бағдарлауды; үйден мектепке дейінгі жолдың қарапайым сұлбасын сызуды,  қарапайым бақылау жүргізуді, сұрақтар қоюды үйренді.


24.09.21ж. күні мектеп медбикелері Ж.Какаманова мен Г.О. Жандильдинованың ұйымдастыруымен  «Жол жарақатының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Оқушыларға лездемеде алғашқы көмек қалай жасау керектігін көрсетті. Естен тану, аяқ-қолдың сынуы,ашық жарақат тағы басқа сол сияқты жағдайларда алғашқы көмек қалай көрсету керектігі жайында оқушыларға түсіндірді. Шара барысында, мектеп медбикелері Ж.Какаманова мен Г.О. Жандильдинова жол жарақатының алдын алу  туралы оқушыларға толықтай ақпарат беріп, тақырыпқа сай ақпараттық- ағарту материалдары таратылды.  Барлығы 20 оқушы қамтылды.

 27.09.21ж. ДТЖО Е.У.Тазабеков пен  М.А.Бектенованың  «Жолдағы тәртіп-менің өмірімнің кепілі!» дөңгелек үстел

Мақсаты:   Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, жолда жүру ережелерін үнемі есте сақтай білуге үйретіп, жолда сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.


01.10.21ж. күні Талдықорған ст.ЖПб бастығы полиция майоры Н.К.Жусынов, полиция сержанты Д.Е.Орманов ағаларымен кездесулер өткізілді.Кездесу тақырыбы  «Жол ережесі -барлығымызға бірдей заң». Мақсаты – балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу. Іс-шара жоспарына сай кездесулер өткізіп,   жадынамалар таратты.


06.10.21ж. Ұйымдастырушы-педагог Ж.М.Жандильдинова 1-11 сынып оқушыларына жол ережесі туралы мағлұмат беру, жол қатынасы ережелерін меңгерту мақсатында « Жолда жүру ережесімен» таныстырды.   «Жол қозғалысы қауіпсіздігі » төңірегінде оқушыларды жол қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырды. 1-11 сыныптарға «Жолда жүру ережесің біліесің бе!», «Жол қауіпсіздік ережесін жадында ұста» атты бейнероликтер көрсетілді. Жол белгілері-көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізушісі мен жаяу жүргіншіге маңдайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер туралы да айтылды.

06.10.21ж. күні Ұйымдастырушы-педагог Ж.М.Жандильдинова,  АӘТД Қ.Е.Бейсебековтің ұйымдастыруымен  19 қазан «Құтқарушылар күні» мерекесіне   орай «Менің дабыл шабаным» тақырыбында өскелең ұрпақтың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі  мақсатында 6 «ә» сынып оқушысы Смагулова Радмина бейнеролик дайындап, челлендж шеруін басқа мектептерге жолдады.