"Психологиялық дамуы тежелген бірінші сынып оқушыларына арналған арнайы педагогтың жеке дамыту бағдарламасы" » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Психологиялық дамуы тежелген бірінші сынып оқушыларына арналған арнайы педагогтың жеке дамыту бағдарламасы"
01
декабрь
2021

"Психологиялық дамуы тежелген бірінші сынып оқушыларына арналған арнайы педагогтың жеке дамыту бағдарламасы"

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың сапалы білім алуға құқығын қамтамасыз етуді болжайтын әлеметтік-білім беру моделін енгізу жалпы білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талап етеді. Психикалық дамуы тежелген баллар дегеніміз-оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар.Мамандардың оқыту-түзету процесінде әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты. ПДТ балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейіне жеткізуге болады. Осы мәселені ескере отырып,Ескелді ауданы М.Маметова атындағы орта мектебінің арнайы педагогы Айдар Майнұр "Психологиялық дамуы тежелген бірінші сынып оқушыларына арналған арнайы педагогтың жеке дамыту бағдарламасын" құрастырып өз практикасында қолданып келеді. 
Бағдарламаның мақсаты: Психологиялық даму тежелген әр оқушының даму ерекшеліктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, оқушының табысты білім алуына,сыныптастарымен бірге бір сыныпта оқуға және өз мүмкіндіктеріне сәйкес оқу бағдарламасын меңгеруге көмектеседі. Мектебіміздің арнайы педагогы Айдар Майнұр Алматы облысы 
 білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ағымдағы жылдың 30 қарашасында өткізген "Әдістемелік сандықша" облыстық байқауына қатысып, өз бағдарламасын қорғап 2-дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!