«Құрбым» атты қыздар кеңесі өткізілді » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құрбым» атты қыздар кеңесі өткізілді
04
октябрь
2022

«Құрбым» атты қыздар кеңесі өткізілді

4-13 қазан аралығындағы Халықаралық қыздар күніне орай «Құрбым» атты қыздар кеңесі өткізілді. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу шаралары туралы айтылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Бектенова «Бәдік сөздер» тақырыбнда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектептің педагог-психологы Н.Т.Досжанова қыздардан сауалнама алып, түрлі әлеуметтік желілерден сақ болу керек екендігін және электронды темекінің зиянын түсіндірді.

https://www.instagram.com/p/CjmYOKMq1A0/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 


 Мақсаты: бала тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, 


сұлулықтың жаршысы екенін айту. Қыз баланы құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Достармен және құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын ұстануға тәрбиелеу.