«Балалар түнгі қалада» рейд » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар түнгі қалада» рейд
01
февраль
2023

«Балалар түнгі қалада» рейд

  01-28.02.2023ж. көшеде,кафеде, дүкенде ДТЖО М.А.Бектенова  7-11 сынып оқушылар арасында «Балалар түнгі қалада» рейдін ұйымдастырды.

Ақпан  айында ауылдағы кешкі мезгілдегі рейдтік іс-шаралары жоспар бойынша жүргізілді.
 Директордың ТІЖО М.А.Бектенова мектеп ұжымы арасынан рейдтік кесте құрып, күнделікті   кезекші мұғалімдер 21.00-23.00 уақыт аралығында  ауылдың М.Маметова, М.Баисов,  Абай, Достық, Сағатбек Рүстембек көшелеріне, орталық Мини маркет, Марлен, Салтанат, Әділет дүкендеріне , ауылда орналасқан спорт алаңы  мен ауыл орталығына рейд жүргізді. Мақсаты: рейд мақсаты жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің түнгі уақытта жүрмеуін қадағалау. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

 Рейд «Мини маркет», «Марлен», «Салтанат», «Әділет»   дүкендеріне оқушыларға темекі, алкогольдік сусындар сатуға тыйым салынатыны туралы ескерту жұмыстары жүргізілді.          

Рейд барысында оқушыларға және ата- аналарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127 бап- ата- ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441- бап жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тиым салуды бұзу, 442- бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын- сауық мекемелерінде немесе тұрғын үй жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.
 Рейд жүргізу барысында көшеде кездестірілген оқушылар үйіне жеткізіліп ата-анасына тапсырылды . Ата-аналарына бұдан былай баласының жүріп тұруына көп көңіл бөлетіндігін жеткізді.

Іс шара барысында құқықбұзушылық фактілері тіркелген жоқ.