"Мектеп - мейірім мекені" » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектеп - мейірім мекені"
01
сентябрь
2023

"Мектеп - мейірім мекені"

1 қыркүйек күні "Мектеп - мейірім мекені"

Дәстүр бойынша 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің  2023 жылғы 25 тамызындағы № 5-04-02/5121-И хатын басшылыққа ала отырып 

"Мектеп - мейірім мекені" тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. «Мектебім-мейірім мекені» салтанатты алғашқы қоңырау жиыны 9:00-9:45 аралығында мектептің спорт залында өткізілді.  Биылғы жылы 36  бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттады. Бірінші сынып оқушыларын өзінің ізгі тілегімен мектеп директоры Мейрбекова Раушан Блисбековна және Асанова Галина Нусипбековна жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Бірінші сынып оқушылары өз кезегінде мәнерлеп өлеңдерін оқыды. Жоғары сынып оқушылары сыйлықтар табыстады. Алғашқы қоңырау соғу мәртебесі 1-сынып оқушылары мен 11-сынып оқушыларына табысталды. Білім күні сынып сағаттарымен жалғасты. 2023 жылдың 1-қыркүйегінде сағат 10:00-де «Білім күні» 1-4 сыныптарда –«Мектебім-мейірім мекені», 5-7 сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық», 8-11 сынып оқушыларына «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

Кезекшілік ұйымдастырылып,  ешқандай тәртіп бұзушылық болған жоқ.

Салтанатты жиыны жоспарланған іс-шаралар бойынша толығымен атқарылды. 

 1 қыркүйек мерекесі әрқашан ұмытылмас, қуанышты және сонымен бірге қызықты болып қала береді. Оқушылар мен мұғалімдерге 1 қыркүйекте ғана емес, мектепте өткізген барлық күндер де қуанышты болуын тілейміз. Жаңа оқу жылы барлығына жемісті және білімге, жаңалықтарға, шығармашылыққа және жетістіктерге бай болсын!

https://www.instagram.com/p/CxuYumLNer5/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 


 


01.09.2023 күні - білім күніне 4 сынып оқушыларында  «Мектеп – мейірім   мекені» атты ашық сынып сағаты болды. Мақсаты:жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй қалыптастыру Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен – кішіге деген.

https://www.instagram.com/reel/Cwp0i-ztRn9/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/reel/Cwp0m2_N7uo/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/reel/Cwp0uzNtJw2/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/reel/Cwp1DiutOEk/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/p/Cwp0ZsetwTc/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/p/CwpzjsINxeQ/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/reel/CwpzPaING2E/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 



01.09.2023 жыл күні 10 «А» сынып жетекшісі Н.Т.Алиева «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбында сынып сағатын жүргізді. Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы азаматтық құндылықтарымен,нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын,оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы «Рухани жаңғырту»құндылықтары негіздерінің,оның   ішінде «Қүндылықтарға негізделген білім беру»,«Қоғамға қызмет» жобаларын іске асыру арқылы терең түсінігін   қалыптастыру. Оқушылар сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындап, әділетті Қазақстанға жету жолындағы атқарылатын жұмыстар тақырыбына постер қорғап, өз ойларын еркін түрде жеткізді. 

 


Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 бабына және Білім ғылым  министірлігінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 3-18-3/ 2439 И хатына сәйкес, Алматы облысының білім басқармасының 2018 жылдың 01 тамызындағы № 516-н, Ескелді ауданының білім бөлімінің 2018 жылғы 03 тамыз № 332 бұйрығынап сәйкес.Тамыз айында 2023-2024 оқу жылында  оқушыларды ыстық тамақпен қамтамассыз етуге  мектеп асханасының  дайындығы тексерілді.    Тегін ыстық тамақтың ас мәзірі  4 аптаға құрылып жасалады, Мектеп мед бикесі Ж.Т.Какаманова ас мәзірінің сапасын   үнемі бақылауға алатынын ескертіп мердігермен  қойманы және шикі өнімдерді сақтайтын тоңазытқыштын  тексерді.  Сондай –ақ мектеп асханасында пісіріліп оқушыларға , мұғалімдерге де ыстық тамақ   қарастырылған тамақтың бағасы    орта денгейге есептелініп қойылған. Асхана қызметкерлерінің  медециналық кітапшалары бар, толық медосмотрдан өткен. 

        2023-24 оқу жылында 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады және қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен  мектеп әкімшілігі жалпыға міндетті  бірдей білім беру қорынан  60 оқушыға мектеп асханасынан тегін тамақтануына тізім жасалды. Оның ішінде     тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан    8 оқушы, көп балалы отбасынан 39 оқушы, қамқоршысымен тұратын 1 оқушы, адрестік соцаилды көмек алатын отбасынан 12 оқушы  тамақтанады. Мектеп асханасының меңгерушісі     мектеп директорының арасында келісім шарты  жасалынған.  1-4 сыныпта оқитын 1 оқушыға бөлінетін 1 күндік ыстық тамақ ақшасы 470 (төрт жүз жетпіс) теңге, 5-9 сыныта оқитын 1 оқушыға 1 күндік ыстық тамақ ақшасы 500 (бас жуз ) теңге.   1-4 сыныптан   - 163 оқушы, 5-11 сыныптан 90 оқушы , жалпы 253 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.Асхана меңгерушісі әр айдын соңында аудандық есеп бөлімінің бухгалтеріне айлық жұмсалған ақшаның есебін өткізеледі.  

        Мектепте мониторинг комиссиясы құрылып мүшелері бекітіліп, жоспар бойынша жұмыс жасап жатыр, айына бір рет асхана жұмысына тексеріп зерделеу жүргізіледі. мердігердің келісім  шарт талаптарын орындалуы бақыланады. Мектеп медбикесі бракеражды журнал  жасап, тексеру жүргізеді. Асханада ілінген стендтерді ауыстыру керектігі жайында  мердігерге ескерту айтылды . Мердігерге айтылған ескертулер бойынша реттеуге уақыт берілді.     Мониторинг комиссия жұмысы ас мәзірінің, асхана кызметкерлерінің ауыспауын, тегін ыстық тамақтың  дұрыс ұйымдастырылуына бақылау жүргізіп тоқсан соңында есеп берлді . 2023-2024 оқу жылында мектеп асханасы оқушыларды ыстық тамақпен қамту есебі мен табель жасалып аудандық есеп бөліміне өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/CwxtqVyt347/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==