КАДРЛЫҚ ҚҰРАМҒА ТАЛДАУ » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КАДРЛЫҚ ҚҰРАМҒА ТАЛДАУ
07
ноябрь
2023

КАДРЛЫҚ ҚҰРАМҒА ТАЛДАУ

КАДРЛЫҚ ҚҰРАМҒА ТАЛДАУ  


            М.Маметова атындағы орта мектебінде тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар педагогтармен қамтылған.

2021-2022 оқу жылында мектеп келесі кадрлық құраммен қамтылды, барлық педагогтар саны–70, оның ішінде 2 мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері, әкімшілік қызметкерлер құрамы - 9 адамды құрайды (директор, директордың орынбасарлары, педагог-психологтар, АӘД пәнінің ұйымдастырушысы, әлеуметтік педагог). Штат кестесіне сәйкес келеді және бұл қызметкерлердің жалпы санынан 12,5% құрайды. Әкімшілік басқару құрамының барлық мүшелерінің жоғары педагогикалық білімі бар.

        Педагогикалық қызметкерлердің кадрлық құрамын талдау жөніндегі деректер әдістемелік ұсынымдарға 7-қосымшада ұсынылған. https://drive.google.com/drive/folders/1R_ZlOFS_9ZN9I-bFkV7u8AI7FhQQLiRt?usp=drive_link

        2022-2023 оқу жылында мектеп келесі кадрлық құраммен қамтылды, барлық қызметкерлер саны – 71, оның ішінде мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері 2, әкімшілік қызметкерлер құрамы-9 адамды құрайды (директор, директордың орынбасарлары, педагог-психолог, АӘД пәнінің педагог-ұйымда). Штат кестесіне сәйкес келеді және бұл қызметкерлердің жалпы санынан 12,3% құрайды. Әкімшілік басқару құрамының барлық мүшелерінің жоғары педагогикалық білімі бар. 

        2023-2024 оқу жылында жұмыс істейтін педагогтардың саны 68, оның ішінде 7 мұғалім бала күтіміне байланысты демалыста, мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері 2, әкімшілік қызметкерлер құрамы 9 адамды құрайды (директор, директордың орынбасарлары, педагог-психолог, АӘД пәнінің педагог-ұйымдастырушысы). Штат кестесіне сәйкес қызметкерлердің жалпы санынан 10,6% құрайды. Әкімшілік басқару құрамының барлық мүшелерінің  педагог ұйымдастырушыдан  басқа жоғары педагогикалық білімі бар. Педагог –ұйымдастырушыда арнайы орта білімі бар.

            Мектеп директоры Мейрбекова Раушан Блисбековна білім беру ұйымының басшысы ретінде 2017 жылғы 28 қыркүйек айында тағайындалды. Пәні бойынша санаты педагог-сарапшы, басшы ретінде берілген біліктілік санаты басшы-ұйымдастырушы. Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Кертаева Ляззат Сагатбековна пәні бойынша санаты педагог- зерттеуші, басшы ретінде берілген біліктілік санаты басшы-ұйымдастырушы. Тутеев Медет Ибраевич пәні бойынша педагог-сарапшы. Тазабеков Еркинбек Улдаханович және Бектенова Мадина Аскаровна тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән бойынша санаттары педагог-модератор, басшылық қызметінде 3 жылға толмағандықтан мектеп директорының орынбасары ретінде санаты жоқ.

        Жыл сайын білім беру ұйымдарындағы лауазымдарды атқаратын педагогтерді аттестаттан өткізу қағидалары мен  шарттарына сәйкес, біліктілік санатының аяқталу мерзіміне байланысты, педагогтарға өндірістік оқыту шеберлері біліктілік санатын беру/растау рәсімімен өтеді. 

            2023 жылдың сәуір айынан бастап, аттестаттау мерзімдері жақындаған педагог қызметкерлерге ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыруға жіберілді.

 Кестеде көрсетілген бастауыш сыныпта  білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан жоғары, бірінші, екінші санаттағы педагогтардың, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-шеберлер мен педагог-модераторлардың үлесі

Санаты

2021-2022

2022-2023

2023-2024


Мұғалімдердің  жалпы     саны

12

12

11

1

Жоғары санаттағы педагогтер

-

-

-

2

Бірінші санаттағы педагогтер

-

-

-

3

Екінші санатты педагогтар

1

1

-

4

Педагог-шебер 

-

-

-

5

Педагог-зерттеуші

1

1

2

6

Педагог-сарапшы

6

6

5

7

Педагог-модератор

1

1

2

8

Санаты жоқ

3

3

2


            Негізгі орта, жалпы орта білім беру педагогтерінің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары, бірінші, екінші санаттағы педагогтердің, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-шеберлер мен педагог-модераторлардың үлесі. 


Санаты

2021-2022

2022-2023

2023-2024


Мұғалімдердің  жалпы     саны

54

57

64

1

Жоғары санаттағы педагогтер

1

1

-

2

Бірінші санаттағы педагогтер

2

-

1

3

Екінші санаттағы педагогтер

5

2

-

4

Педагог-шебер

-

-

-

5

Педагог-зерттеуші

3

3

2

6

Педагог-сарапшы

14

15

18

7

Педагог-модератор

7

12

20

8

Санаты жоқ

22

24

23



Лауазымы

2021-2022

2022-2023

2023-2024

1

Дефектолог

Санаты жоқ

Санаты жоқ

Санаты жоқ

2

Логопед

Санаты жоқ

Санаты жоқ


4

Психолог

2

1-педагог -зерттеуші

1-санаты жоқ

2

1-педагог- зерттеуші

1-педагог

2

1-педагог-модератор

1-педагог

5

Әлеуметтікпедагог

1-педагог - модератор

1-педагог - модератор

1-педагог - модератор

6

Педагог-ұйымдастырушы

1-санаты жоқ

1-санаты жоқ

1-санаты жоқ

            Бастауыш сынып, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің үлесі - 36% құрайды. https://drive.google.com/drive/folders/15vcjH1UamjRVx5tlnpKx3a1io-eEaum8?usp=drive_link

https://drive.google.com/drive/folders/1HhvPUVlZH4sZs0xYE8PyYN7fvlncOTVG?usp=drive_link

            2023-2024 оқу жылында бос лауазымға жұмысқа қабылдау байқаудың нәтижесі негізінде 6 жас маман (санаты жоқ) қабылданды. Сол себепті пайыздық көрсеткіш төмен көрсетуде.

       Жыл сайын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығы және облыстық оқу-әдістемелік орталығы желісі бойынша педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстары офлайн және онлайын форматында өткізіледі. Педагогтердің біліктілігін арттыру курсымен қамтылуы туралы мәлімет ұсынылған сілтемеде  көрсетілген. 

Кадрлық құрамға талдау педагогтердің сапалық құрамы білім беру қызметін жүргізу талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетеді. Мектепте педагогтердің біліктілігін арттыру үшін барлық жағдай жасалған. 






Бағаланатын кезеңге педагогтардың штаттық кестесі  2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдары

https://drive.google.com/drive/folders/1T_a6oXBaGGR6-EmFCRyrEJWmg-iT8fSb?usp=drive_link

Педагогтардың тарифтеу тізімі  2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдар

https://drive.google.com/drive/folders/1nZZxemiNMOS-TeKbzlJQ0nQfN1pAXfU8?usp=drive_link