2023-2024 оқу жылындағы оқу бағдарламасы туралы » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылындағы оқу бағдарламасы туралы
01
сентябрь
2023

2023-2024 оқу жылындағы оқу бағдарламасы туралы

2023-2024 оқу жылындағы оқу бағдарламасы туралы :

    «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) 

2. «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығына қосымша ,

        ҚР Оқу-ағарту министрінің  18.08.2023 жыл – Бастауыш білім беру деңгейі бойынша:                    1-4 сыныптар үшін, 

  12.08.2022 ж. № 365- Негізгі орта білім беру деңгейі бойынша 5-9 сыныптар , 

 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен-  Жалпы орта білім берудің  10-11 сыныптары 

 3. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен     бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

   2023-2024 оқу жылында оқу бағдарламаларындағы өзгерістер тек   2-сыныпқа ғана қатысты,  атап айтқанда: - 1-2-сыныптарда «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін жеке оқыту жалғасады ,  «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту жалғасады «Шетел тілі» пәні оқытылмайды.

         Үлгілік оқу жоспарының оку пәндерінің   орындалуын растайтын бағаланған кезеңге            арналған сабақ кестелері, жұмыс оқу жоспарлары жинақталған, «күнделік»   жүйесіндегі журналдар толтырылған.

   4.3. Білім алушылардың  таным мәселелерін шешуге және субьективті жаңа  білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және   жалпы адамзаттық құндылықтарды   дарытуға бағытталған тәрбие   жұмысын іске асыру бойынша (бағаланатын кезеңге тәрбие жұмысы жоспарының көшірмесі қоса беріледі)

2021-2022 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген. Тәрбиенің тұжырымдамалық негізінде мектеп басшысымен 30.08.2021 жылғы №1 пед. кеңестің қаулысымен бекітілді.

Тәрбие жұмысының мазмұны:

      Білім берудің жаңа деңгейіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үрдісінің өсуіне байланысты тәрбие күнделікті жаңа әдістерді іздеуді талап етеді. Қазір білім мен тәрбие беруде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына және ұлтжандылық қасиеттерді бойына сіңіруге үлкен мән беріліп отыруына орай, азаматтық-патриоттық, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие бағыттарының өзегі болып отыр.

Тәрбие жұмысының мақсаты: Оқушының дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру және дамыту арқылы оқу мен тәрбие жұмысында жаңашыл іс-әрекетпен шығармашыл тұлға тәрбиелеу. 

Тәрбие жұмысының міндеттері:

- денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

- балаларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;

- өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әркетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымды қалыптастыру;

- мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;

- балалардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;

- отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.

Тәрбие тұжырымдамасының негізгі 8 бағытына және Ұлттық білім академиясының «Сынып жетекші жұмысының әдістемесі» әдістемелік ұсыныстар бойынша 8 басым бағыт негізінде сынып жетекшілердің жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.

Биылғы оқу жылында алға қойылған мақсат:

Тәрбие тұжырымдамасының бағыттары бойынша ашық тәрбие сағаттарын өткізу, әдістемелік құралдар дайындау, өзара іс-тәжірибе алмасу, озық тәжірибелі сынып жетекшілердің жұмыстарын жинақтау, келесі жылға тарату;

Жаңа оқу жылының жұмысы тамыз айында ұйымдастыру жұмыстарынан басталды. Тәрбие жұмыс жоспарын талқылау, бекіту. Сынып жетекшілерінің қызметттік міндеттерімен таныстыру, алғашқы сабақ тақырыбымен таныстыру, сынып жетекшілерінің портфолиосын сыныпқа жасақтау.

    Азаматтық, патриоттық, құқықтық тәрбие беру  барысында   оқушыларға ҚР мемлекеттік   рәміздерін бағалап,   ҚР Конституцияны құрметтеуге баулу жұмыстары атқарылды.

2021–2022  оқу жылының басында  мектебіміздің тәрбие жұмысы бекітілген жоспар бойынша  жүргізілді.  Бұл жылғы білім күніне арналған салтанатты лездеме «Кел, балалар, оқылық!» атты іс – шарасы  дәстүрлі форматта өткізілді.

Оқу жылының басында әр сынып жетекші оқушылар мен ата-аналарға техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру мақсатында сынып сағаттар мен жалпы ата-аналар жиналыстарын  өткізді.

https://www.instagram.com/p/CTRNuxviWzW/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

Мектебімізде 5 қыркүйек -22 қыркүйек аралығында тілдер айлығы өтті. Тілдер айлығына іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.Қ.Төлепбергенова, Л.С.Калибекова, Д.К.Мукашева, Эмелхан Б, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.С.Тулепбергенова, Г.А.Мусрепова, А.Т.Байбосунова, Н.Қ.Қожатай, Ш.Т.Изтлеуова, шетел тілі пәнінің мұғалімдері М.А.Махметова, А.А.Абетаева, Е.Т.Батырбеков, кітапханашылар Ж.Н.Абдрашева, З.Матайбаева , педагог-ұйымдастырушы Ж.М.Жандильдинова өз шараларын өткізді.  Кітапханашылар Ж.Н.Абдрашева, З.Матайбаева Тілдер айлығына кітап көрмесін ұйымдастырды. педагог-ұйымдастырушы Ж.М.Жандильдинованың ұйымдастыруымен үш тілде қабырға газеті ресімделді. 1-11 сыныптар арасында «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Интербелсенді тақтаны қолданумен қазақ тілінде анимациялық бейнебаяндар көрсетілді.  Тілдер айлығы аясында жоспар бойынша мектебімізде халықтың тілін, мәдениетін, сөз құдіретін насихаттау мақсатында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімдері бірлесе отырып «Өлең –сөздің патшасы» атты сыныптан тыс шара өткізді. Осы мақсатта «Ана тілі - жүректің үні» атты көркемсөз оқу сайысын тіл мамандары Г.Қ. Тулепбергенова мен Л.С.Калибекова өткізсе, Д.К.Мукашева орыс тілінде оқитын сыныптар арасында «Мақал-сөздің басы» атты мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастырды. Оқушылар қазақ тілінде мақал-мәтелдердің қаншалықты тәрбиелік мәні бар екенін түсіне отырып, жатқа жеткізді. Б.Эмелханқызы 8 «ә» сынып оқушылары арасында даналардың Тіл туралы айтып өткен «Ұлылар сөзі» атты толғауларды мәнерлеп оқуды ұйымдастырды. Шараның соңын 10-11 сынып оқушылармен бірлесе отырып, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Л.С.Калибекова «Ұлылар үні», «Ұлылар ойы» атты эссе байқауын өткізді. Эссе жазу арқылы оқушылар қасиетті тілді бағалай отырып, өз ойын еркін түрде сауатты жеткізді. Тілдер апталығында мектеп оқушылары барлық іс-шараларға белсенді қатысып, өздерінің білімдерін көрсете білді. Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табары сөзсіз. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

https://www.instagram.com/p/CUUzDkGM8ZO/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/p/CUkTiv9tX6S/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.

 Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырды.  Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңесі жұмыс жасайды. Кеңес құрамында 10 адам бар. Кеңес төрайымы мектеп директоры және олардың мүшелері мектеп ұстаздарынан құралған. 2021 – 2022 оқу жылында күн тәртібінде әр түрлі мәселелер қарастырылып, 13 отырыс өткізілді.     

Мектептегі өзін – өзі басқару ұйымы ұжымды басқаруды үйренетін, азаматтық, құқықтық, мінез- құлықтың әлеуметік тәжірибесін жинақтайтын, мектеп өмірінің маңызды міндеттерін шешетін, өздігінше дамитын тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік алады. Өзін – өзібасқару– оқушылардың ұйымдастыру қабілетін жəне өзара қарым-қатынас пен жауапкершілікті сезінуі, өз өмірінің шығармашылығын жетілдіру, өзіндік пікір қалыптастыру негізінде мектеп ұжымының өмірлік іс - əрекеттерін басқару. Осы мақсатта  мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымы жұмысын атқаруда. 2021–2022 оқу жылдары өзін-өзі басқару кеңесі оқушыны өзін-өзі басқаруға қалыптастыру, мектеп ардагерлеріне көмек, қысқы спорттық кезеңді ашу, түрлі дəрістер оқу, темекі жəне зиянды əрекеттердің алдын алу, түрлі сайыстар, мерекелік кештер өткізу жəне тағы да басқа іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар атқарды. Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымында мектеп парламенті құрылған, оның ішінде мектеп президенті, мəдениет министрлігі, ақпарат министрлігі, білім беру министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, төтенше жағдайлар минстрлігі жұмыс жасайды. Жалпы сайлау бойынша мектеп президенті болып 10 сынып оқушысы Жанатұлы Сағыныш сайланды. Ұйымның негізгі қызметі оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру (концерттер, спорттық жарыстар), мектеп газетін шығару, сынып активтерімен бірлескен жұмыс арқылы көрінеді. 

М.Маметова атындағы орта мектебінде 01.02-28 ақпан  құқық айлығы аясында «Құқықбұзушылықтың алдын – алу» тақырыбында жоспарланған түрде бірнеше іс-шаралар өткізілді.  

2022 жылы 01 ақпан айында оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру мақсатында  ақпараттық стенд безендіріліп, толықтырылды.

https://www.instagram.com/p/CV3H9Q4LLeh/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/p/CWF-8TtMs8Y/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/p/CWKaIffAics/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/p/CWLHuV-gPNb/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/tv/CWS8pSFgZBO/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

          Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, оқушылардың құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету, оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы түсіндіру мақсатында жадынамалар  таратылды.

01-28 ақпан аралығында өткізілетін құқық айлығына арналған «Құқықбұзушылықтың алдын-алу» іс-шаралар жоспарына сәйкес 10.02.22ж күні оқушыларға, бала құқығы, оқушылардың құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету, оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы түсіндіру мақсатында 5-11 сыныбының ұл балалары арасында  мектеп инспекторы Д.Сейтжанұлы, Е.Бауыржанұлы   "Жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі " атты тақырыпта кездесу өткізді. Жиналыста келесі  сұрақтар қарастырылды:    
 1. Заңды жауапкершіліктің түрлері.          
 2. Заңды бұзушылықтар үшін жауапкершілік.     
 3. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу.

 Аталмыш тақырыпта өзекті мәселені қозғап, оқушылардың сауалдарына жауап берді.  Кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бектенова , ұйымдастырушы- педагог Ж.М. Жандильдинова және сынып жетекшілер  қатысты. Жасөспірімдер назарына презентация көрсетілді.

Кездесу барысында,  оқушыларға  қоғамдық орындарда, мектепте өздерін дұрыс ұстай білуі, өз болашағына жауапкершілікпен қарау,  өз құқықтары мен міндеттерін қалай жүзеге асыруға болатыны жөнінде әңгіме жүргізілді. Оқушылар өз құқықтарын біліп, сұрақтарын қойып,  жауаптарын алды.

14 ақпан мен 23 ақпан аралығында өтіп жатқан «Жолдағы балалар қауіпсіздігі» акциясы аясында  18 ақпан күні М.Маметова атындағы орта мектебінің ЮПТ инспекторы Д.Сейтжанұлы, Ескелді АПБ ЮПТ ЖПҚ инспекторы С.Т.Мансуров мектеп оқушыларына жолда жүру ережесімен таныстыру жұмысын жүргізді.  Мақсаты: жол қозғалысы ережелерімен таныстыру және жол-көлік жарақатының алдын алу болды. Шара оқушылар мен полиция қызметкерлерінің арасындаға екі жақты диалог ретінде қызықты танымдық формада өтті. Бастауыш сынып оқушыларының балалары жолдағы қауіпсіздікке арналған өлеңдерді оқыды. Орта буын   сыныбының  оқушылары жол жүру ережесі бойынша теориялық және практикалық білімдерін көрсетті. Оқушылармен бірге «Жолдағы тұзақтарға» толық талдау жасады, әсіресе қайғылы жағдайға  әкеп соқтыратын  жол қозғалысына қатысушыларының қателігіне ерекше көңіл аударды.

Осындай кездесулер балаларды жолда туындайтын қиын жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретеді, сондай-ақ олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.

М.Маметова атындағы орта мектебінің ЮПТ инспекторы Д.Сейтжанұлы балалардың жолдағы жүріс-тұрысына ерекше назар аударды, оқушылардың назарын аудан бойынша жол-көлік жарақатына қатысты жағдайларға аударды, авариялар салдарынан болған бұзушылықтардың мысалдарын келтірді. Мектеп инспекторы Д.Сейтжанұлы қарапайым ережелерді сақтамау жол қозғалысына қатысушылардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ, кездесу барысында Ескелді АПБ ЮПТ ЖПҚ инспекторы С.Т.Мансуров мектеп оқушыларына жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша қажетті ұсыныстар берді: оқушыларға жолдарда, жаяу жүргіншілер жолдарында және қоғамдық көлікте өзін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы, автокөлікке арналған балаларды ұстайтын құрылғылар және оларды пайдалану қажеттілігі туралы айтып берді.Жолдың жүру бөлігінен өткен кезде құлаққаппен музыка тыңдауға және ұялы телефон пайдалануға болмайтынын атап өтті. Іс-шара соңында полиция қызметкерлері мен оқушылар арасында қызу диалог өтті, оның барысында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Барлық балалар өткізілген іс-шара олар үшін қызықты ғана емес, пайдалы да болды деген пікірге келді. Мектеп инспекторы Д.Сейтжанұлы әңгімесін қорытындылай келе, балаларға жолда абай болу керектігін айтты, балалар жол қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтайды деген үмітін білдірді.

Балалармен әңгімелесу түріндегі осындай алдын алу іс-шаралар оқушылардың жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы мүмкіндігінше көп есте сақтауына бағытталған.

Құқық ұғымы, құқықтың қоғам өміріндегі рөлі, құқықтық қатынастар туралы оқушылардың сауаттылығын арттыру. Жасөспірімдерді құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында  «Менің құқығым – менің міндетім» тақырыбында сынып  жетекшілер  1-11 сыныптарда оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру, құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту, қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу, қоғамдағы өзінің құқығын білу үшін сынып сағатын өткізді. Сынып сағат барысында оқушылар адамзаттың басты құндылықтарын айыра білуді және заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің мағынасын ашуды, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды үйренді.

Сонымен қатар, «Жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында мектеп Б.Эмельхан, М.Умирхалыкова  9-сыныптар арасында оқушылардың  құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру  мақсатында сынып сағаттарын өткізді. Оқушылар  өз ойларымен бөлісіп, жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсінуді және өзін - өзі тану арқылы дара тұлға ретінде қалыптасуына қажетті ақпар алды.

«Заңды білсең жаза баспайсың» тақырыбында Б.Орунханова, Г.Орынтаева, А.Қосманова, Н.Алиева  оқушылардың заңды біліп құрметтеуі, еліміздің болашағына өскелең ұрпақтың жауапты екенін саналарына сіңіре отырып,құқық бұзушылықтың алдын алып, құқықтық сана-сезімгетәрбиелеу мақсатында оқушыларына сынып сағаттарын жүргізіп, бейнероликтер көрсетті. 

Сонымен қатар оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету мақсатында мектеп әлеуметтік ұстазы А.Касымбаева  «Бала құқығы-адам құқығы» қайырымдылық акция өткізілді. Акцияға мектеп оқушыларымен ұйымдастырылған «Қоғамға қызмет» ұйым мүшелері қатысты. Акциясы барысында ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға оқу құрал жабдықтары берілді. Оқушылар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

6 «б» сынып оқушысы Куреньков М. 04.02.2010 жылы туылған, 1 «б» сынып оқушысы Куренькова В. 11.04.2015 жылы туылған мектеп және аудан ішкі істер бөлімінде сәтсіз отбасынан шыққан  оқушы ретінде тіркелген.  Тіркеуге алғына себебі ата –анасы Куреньков А, Куренькова И., алкагольді ішімдікке салынған.  Тіркелген күннен бастап оқушылар ерекше назарда үнемі сабаққа  қатысуы мен үйірмеге  қатысуы қадағалауда.  Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып,  директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары  М.Бектенова, әлеуметтік педагог А.Т.Касымбаева, ұйымдастырушы-педагог Ж.М.Жандильдинова, ЮПТ инспекторы Д.Сейтжанұлымектеп педагог-психологтар: Н.Досжанова, Г.Магитаева   құқық айлығы барысында сәтсіз   отбасы оқушыларының үйіне, ата – ана рұқсатымен барып рейд жүргізіліп  акт  толтырылды. АКТ нәтижесінде Ирина балаларды жақсы қарауда, Максим мен Вероника сабаққа дайын мектеп формалары бар, ата-анасы алкагольдік ішімдік ішпеген.  

Құқық айлығы  барысында М.Маметова атындағы  орта мектебінде оқушылардың сабаққа қатысуы қатаң түрде қадағалануда.Әр күн сайын әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілерінің қатысуымен сыныптар арасында 1 сабаққа дейін рейд жүргізіледі. Рейдтің қорытындысы бойынша, сабақты себепсіз 3-4 күн босатқан 11-сынып оқушысы Құрманғали Мерейдің үйіне комиссия мүшелері: директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары М.Бектенова, ұйымдастырушы- педагог Ж.М.Жандильдинова, ЮПТ инспекторы Д.Сейтжанұлымектеп педагог-психологтар: Н.Досжанова,  сынып жетекшісі М.Ұлық, барып, оқушыдан түсініктеме талап етілді. Оқушының ата –анасымен байланысқа түсіп, акт жасалды, ата-аналарымен жұмыс жүргізілді. 

 Нәтижесінде оқушының сабақ босатуының негізгі себебі:денсаулық жағдайына байланысты болды. 

5-8 сынып оқушыларына «Сен өз құқығыңды білесің бе?»  атты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру және қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға үйрету мақсатында   ЮПТ инспекторы Д.Сейтжанұлы,  Е.Бауыржанұлыәңгіме  жүргізілді. Кездесу барысында,  оқушыларға  мектепте, қоғамдық орындарда өздерін дұрыс ұстай білуі, өз болашағына жауапкершілікпен қарау,  өз құқықтары мен міндеттерін қалай жүзеге асыруға болатыны жөнінде әңгіме жүргізілді. Оқушылар өз құқықтарын біліп, сұрақтарын қойып,  жауаптарын алды.

М.Маметова атындағы  орта мектебінде  ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасын   негізге ала отырып,  мектепте профилактикалық шараларды күшейту туралы іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық тұжырымдамаға сәйкес мектепте  психологы мен сынып жетекшілер  сынып сағаттары шеңберінде балалалардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық сабақтарын жүргізді. Бұл іс шараны өткізудегі басты мақсат жолда жүру ережелерін біліп,  жол белгілерінің 8 бағыттағы түрі мен белгілерін ажыратып, оны білудің   қажеттілігі мен пайдасын, жол белгілерінің атқаратын қызметін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған алған ақпаратты өмірде қолдануға тәрбиелеу.

Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі 06.09.-06.10.2021 аралығында жүргізілетін «Абайлаңыз балақай!» акциясы айлығы қарсаңында жедел-профилактикалық іс-шаралардың жылдық жоспары құрылып, бекітілді. Қыркүйектің алғашқы күнінен басталған акция айдың аяғына дейін жалғасады. Бұл акцияның басты мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару. Жаз бойғы демалыстан мектепке енді келген балалар тарапынан алғашқы уақытта жол қауіпсіздігіне деген немқұрайлылық, салғырттық болуы ықтимал. ондықтан отбасында ата-ана, мектепте ұстаздар, ал жол бойында полиция қызметкерлері балаларымыздың санасына жол жүру ережелерін ұдайы сіңіріп, бағыт-бағдар беріп отырамыз. 

         Жоспарға сай 10 қыркүйек күні 1-11 сынып жетекшілері «Жолда жүру ережесін білесің бе?» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

13.09.21ж. күні 1-4 сыныптың мұғалімдері «Бағдаршам әлеміне саяхат» танымдық сабақтарын жүргізді. Мақсаты: Көшеде жүру ережесі, көше қиылысы, бағдаршам жол ережесі, жол белгілері туралы білімдерін бекіту; «Бағдаршам» туралы түсініктерін жетілдіру. Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршам қызметімен таныстыру.Көшеде жүру ережесін білу арқылы, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.Балалар сабаққа белсене қатысып, жол ережесі туралы бар білімдерін ортаға салды. 

17.09.21ж. Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Ж.С.Сагындыкова мен А.М.Балабекованың ұйымдастыруымен  Жолда жүру ережесін есте сақтауға, балаларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету мақсатында «Жолда жүру ережелері» айлығы аясында сурет көрмесі өтті. Оқушылар көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер,бағдаршам, жол белгілерін салды. «Ең жақсы» сурет салған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

20.09.21ж. бастауыш сынып мұғалімдері үйден мектепке дейінгі жергілікті жер сұлбасын сыза отырып, картографиялық қызметтің бастапқы дағдыларын меңгерy,  жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін түсіндіру мақсатында оқушылар күнделіктің алғашқы бетіне Мектеп пен үй аралығындағы жаяу жүргінші өтпесінің суретін салып, клеймен желімдеді.

Оқушылар «қауіпсіз жол» ұғымын , бағдаршам мен оның белгілерінің қызметі туралы , 

үйден мектепке дейінгі жолды бағдарлауды; үйден мектепке дейінгі жолдың қарапайым сұлбасын сызуды,  қарапайым бақылау жүргізуді, сұрақтар қоюды үйренді.

24.09.21ж. күні мектеп медбикелері Ж.Какаманова мен Г.О. Жандильдинованың ұйымдастыруымен  «Жол жарақатының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Оқушыларға лездемеде алғашқы көмек қалай жасау керектігін көрсетті. Естен тану, аяқ-қолдың сынуы,ашық жарақат тағы басқа сол сияқты жағдайларда алғашқы көмек қалай көрсету керектігі жайында оқушыларға түсіндірді. Шара барысында, мектеп медбикелері Ж.Какаманова мен Г.О. Жандильдинова жол жарақатының алдын алу   туралы оқушыларға толықтай ақпарат беріп, тақырыпқа сай ақпараттық- ағарту материалдары таратылды.  Барлығы 20 оқушы қамтылды.

 27.09.21ж. ДТЖО Е.У.Тазабеков пен   М.А.Бектенованың  «Жолдағы тәртіп-менің өмірімнің кепілі!» дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты:  Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, жолда жүру ережелерін үнемі есте сақтай білуге үйретіп, жолда сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

01.10.21ж. күні Талдықорған ст.ЖПб бастығы полиция майоры, полиция сержанты ағаларымен кездесулер өткізілді. Кездесу тақырыбы  «Жол ережесі -барлығымызға бірдей заң». Мақсаты – балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу. Іс-шара жоспарына сай кездесулер өткізіп,   жадынамалар таратты.

06.10.21ж. Ұйымдастырушы-педагог Ж.М.Жандильдинова 1-11 сынып оқушыларына жол ережесі туралы мағлұмат беру, жол қатынасы ережелерін меңгерту мақсатында « Жолда жүру ережесімен» таныстырды.  «Жол қозғалысы қауіпсіздігі » төңірегінде оқушыларды жол қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырды. 1-11 сыныптарға «Жолда жүру ережесің біліесің бе!», «Жол қауіпсіздік ережесін жадында ұста» атты бейнероликтер көрсетілді. Жол белгілері-көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізушісі мен жаяу жүргіншіге маңдайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер туралы да айтылды.

06.10.21ж. күні Ұйымдастырушы-педагог Ж.М.Жандильдинова,  АӘТД Қ.Е.Бейсебековтің ұйымдастыруымен  19 қазан «Құтқарушылар күні» мерекесіне  орай «Менің дабыл шабаным» тақырыбында өскелең ұрпақтың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі  мақсатында 6 «ә» сынып оқушысы Смагулова Радмина бейнеролик дайындап, челлендж шеруін басқа мектептерге жолдады. 

         2021–2022 оқу жылындағы ерекшелік–Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойының тойлануы. Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойын ерекше атап өту, оқушы қауымның бойындағы патриоттық сананы қалыптастыру, ұлттық тіл, дәстүр, мәдениет, тарих, «Мәңгілік ел» патриоттық идеясын ілгерілету мақсатында іс-шаралар легі өткізілді.Атап айтсақ, ҚР тұңғыш Президенті күніне ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты тақырыбында 2 – 4 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілсе, 5–7 сынып оқушылары «Әлем таныған тұлға» тақырыбында қабырға газеттерін салды. Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай мектеп мұғалімдері «Елбасының сүйікті әндері» атты видео эстафетасына қатысып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 патриоттық әндер» орындау атты іс – шараға мектебіміздің 30 сыныбы өздерінің патриоттық әндерін орындады. 9–11 сынып оқушылары «Менің туым–менің Қазақстаным» атты патриоттық флешмобын биледі. Дене шынықтыру пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – жарқын болашақ атты волейболдан жарыс ұйымдастырылды.  

Желтоқсан айының 20 күні «Ата Заңым – ардақтым» атты   құқықтық  білім  беру   айлығы өткізілді. 5-8 сыныптарда «Мен   және  менің  құқығым», «Ата Заңым – ардақтым» «Ерлік-ел мұраты» атты тәрбие сағаттары өткізілді. 9–11 сыныптарында «Сыбайлас  жемқорлыққа жол жоқ!», «Жасөспірім және қылмыс», «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы»   тақырыптарында  лекциялар оқылып, талқыланды. 

Мұғалімдердің, психологтардың,  мектеп инспекторының   оқушылар  арасында қауіпсіз  қарым-қатынас   орнату  бойынша  бірлескен жүйелі жұмысы жолға қойылған. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша  педагогикалық ұжымның, оқушылардың  алаңдаушылық  деңгейін айқындау бойынша бірнеше жұмыстар атқарылды, мектепішілік есепте тұрған ерекше назардағы оқушылар мектептің қоғамдық  жұмыстарына  қатыстырылып, үйірме, спорт секцияларына тартылып үнемі назарда болды. Психологтар мен сынып жетекшісі тарапынан  оқушыларға   бақылау дәптері ашылып, сынып жетекшісімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог бірлесе отырып,   отбасына  зерттеу  актісі   толтырылды және жеке мінездеме жазылды. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі  жөніндегі инспектормен бірлесе отырып әңгімелер жүргізіп, хаттамалары   тіркелген. 10-11сыныптар   арасында  мектеп инспекторының қатысуымен «Өз құқығыңды білесің бе?», «Жасөспірім қылмыскер қайдан шығады?» деген тақырыптарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Ауған соғысының аяқталғанына 33 жыл толуына орай 15 ақпанда Өзін-өзі басқару ұйымының белсенділерімен «ауған соғысы ардагерлері- жоғары рухтың айқын көрінісі» тақырыбында құттықтау бейнебаяны түсірілді. 

Жыл сайын әлемнің барлық елдерінде 1 наурыз күні Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні аталып өтеді. 2-наурыз күні М.Маметова мектебінде Азаматтық қорғаныс күні өткізілді. Әлемдегі сан алуан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алуға барлық күшті біріктіру, төтенше жағдайлар болуы мүмкін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады. Осыған орай дене шынықтыру  пәнінің мұғалімі Б.Малибеков  жұмыс жоспарымен таныстырып, 1-11 сыныптарда өмір қауіпсізідігі негіздері бойынша жаттығу сабақтары, өткізіліп. Эвакуациялауды бастауға дыбыстық дабыл беріліп, мектеп ұжымы мен оқушылар тез арада мектеп ауласындағы қауіпсіз жерге көшірілді. 

1мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай жеке жоспары бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.  Бастауыш сынып оқушылары арасында «Бір шаңырақ астында» тақырыбында қашықтықтан сурет салу байқауы өткізілді.  8 – 11 сынып оқушыларына «Бірлігі жарасқан Тәуелсіз Ел!» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. 7 – 10 сыныптар «Достығы жарасқан ел» қабырға газеттерін салса, «Бірлігіміз жарасқан!» атты тақырып аясында 10 – 11 сынып оқушылары құттықтау  челлендж – эстафеталарын түсірді.

Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бойынша негізгі міндеті адамгершілік мінез – құлықәдеттерін, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру болып табылады. 

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды. «Мектепке жол» республикалық  акциясының   мақсаты – оқу жылының басына дайындық кезінде әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу, материалдық, заттай(кеңсе тауарлары, аяқ-киім, мектеп формасы мен мектеп сөмкелері) және өзге де көмектерді көрсету. Осы мақсатта тамыз айында 2021-2022 оқу жылын ұйымдастыру барысында барлық мұқтаж отбасыларды қамтамасыз ету мақсатында аулымыздың кәсіпкерлері мен барлық көмек көрсетуге дайын еріктілеріне ресми хаттар жолданды. 

Қазан айының 5 күні ұстаздар мерекесі әдеттегідей мектебімізде ерекше деңгейде өткізілді. Ұстаздық мамандыққа оқушылардың қызығушылығын арттыру, оларды осы мамандыққа бейімдеу мақсатында «Өзін – өзі басқару» ұйымының белсенділері педагог ретінде пән мұғалімдері және 1 – 9 сынып оқушыларына сабақтарын жүргізді. Бастауыш сынып оқушылары құттықтауын қабырға газеттері арқылы жеткізді. Мектеп қабырғасында 11 жыл білім алып, қазіргі таңдағы әр саладағы маман иелері өз құттықтауларын сынып жетекшілері және пән мұғалімдеріне құттықтау видеоларын жіберді.  

Поэзияның мұзбалағы атанған "Ғасыр ақыны" М.Мақатаевтың туған күніне орай 5"Ә",6"Ә",7"Ә"-сынып  оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Калибекованың ұйымдастыруымен «Ірді жырлау үшін келгенмін"деп ақынның  өзі жырлап кеткеніндей,ақынның өмірі мен шығармаларын насихаттау барысында арнайы іс -шаралар өтті.Оқушылар Мұқағали жырларымен сусындатты. Мақсаты- ақиық ақынның жалынды жырлары арқылы жастардың азаматтық және патриоттық әлеуетін дамыту.Әдебиетке деген құштарлығын арттыру.

25 ақпан күні аудандық Абай-Шәкәрім оқулары онлайн форматта ұйымдастырылды. Аталмыш шараға 25 мектептен бір оқушыдан   қатысты. М.Маметова атындағы орта мектебінен 8 А сынып оқушысы Хасен Әсем  бақ сынап, жүлделі III орынды иеленді. Жетекшісі А.Нусипова.1-Наурыз «Алғыс айту» күніне орай 1-11 сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың сыйластық туралы түсініктерін кеңейту. 

Наурыздың 6-сі күні мектебімізде «Ана – өмірдің гүлі» атты 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай сыныптарда ертеңгіліктер өткізілді. Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. 

Өздерінің жүрекжарды өлең жолдарымен бастауыш сынып оқушылары аналарын қуанышқа бөледі. «Күншуақ» шағын орталығының бүлдіршіндері аналарға арнап би биледі. Аналар мен балалары арасында ойындар ойнатылып мерекені қыздыра түсті. Барлық әндер аналардың құрметіне шырқалды.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай міндеттерді негізе ала отырып, мектебімізде 510 сынып оқушылары арасында ісшаралар жоспарланып ұйымдастырылды. Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, дамытуда сыныптан тыс құқықтық тәрбие берудің маңызы ерекше. Мектеп бойынша құқықтық тәрбие беруде жүргізілетін шаралар оқушылардың Қазақстан Республикасының заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған. Жалпы мектебімізде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының мүшелігіне 10 оқушы өтті. 

Кітап – қымбат қазынаға толған ой кемесі. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру , бойына рухани құндылықтарды ұялату мақсатында («2020-2021 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының Білім  беру ұйымдарындағы оқу процесінің ерекшеліктері туралы » әдістемелік Нұсқау хатымен Алматы облысы білім басқармасының 2020 жылғы 05 қарашадағы №42-42 /2553 хатына сәйкес ) мектепте , «Оқуға құштар мектеп»   жобасы  әзірленіп , жұмыс істей  бастады.

Осы  жобаға сәйкес мектебімізде  аудан жоспарына сәйкестендіріліп, жоспар  жасалынды . Жоба желісімен жасалынған  стенд  қайта   жаңартылып, толықтырылды . Жоспар негізінде  төмендегідей   іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектебімізде   жоспар  бойынша мерейтой  иелеріне   арнайы  көрмелер қойылды . Олар :  Н. Алдабергенов – 115 жыл ,  Б.Нұржекеев – 80 жыл, Ы .Алтынсарин – 180 жыл ,  Ж.Жабаев – 175 жыл , Д.Нүрпейісова – 160 жыл, Қ . Баянбаев – 115 жыл ,Қ.Аманжолов- 110 жыл, С.Мұратбеков – 85 жыл .

Және де  арнайы тақырыптарда да  түрлі  көрмелер   ұйымдастырылды . Олар: « Тіл әр халықтыңбайлығы » , « Отбасы  - ошақ қасы », «Танысыңыз , жаңа кітап  көрмесі »,            « Буккроссинг- өзің оқыдың , басқасына беріңіз », «Сен туған  Қазақстаныңды   білесің бе ?» , « Дін  және  қауіпсіздік»,

«1 желтоқсан Тұңғыш   Президент күні »  «Ауыл  алтын   діңгегіміз »  тақырыбында  дөңгелек   үстел ,« Бір отбасы – бір кітап » тақырыбында сурет байқауы , «Нашақорлық  ғасыр  індеті » тақырыбында денсаулық  сағаты , мектепте үзілісте  Мәриям   Хакімжанованың  өлеңдерін оқимыз ( 20 минуттық үзілісте) , Ж.Жабаевтың өмірінен   10 дерек . ( ақпараттық Time ), жергілікті ақын Айман Кәріпбаевамен  кездесу өткізілді , «Тәуелсіздік ел -бақыты»тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. 

            Желтоқсан айында  оқушылар арасында  « Сен туған Қазақстанды білесің бе ?  » атты   аудандық  онлайн-викторина өткізілді. Мектептен 5-7 сыныптан 8 оқушы қатысып , өз білімдерін ортаға салды. «Заң әрқашан баланы  қорғайды » тақырыбына  бейнежазба жасалынып және  «Менің  сүйікті   кітабым» тақырыбында жас мамандар мен 9-10 сынып оқушыларымен  аудандық   челлендж  өтілді  және   интернет  желілеріне  жарияланды   . 

Мектебімізде  « Оқуға  құштар  мектеп»   жобасы  аясында «Мектепке  кітап сыйла   »  акциясы  өтілді . Мектепке  аудандық   кітапхана қорынан  арнайы  24   дана  әдеби  кітап сыйға тартылды . Олар : « Кемеңгер дана  көшбасшы » , « Дина  күйші » , « Ескерткіштер елдіктің  белгісі», «Ойлы сөздің оғашы  жоқ » , « Алтынемел  »  т.б .  Осы   кітаптарды  Шымыр  ауылының   ауылдық  кітапханашысы  Батырбаева   Ұлжан әкеп  табыстады.

Жыл   сайынғы  өткізілетін  « Үздік   оқырман »  байқауы  өз   мәресіне жетіп , жеңімпаздар   марапатталынды . Олар :  Жұмахан Хасан , Тұрсын Әділет . 

Мектебімізде  осындай игішаралар жүргізіліп жатыр  және   іс –шаралардың барлығы  мектептің  әлеуметтік   желідегі  парақшаларына  жариялануда.

Отбасы тәрбиесінің міндеті  балалардың өз туыстарының кемшіліктеріне шыдамдылық көрсетуін қалыптастыру, өзін отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуіне, ересек адам ретінде отбасында пікір айта алуына дағдыландыру. 2021–2022  оқу жылында қыркүйек айының 20-24 күндері аралығында барлық сынып жетекшілер ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыста жаңа оқу жылына дайындық мәселесі және сыныптан ата-аналар комитетін сайлады. Жалпы мектеп бойынша 48 ата-аналар комитетінің мүшелері сайланса, ал ата-аналар комитетінің төрағасы болып Ж.М.Жексекова тағайындалды.

  Қыркүйек айының 23– 30 аралығында мектепте «Отбасы – бақыт мекені» атты апталығы өткізілді. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін оқушыларға түсіндіру болып табылды. Барлық сынып жетекшілер өз сыныптарында «Отбасы – бақыт мекені» атты сынып сағаттарын өткізді. 5-7 сынып оқушылары арасында «Менің отбасым» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. «Бақытты отбасы» атты эссе байқауына 9-11 сынып оқушылары белсене қатысып мақтау қағаздарымен марапатталды.      

Ата–аналар жиналысы барысында сынып жетекшілер ең алдымен осы жылы оқушыларға жаңа жылдық ертеңгіліктер өтілмейтіні жайлы хабардар етті.Жиналыста ата – аналарға қысқы демалыс кезіндегі балаларының қауіпсіздігі туралы, балалар қаладан тыс жерлерге шыққан жағдайда өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік ата – аналарға жүктелетіні және ТЖ ескертулеріне сәйкес таулы жерлерде табиғатқа шығуға тиым салынатынын түсіндірді. Сонымен қатар ата–аналар тарапынан да бала тәрбиесіне тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отырғанын, кейбір ата–аналардың жасөспірім балалары түнгі уақытта көшеде жүрсе де іздемейтіндері және  тәрбие жұмысына ең алдымен отбасы жауапты екенін баса айтылды. 

Жалпы ата–аналар жиналысы 1–11 сыныптар арасында өткізілді. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың белгілері қылмыстардың дені түнгі уақытта белең алатынын ата–аналарға түсіндіріліп, балаларының түнгі уақытта жүрмеуіне кеңестер айтылды. Ата–аналардың басым көпшілігі өз пікірлерін білдіріп, туындаған сұрақтарын қойып шешімін таба білді.   

Ата – аналар оқу сапасын  арттыру бойынша іс –шаралар өткізуге ат салысты,  мысалы, бастауыштың 1 сынып оқушыларының  қатысуымен  «Тілашар», «Қош бол, Әліппем», мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылып бала мен ата-ананың байланысы нығайды. «Отбасы жарастығы», «Әдептен озбайық» тақырыбында мектеп кітапханасында ата-аналар және балалар арасында әңгіме сағаттары өтті.          

      «Әрқашанда біргеміз» тақырыбында оқушылар ата-аналарымен түскен суреттерінен буклет жасап, фотогалереясын өткізді. «Қызғалдақ» қыздар ұйымы «Қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» тақырыбы  аясында   конференция,  «Сұлтан»  ұлдар   ұйымы  басшылығында  «Мен қазақтын ұлымын»  тақырыбымен   байқау  ұйымдастырылды.  Нәтижесінде, ата-анаға деген сүйіспеншілік сезімдері, отбасы шежіресін біліп-үйренуге, бір-бірін сыйлауға құлшыныстары оянды.

Ата –аналар  мектепішілік іс-шараларды өткізуге, ата-аналар жиналыстарына қатысып, балалардың оқудағы жетістіктері ата-аналар жиналыстарында талданды  және талқыланды. Мектептің  ата-аналар комитеті құрылып, ол іс-шаралар жоспарын құрастырғанда ұсынымдар береді, оқушылардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін   қалыптастыруға қатысады; әкімшілікпен, оқушылармен, жергілікті қоғамдастықпен байланыс реттелді;   оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға қатысты, мерзім сайын ата-аналар мен  ұжымды демеушілік көмек туралы  есептіліктен    хабардар етіп  отырды.

Мамыр айында Халықаралық отбасы күніне орай 8 – 10 сынып оқушыларына «Менің отбасым – менің бақытым» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесуге аулымыздың құрметті азаматтары Сидехменовтар және Дүйсебаевтар отбасы шақырылды. Қонақтар отбасындағы құндылықтар мен бақыттың сырын жеткізіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Ұлттық тәрбие. 22 наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекесін өткізудің жоспары құрылып, бекітіліп, өткізілді. Мақсаты:Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамнын байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу. Ұлтымыздың асыл мұраларын,   озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріноқыту мен тәрбиелеу үдерісінде кеңінен пайдалана отырып өмірге  көзкарасы қалыптасқан, тілі дамыған, иманды,   ұлтжанды тұлға етіп тәрбиелеу

Көктем келгенде ағаш көшеттерін отырғызу науқаны басталатыны аян. «Наурыз тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі.  18 наурыз күні әлеуметтік педагог А.Касымбаева мен «қоғамға қызмет» ұйымының ұйымдастыруымен жаппай ағаш отырғызу және аулалардың аумақтарын тазарту бойынша «Таза табиғат», «Әр отбасынан бір ағаш» атты акциясы ұйымдастырылды. Басты идея – табиғатты қорғауға оны аялауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру, ата-бабадан қалған өсиетті жастардың бойына сіңіріп, ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру. Акцияға 7 «А», 5 «ә» сынытары шие, өрік т.б. жеміс ағашының көшеттерін өткізді.

11-18 наурыз аралығында көркем еңбек пәнінің мұғалімдері А.Балабекова мен Ж.Сагындыкова 5-7 сынып оқушылары арасында «Наурыз-думан» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді.

17 наурыз күні бастауыш сынып мұғалімдері Г.Орынтаева, А.Қосманова, Н.Алсаева мен А.Омарованың ұйымдастыруымен 3-4 сыныптың ата-аналары арасында «Наурызым-мерекем, Наурызым-берекем» атты бата-тілек сайысын ұйымдастырып, өткізді. 

14 наурыз күні 1-11 сынытар арасында жоспарларына сәйкес сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар «Ұлы наурыз-жаңа жыл басы» тақырыбында газет шығарылды.

9-18 наурыз аралығында кітапханашылар Ж.Абдрашева мен З.Матайбаева «Ұлыстың ұлы күні- әз Наурыз» атты кітап көрмесін өткізді.

15 наурыз күні дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 7-10 сынып оқушылары арасында «Наурыз-думан» атты тақырыбында ұлттық спорт (қол күрес, арқан тарту т.б.) түрлерінен сайыстар өткізілді. 

18 наурыз күні «Қош келдің, әз Наурыз!» атты салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концертке барлық сыныптар белсенді қатысты.

Көпмәдениетті және көрме-эстетикалық тәрбие   бағыттары  жаңа мазмұнда енгізілген бағыттар. Әлеуметтік –мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру бағыты бойынша адам - ең жоғарғы құндылық екенін оқушыға түсіндіру болып келеді.

Биылғы мектебіміздегі 1 қазан күні «Қарттарым – асыл қазынам» атты «Қарттар күніне» арналған апталық жоспары құрылды. Оқушылардың бойына халқымыздың қадір – қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында 6–11 сынып оқушылары арасында құттықтау бейнеролигін түсірді. Мектеп кітапханашылары «Ақылдары кең қариялар» атты 5–7 сынып оқушыларына кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде оқушылар жергілікті танымал қарт ақындардың шығамаларымен танысты. Сынып жетекшілер «Қарттарым - асыл қазынам» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.  Сынып сағаттың мақсаты оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. 

Қараша айының 8–15 аралығында мектебіміздің кітапханашылары Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Даланың дара ұстазы» атты 1 – 5 сынып оқушылары арасында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің жалпы мақсаты – Ы.Алтынсариннің шығармашылығымен таныстыру болды. Апта соңында мектеп кітапханашылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5–7 сынып оқушылары арасында, Ы.Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Сайыс соңында жеңімпаз оқушылар мақтау қағаздары және алғыс хаттармен марапатталды. 

            16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 1–11 сыныптар арасында бірыңғай сынып сағаттары, «Менің Отаным», «Менің туым» хештегімен сурет салу байқауы, «Тәуелсіздік күні құтты болсын!» атты бейнероликтер топтамасы әзірленді. Сонымен қатар Тәуелсіздік күні қарсаңында мектебіміздің 5 және 2 сынып оқушыларын бірыңғай  «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. 

Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің 9 – 11 сынып оқушыларымен «Мұқағали әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге қатысқан оқушылар Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығымен танысты.

            Мектебімізде «Көмек қолын соз»  акциясында   аз  қамтылған отбасы балаларына мектеп ұстаздары  тарапынан  мектепке керекті  құрал- жабдықтар,  киім –кешектер берілді.  Оқушыларда   өз жауапкершілігін   сезіну  мақсатында 9-11 сыныптар арасында «Сен өзіңнің істегеніне жауаптысын» дөңгелек үстел, «Әдеп жолы әріден басталады» тәрбие сағаты өткізіліп , мектеп фойесінде «Сенім» жәшігі жұмыс істеп тұрды. 

Нәтижесінде оқушы бойында өзіне-өзі сену, өзін көрсете білу, әдепті, кішіпейіл,  адал   т.б. жағымды   қасиеттердің   қалыптасуы нығая түсті. 

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие берудін міндеті табиғат тағдыры үшін тұлғаның жауапкершілік сезімін қалыптастыру, жанашырлық сезімін ояту,адам мен қоршаған ортаның біртұтастығын сана сезімдеріне дағдыландыру. Көгалдандыру  айында мектебімізде ата – аналардың,  оқушылардың,   ұстаздардың, қамқоршылық кеңесінің мүшелері   көмегімен бірнеше жұмыстар  атқарылды,   мектептің алдына 20 шырша отырғызылды.    Мектеп   ұстаздары   мен    оқушылар  мектеп  ауласында,    мектепке   бөлінген аймақта  сенбілік   өткізіп  ақтау,  тазарту    жұмыстары   жасалып тұрды.

Еңбек, экономика  және экологиялық тәрбие бағытындаміндеті нарықтық экономиканың негізгі заңдары жайлы білімдерін қалыптастыру, жасөспірімдердің өзіне-өзі қызмет   көрсету шеберлігін және дағдыларын игере отырып көзделген мақсатқа жетуді, шыдамдылықты қалыптастыру болып табылады. Мектепте оқушылар «Шебердің қолы ортақ» тақырыбында қол өнер байқауын, «Менің  таңдаған мамандығым» сұрақ- жауап кешін, «Мамандығым мақтанышым»кездесу сағатын өткізе отырып кітапханадағы ескі кітаптарды түптеп, беттерін түгендеу жұмыстарын, өз сынып бөлмелеріндегі мүлікке жауапкершілікпен қарап, «Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан»тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

 «Алғашқы экономикалық түсініктері» тақырыбы аясында 5-10 сынып оқушылары өздері орындаған жоба жұмыстары арқылы экономиканың тұстары туралы білімдерін көрсетті.  Осы жұмыстар арқылы нәтижесінде алғашқы экономикалық түсініктері қалыптасып, еңбек ету құлшыныстары оянды. Ынтасы жоғары балаларды, сұраныстары ерекше балаларды, мәселелі оқушыларды уақтылы айқындау мақсатында пән мұғалімдері  үнемі жұмыстар жүргізді.   Ата-аналар комитеті мен әкімшілік, оқушылардың өзіндік басқару кеңесі, жергілікті қоғамдастық, құқық қорғау органдары арасындағы байланыс тығыз реттелген. Ата-аналар комитеті мектептің қоғамдық  жұмыстарын  ұйымдастыруға қатысып отырады.

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі   әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін,көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңестік қалыптастыру  мақсатында мектеп оқушыларының өзін – өзі басқару ұйымының негізі ретінде  президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Балалардың білімге   құштарлығын  арттыру, өзін-өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне  білуге қалыптастыру. Оқушының  дүние танымын, жан –жақты ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту, «Өзін - өзі басқаруын» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Қазан айының 1 күні өзін-өзі басқару ұйымы «Аялайық қарттарды» атты қарттар күнін тойлау мақсатында мектепішілік іс – шараларға белсенді қатысты.

1-4 сыныптар арасында   әрбір  баланы   жетілдіру  үшін  оның   бойындағы  бар  құндылықтарды   дамыту  мақсатында  «Өзіңді таны» атты тақырыпта тәрбие сағаты,  «Жеке қабілет» тақырыбында 5-8 сыныптарды сынып сағаттары өткізілді. 9-11 сыныптар арасында « Ақпараттық мәдениет  негіздері»   тақырыбында тәрбие сағаттары   өтті.  

      5-9 сынып оқушылары  «Сүйікті ісім»  тақырыбында   шығарма  байқауы,  «Мамандықтың бәрі жақсы...» 9-сыныпта әңгіме сағаты, «Кәсіп түбі нәсіп» 11-сыныпта пікірлесу сағаты, «Менің ата-анамның мамандығы» тақырыбында бастауыш сыныптармен танымдық сағаты өтті. 

       «Кім болам?»  тақырыбы   аясында 9 – 11  сынып оқушыларына   институт, колледж   мамандарымен кездесу  сағаттары    ұйымдастырылып,  оқушылар  түрлі   сұрақтар  қойып  жауаптарын    алды.

Дене  тәрбиесі   және  салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесінде  алға   қойылған    міндеті  оқушы бойында теріс  әсерлерге қарсы   тура   алу  қабілетін  қалыптастыру,   дене  еңбегі,  психикалық,   әлеуметтік  және   рухани    аулық   туралы  түсініктерін    қалыптастыру  болып  табылады. Дене шынықтыру–сауықтыру және спорттық іс-шаралар оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің физикалық және психикалық денсаулығына саналы көзқарасын, сәтті әлеуметтік бейімделуге ықпал ететін маңызды әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға, сондай-ақ зиянды әдеттердің алдын алуға, мектеп оқушыларының максималды санын сауықтыру шараларымен қамтуға бағытталған.

Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, денсаулығын нығайту, спорттық мүмкіншіліктерін арттыру мақсатында түрлі спорттық секцияларының жұмыстары құрылып, 17 спорттық секция жұмыс істеуде. (волейбол, баскетбол, футбол, теннис, шаңғы, күрес түрлері, ұлттық ойындар шахмат, т.б.).     

Мектеп оқушыларының 77%-ы спорт секцияларымен қамтылды. Спорт секциялары кесте бойынша және жоспарға сәйкес   жүргізіледі. Қамтылған оқушылар саны–986.

Секция жұмыстарын жүргізу арнайы жоспар, бағдарлама бойынша іске асырылады. Сондай-ақ оқушының жас ерекшелігі, денсаулығына қарай мүмкіндігі ескерілген.

Қазан айының 19 күні дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының ата–аналарымен бірлесе «Әкем, шешем, және мен» атты көңілді старт ойындары өткізілді. Ойынның мақсаты балалардың денсаулығын нығайту, бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту болып табылды.

24 қараша күні 6–10 сынып оқушылары арасында үстел ойындарынан жарыс өткізілді. Жарысты мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ұйымдастырды. 6 – 7 сынып оқушылары шахмат және шашки ойындарын, 8 – 10 сынып оқушылары үстел тенисі ойынының шеберлерін анықтады. Жарыс жеңімпаздары мақтау қағаздары және алғыс хатпен марапатталды.

Қаңтар айының 24–28 аралығында 6–11 сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты қабырға газеті байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын түсіндіру болды. 

Сынып жетекшілердің мектеп оқушыларымен жүргізілетін техникалық қауіпсіздігін сақтау журналдарын тексеру тоқсанына бір рет тексеріліп отырады. 

  Қорытынды: 2021 – 2022 оқу жылымен салыстырғанда мектепте сыныптар саны өсті, аудандық және мектепішілік шараларға қатысатын оқушылар саны   көбейді.