«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық акциясы » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық акциясы
12
октябрь
2023

«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық акциясы

2022 жылдың 8-20 қараша күндері аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық акциясы


Аймақ 

Іс-шаралардың саны

Іс-шаралармен қамту 

Жарияланымдар саны 

(бейнелер, посттар)

1

М.Маметова ОМ

15

458 оқушы

68 мұғалім, 

ата-аналар

https://www.instagram.com/p/Ck79nNMLkdG/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/Ck7988irNjl/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/Ck7-i8NLYUp/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/Ck_C9pMtF1o/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/ClAhxlkK5o2/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/ClD1IaFLguv/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/ClD1LMKrE_d/?igshid=YmMyMTA2M2Y=




 «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізілгені туралы анықтама

Қараша айында мектепте оқитын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқаоршыларының біліктілігін арттыруды, балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырауының барлық аспектілерін қамтитын әдістемелік жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілді. «Жеткіншек» және «Балалар түнгі қалада» тақырыбында рейдтер ұйымдастырылып, өткізілді. Рейд өткізу барысында 21.00 ден кейін көшеде балалар жүрген жоқ.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен (дене, психологиялық, сексуалдық, экономикалық) зардап шеккен,зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің құрбаны болған кезде  мектепте   психологиялық көмек  көрсетілетіні туралы  мәлімет берілді.

         Дүниежүзілік Балалар күніне арналған 7-20 қараша аралығында «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігі аясында 17-қараша күні оқушыларға адам құқығы, оқушының  құқығы мен мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету мақсатында 7 «А» және 7 «ә» сыныптары арасында М.А.Махметова мен Б.К.Молшылықбаеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. 14 қараша 2022ж күні Н.Н. Шаймұқашеваның ұйымдастыруымен 8 ә сыныбында «Өмірдің қауіпті қырлары және одан өту жолдары» ашық сынып сағаты өтті. 16 қараша 2022ж күні Б.К. Молшылықбаеваның ұйымдастыруымен 7 ә сыныбында   «Өкпелеу және қорлаудан сақ болыңдар » ашық сынып сағаты өткізілді. 18 қараша 2022 ж. күні Л.Д.Дарханованың ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қоғалыс мүшелерімен балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік мәселелерін талқылау жөнінде пікірсайыс өткізілді.

14 қараша 2022 ж. күні А.А.Абетаева 9 ә сынып оқушыларымен  «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 15 қараша   2022ж. күні Куракбаева Г.К., Изтлеуова Ш.Т., Умирхалыкова М.А. «Детство должно быть счастливым»  тақырыбында 8-10 сыныптар арасында эссе байқауы өтті. 16 қараша 2022ж. күні Ескелді АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ-ның мектеп инспекторы полиция лейтенанты Д.Сейтжанұлы «Балаларға қатысты қатыгездік нысандары және оның зардаптары» тақырыбында әңгіме жүргізді. 16 қараша 2022ж.күні Мустабекова Л.Б.,Қожахметов Б.Ж., Оралова М.А., Камзинова Г.О. «Посмотрите на воспитание под другим углом» таырыбында ата-аналарға арналған бейнежазба түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялады.  17 қараша 2022жкүні Д.К.Мукашеваның ұйымдастыруымен 8 «А» сынып оқушылары «Бақытты отбасы» тақырыбында слайд қорғады.  Мектеп психологы  Г.Ч.Магитаева «Бақытты балалық шақ және отбасылық құндылықтарды насихаттайтын» жағымды бейнероликтердің көрсетілімін ұсынды.

      17 қараша 2022 ж.күні Махметова М.А., Молшылықбаева Б.К. Балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау жөнінде 7 А, 7 ә сыныптарымен  дөңгелек үстел өткізді. Іс- шара барысында оқушылар өз құқықтарын біліп, мемлекеттік бала құқығын қорғау ковенциясымен танысты.

17 қараша 2022ж.күні көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Ж.С Сагындыкова, Балабекова А.М. «В  моем сердце светит солнце» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында сурет байқауын өткізді.

     18 қараша 2022 ж.күні 6 «А» сынып оқушыларының ата-аналарымен балалық шақты қорғау және оң тәрбие мәселелеріне баса назар аудара отырып, «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында Г.Қ.Тулепбергенова ата-аналар жиналысын өткізді. Отбасы тәрбиесі- бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналар борышы. 

«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық іс-шаралар жоспары бойынша 3 «А» сыныбында «Мейірімділік-жылы жүректен» тақырыбында тәрбие сағаты өткізді. Тәрбие сағатының мақсаы: оқушыларға қатыгездік туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін түсіндіру. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

9 қараша күні «Қайырымдылық» марафоны өткізілді. Марафонға ауыл азаматтары мен мектеп ұжымы қатысып, жиналған қаржыға кеңсе заттары алынды.

5 б сыныбында «Мои права и обязанности» тақырыбында А.М.Нусипова сынып сағатын өткізді.4 б сыныбында Г.О.Камзинова «Права ребенка-права человека» тақырыбында сынып сағатын өткізді. 

Оқушылар арсында бопсалау, қатыгездік, зорлық-зомбылықтың алдын алу күнделікті мектептің  күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі. Сондықтан әр айдың 8, 18, 28 күндерінде 5-11 сынып оқушыларынан бопсалудың, қатыгездіктің, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында сауалнама алынады, талдау жасалады.

21 ақпан күні оқушылар арасында қылмыстың алдын алу және құқықтық білімді насихаттау мақсатында мектеп психологы Г.Ч.Магитаева, әлеуметтік педагог Касымбаева А.Т., ұйымдастырушы-педагог Л.Д.Дарханова 8-11-сынып оқушыларының қыздарымен жиналыс өткізді. 11-сыныптың «Құрбым» қыздар клубының мүшелері мектеп ішіндегі тәртіп ережелері, сыртқы келбеттері, тазалық, мектеп ішіндегі қыздардың мінез-құлығына өзгерістерге , мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарауға және өз сыныптарының ішінде топқа бөлінбеуге кеңес берді.

        Құқық айлығы бойынша мектеп инспекторы Д.Сейтжанұлы мен ұйымдастырушы -педагог Л.Д.Дарханова әр аптаның дүйсенбі ,жұма күндері оқушылардың сабаққа қатысуларын тексерді. Сондай-ақ оқушылардың тәртібіне және оқушылар тарапынан құқық бұзушылық түрлерінің (шемішке шағу, сабақтан қашу, мектеп формасы, сабаққа себепсіз келмеу т.б) алдын алу мақсатында бірталай ескертпелер мен ұсыныстар айтылып тұрды.