Олимпиада жүлдегерлері » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Олимпиада жүлдегерлері
26
апрель
2017

Олимпиада жүлдегерлері

Жалпы білім беретін пәндер бойынша

оқушылардың аудандық олимпиадасының

қорытындысы

2016-2017 оқу жылы

Аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың 8 – 9 шы желтоқсан күндері Қарабұлақ кентіндегі Алдабергенов ОМ (жаратылыстану-математикалық бағыт) мен Титов атындағы ОМ (гуманитарлық бағыт) жалпы білім беретін пәндерден аудандық олимпиада өткізілді. Аудандық олимпиадаға мектепішілік пәндер олимпиадасынан жеңімпаз болып табылған 8-11 сыныптардан 33 оқушы қатысты. Пән олимпиадасы негізгі 11 пән бойынша өтті. Оның ішінде қазақ тілінен -4 оқушы, орыс тілінен - 3 оқушы, ағылшын тілінен -3 оқушы, Қазақстан тарихынан -2 оқушы, құқықтан -1 оқушы, географиядан -4 оқушы, химиядан-2 оқушы, биологиядан – 4 оқушы, математикадан - 4 оқушы, физикадан -3 оқушы, информатикадан - 2 оқушы қатысты. Биылғы оқу жылында аудандық пән олимпиадасына қатысқан оқушылардың көрсеткіштері төмендегі нәтиже бойынша анықталды:

Оқушының аты –жөні

Сыныбы

Пәні

Алған орны

жетекшісі

1

Рахат Назым

казақ тілі мен әдебиеті

ІІ

Тулепбергенова Г.К.

2

Осипова Екатерина

11б

Орыс тілі мен әдебиеті

ІІ

Тулепбергенова Г.С.

3

Ашим Дания

Орыс тілі мен әдебиеті

І

Мусрепова Г.А.

4

Абаева Сабина

Орыс тілі мен әдебиеті

ІІІ

Изтелеуова Ш.Т.

5

Жайлаубай Тоғжан

11а

ағылшын тілі

ІІ

Асанова А.А.

6

Тойшынова Жұлдыз

10ә

ағылшын тілі

ІІ

Айдынбаева Б.О.

7

Баянбекова Аружан

Қазақстан тарихы

ІІ

Иманбекова А.А.

8

Түсіпбаева Мөлдір

11а

физика

ІІІ

Жармухамбетова Д.С.

9

Сатыбалды Несібелі

10ә

физика

ІІІ

Чымбергенова Б.Р.

10

Салямхан Ельназ

информатика

ІІ

Дауленбекова Н.Б.

11

Сабытбекова Нұрсауле

информатика

ІІІ

Дауленбекова Н.Б.

12

Пирназарова Балзина

химия

ІІІ

Молшылықбаева Б.К.

13

Көшербек Аяулым

10ә

биология

ІІ

Умирхалыкова М.А.

14

Құдайбергенова Амина

биология

ІІІ

Алибекова С.И.

 

Аудандық пәндер олимпиадасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен І орынды иеленген 9 сынып оқушысы Ашим Дания жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңіне жолдама алды.

Сонымен қатар математика, география пәндері бойынша қатысқан 8 оқушының ешқайсысы да жүлделі орынға ие бола алмады, бұл оқушылардың олимпиадаға дайындық жұмыстарының төмен деңгейде болғанын растайды.

Оқушылардың пән аралық олимпиадасында гуманитарлық пәндерден олимпиадаға қатысқан оқушылар жазба жұмыстарға қойылатын бірыңғай талаптарды толық меңгермейді, теориялық білімдерін күнделікті тәжірибеде пайдалана алмайды. Сол себепті қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері мұғалімдері күнделікті сабақта талдау жұмыстарына көбірек көңіл аударғаны жөн. Қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша байқалған кемшіліктер:

Ø Шығармаға жоспар құра алмау;

Ø Шығарма жазу барысында тақырыптан алшақтап кету;

Ø Оның мазмұнын нақты аша алмау;

Ø Шығарманың бөлімдеріндегі байланыстың жоқтығы.

Соның салдарынан оқушы жұмысы көлемінің кейбір талаптарға сай болмауын атап өтуге болады. Шығармада айтылатын ой айқын, сөйлем орамды, түсінікті болуы шарт. Қазақ сыныптарындағы орыс тілі пәні бойынша қатысқан оқушылар диктант жазғанда қателіктер жіберген. Бұл оқушылар мәтіннің мазмұнын өз сөзімен толық жеткізе алуы қажет болса олар көбінесе мәтінді берілген қалыпта есте сақтап қалғысы келеді мұның бәрі оқушының ой-өрісінің, тіл қорының дамымағанын көрсетеді. Оқушылар жазба жұмыстарында орфографиялық қателерді көп жібереді, бұл оқушының дайындық деңгейінің төмен екенін көрсетеді.

Ал жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден оқушылардың есеп шығаруда, теориялық білімді практикада қолдануда қиналғаны байқалды. Атап айтсақ: формуланы жатқа білмеу, формуланы түрлендіріп, белгісізді табу және эксперименттік тәжірибелерді жасау кезінде. Ол жерде оқушылардың лабораториялық құралдармен жұмыс жасау дағдыларының қалыптаспағаны байқалды. Бұл аталған пәндерден зертханалық-практикалық жұмыстарға баса назар аударылуы керек дегенді білдіреді.

География пәні бойынша олимпиада тапсырмалары: тест жазу, географиялық картамен жұмыс істеу, географиялық номенклатура бойынша білімдерінің деңгейі, яғни практикалық жұмыстар тұрғысындағы сұрақтар оқушылар үшін негізі қиындықты туғызған.

Аудандық пәндер олимпиадасының тапсырмалары негізінен мектеп бағдарламасына сай, бірақ күрделі тапсырмалардан құрылған. Әрине, барлық тапсырмалардың дұрыс орындалуы оқушылардан жүйелі білімді талап етеді. Жүйелі түрде дайындалып жүрген оқушылар жетістіктерге жете алады. Олимпиадаға қатысқан оқушылардың барлығы бірдей мектеп бағдарламасынан ары шықпағаны көрініп тұр.

Пән мұғалімдерінің олимпиадаға қатысатын оқушыларды мектеп бағдарламасынан тыс материалдарды қамтып дайындау керек екендігін естен шығарып алмау керек.

Барлық аталған кемшіліктерді айта келе, оқушыларды олимпиадаға дайындағанда ұстаздарға мектеп бағдарламасымен емес, одан гөрі күрделі пәнді тереңдетіп оқытатын материалдарды алу керек. Бұл жерден немқұрайлық әдістен гөрі, оқушылармен жүйелі бағытталған бірнеше жылдық жұмысы қажет екенін атап айтқым келеді.

Шешім:

1.1пән олимпиадасында 2-3 оқушы апарып, 2 немесе одан көп жүлделі орындар алған төменгі мұғалімдерге алғыс жариялансын.

1. Жармухамбетова Д.С.- физика пәнінің мұғалімі

2. Дауленбекова Н.Б.- информатика пәнінің мұғалімі

3. Молшықбаева Б.К- химия пәнінің мұғалімі

1.2Аудандық пән олимпиадасында оқушысы жүлделі орындарды иеленген төмендегі ұстаздарға алғыс жариялансын:

1.Мусрепова Г.А- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2.Тулепбергенова Г.С.- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

3.Айдынбаева Б.О.- ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

4.Асанова А.А.- ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

7.Тулепбергенова Г.К- қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

8.Изтелеуова Ш.Т. - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

9.Иманбекова А.А.- тарих пәнінің мұғалімі

10.Умирхалықова М.А.- биология пәнінің мұғалімі

12. АлибековаС.И.- биология пәнінің мұғалімі.

 

 

2.Аудандық пәндер олимпиадасында оқушылары орын алмаған мұғалімдерге жоғарыдағы кемшіліктерді ескеріп, дайындық жұмыстарын жүйелеп, жолға қою ұсынылсын.

3.Математика, география пәндері бойынша оқушыларды талапқа сай дайындамағаны үшін төмендегі ұстаздарға ескерту берілсін:

1. Шакерова Г.К.

2. Какен Гүлзира

3. Шатырбаева К.Б

4. Кенеева А.Т.

 

 

 

 

Похожие публикации:

29 апрель 2017 Мектеп ұжымы
26 апрель 2017 Мектеп тарихы