"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңымен күрес туралы " таныстыру жұмыстары » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңымен күрес туралы " таныстыру жұмыстары
18
октябрь
2021

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңымен күрес туралы " таныстыру жұмыстары

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. М.Маметова атындағы орта мектебінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.

  Осыған орай    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілуде.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, мектебімізде парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын-алу мақсатында бастауыш сынып мұғалімі, «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының жетекшісі А.К.Омарова әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі болып  тағайындалды. 


18 қазанда  А.К.Омарова   «Жемқорлықты қалай жоюға болады?» атты   жиын  өткізді. Мақсаты:  сыбайлас жемқорлық туралы білім бере отырып,оның түрлері мен заңдарын   таныстыру жолдары алынды.Сонымен қатар, тақырыпты бейнетаспа көрсетілді. Бейнетаспада   сыбайлас жемқорлықты болдырмасақ, біздің болашағымыз жарқын болатынын, сондай – ақ қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталатын көрді. Сыбайлас жемқорлық– мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚРҚылмыстық кодексініңөкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап),коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылатыны туралы айтылды.