Жемқорлыққа қарсы күрес мәліметі » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жемқорлыққа қарсы күрес мәліметі
21
ноябрь
2020

Жемқорлыққа қарсы күрес мәліметі

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. М.Маметова атындағы орта мектебінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Осыған орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, мектебімізде парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын-алу мақсатында бастауыш сынып мұғалімі, «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының жетекшісі А.К.Омарова әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құнлықытарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру және парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Парасатты отбасы» онлайн байқауын өткізді. Байқауға М.Маметова атындағы орта мектебінің 6 «А» сынып оқушысы Асанбек Зивараның ата-анасы М.К.Рахимжанова мен Қ.А. Джангельдиев және 3 «ә» сынып оқушысы Серікбай Алинурдың отбасысы Аульбековтер жанұясы қатысты
[center][/center]

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесі 2020 жылдың 20 қазанындағы №5-1-03/4028 бұйрығы негізінде «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңесінің кураторы Б.Қ.Байжұмановпен бекітілген «Жетісу –адалдық алаңы жобалық кеңесінің» білім саласындағы бағыты бойынша 2020-2021 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында М.Маметова мектебінде 2020 жылдың 1-11 сыныптар арасында бірыңғай адалдық сағаттары ұйымдастырылды.
24 шілде күні ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Адалдық сағаты», 1 қыркүйек күні «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауи» тақырыбына «Адалдық сағаты», 29 қыркүйек күні Ренат Бектұровпен «Адалдық сағаты», 14 қазан күні «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» тақырыбында адалдық сағаты, 2 қараша күні аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ назаровпен «Адалдық сағаты» өткізілді. Мақсаты, жастарды алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек , үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
[center]Жемқорлыққа қарсы күрес мәліметі[/center]

12 қазанда 10а сынып жетекшісі А.М.Балабекова зум платформасы арқылы «Жемқорлықты қалай жоюға болады?» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға сыбайлас жемқорлық туралы білім бере отырып,оның түрлері мен заңдарын таныстыру жолдары алынды.Сонымен қатар, тақырыпты бейнетаспа көрсетілді. Бейнетаспада білім алушыларға сыбайлас жемқорлықты болдырмасақ, біздің болашағымыз жарқын болатынын, сондай – ақ қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталатын көрді. Сыбайлас жемқорлық– мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚРҚылмыстық кодексініңөкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап),коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылатыны туралы айтылды.
[center]
[/center]

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным, құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында 2020 жылы 20 қазанда «Жемқорлықсыз қоғамға қадам » тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған дөңгелек үстелдін мақсаты:
- білім алушыларда жағымсыз әлеуметтік құбылыс ретінде, осы құбылыстың пайда болу себептерін және қоғамға келтірілген зиянды түсіну арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру;
- азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, заңның, Ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттілігі сияқты ұғымдардың маңыздылығын сезіну.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады.
Талқылау барысында білім алушы сыбайлас жемқорлық демократия мен құқықтық тәртіпті әлсіретеді, бұл адам құқықтарының бұзылуына алып келеді, нарықтық тетіктерді бұрмалайды, адамдардың өмір сүру сапасын нашарлатады, ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және халықаралық қауіпсіздіктің басқа да қауіп-қатерлеріне ықпал етеді деген пікірге келді.
Бұл қауіпті құбылыс барлық елдерде — үлкен және кіші, бай және кедей. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлға белсенді азаматтық ұстаным білдіруі қажет.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар пікір алмасып, сұрақтарына толық жауап алды.