"Ауғанның отты жылдары" » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ауғанның отты жылдары"
15
февраль
2023

"Ауғанның отты жылдары"

15 ақпан - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай "Ауғанның отты жылдары" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай және жастарды әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында 2023 жылы 14 ақпанда Ескелді ауданы, М.Маметова атындағы орта мектебінің салтанат залында ауған соғысына қатысқан ардагерлерімен кездесу болып өтті.

Бұл кездесуге Ескелді ауданының вет, лабораториясының директоры, Ауған соғысы ардагері Мейірбеков Мұрат Біліспекұлы мен Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің еңбегі сіңген прапорщигі, қазіргі уақытта зейнеткер Сәрсенбинов Бейбіт Жакыпбекович қатысты.

     Кездесуді мектеп директоры Мейірбекова Раушан Біліспековна құттықтау сөзбен ашты. «Біз оқушыларды өз Отандарын сүюге, қазақ елінде туып-өскендерін мақтан тұтатындай етіп, патриоттық рухта тәрбиелеуге тырысамыз. Қазіргі бейбіт заманның өзінде де жер шарының бір бұрышында соғыс өрті лаулап, онда жазықсыз жандардың мерт болып жатқанын, соларды қорғау жолында біреулер асқан ерлік көрсетіп жатқанын студенттер білуге тиіс. Осыған орай әскери-патриоттық тәрбие аясында өткізіліп отырған бүгінгі іс-шараға қатысуға тілек білдірген ардагерлерге мың да бір алғыс айтамын», – деді мктеп директоры.

     Іс-шара барысында оқушылар ауған соғысы жайлы "Әдеби монтаж", "Алға, Қазақстан"әнімен, "Ауған соғысы" сахналық қойылыммен сахналық қойылымдар ұсынды. Өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы айтып берді. Ал 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шыққан күні ардагерлер үшін тамаша мейрам бола тұра, дәл сол күн осы қасіретті соғыста қаза тапқан интернационал жауынгерлерді еске алу күні де болып табылады. Сондықтан да іс-шараға қатысушылар соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

    «Біз соғыста қаза тапқан интернационал жауынгерлердің ерліктеріне бас иеміз. Бұл кездесу елінің азаматы ретінде, болашақ Отан қорғаушы ретінде оқушылардың бойларына рух беріп, Отан алдындағы борышын адал өтеуге ынталандырады», – деді М.Б.Мейірбеков алдында сөйлеген сөзінде.

    Аталмыш әскери іс-шараға мектептің оқытушылары ардагерлерге өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды, әрі тиісті жауаптарын алды. Бұл кездесуден оқушылар ешқашан ұмытпастай тамаша әсер алды.

https://www.instagram.com/p/CopHMZRL7kC/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==