Тарихи анықтама » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тарихи анықтама
07
март
2022

Тарихи анықтама


«Ескелді ауданы әкімдігінің М.Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталықты» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің тарихы

1932 жылы – 4 жылдық мектеп болып құрылды.

1950 жылы – 7 жылдық мектеп болып, Калинин аты берілді.

1957 жылы – 8 жылдық мектеп болды.

1959-1965 жылдары мектептің жаңа ғимараты салынды.

1965 жылы М.Маметова атындағы мектеп атанды.

1991 жылы екі қабатты мектеп ғимараты салынды.

2003 жылы мектепке лицензия беріліп, 2015 жылы лицензия қайта жаңартылды. 

Ескелді ауданының солтүстік аймағында орналасқан Шымыр ауылы ертеректе қыстақ болып бірнеше елдімекендерге біріктірілген.  Атаулары – Нұра, Молдыбек сайы, Мейрбек сайы.

Алғашқы білім бастауы 1930-32 жылдары Шымырдың кіреберісінде  қазіргі Рүстембек көшесінің бас жағында жартылай жертөледе, бір кластық бастауыш мектеп болып ашылды. 

1933 жылы ашаршылыққа байланысты білім беру саласында да қийыншылықтар кездесті. 

1938 жылы мектеп үйі әжептәуір үлкейтіліп,   Нұрадан балаларды қыста оқуға шанамен тасыды. 

Ұлы Отан Соғысыда өзінің ізін қалдырды. Ұстаздар мен оқушылар соғысқа көмек ретінде жастайынан еңбек майданына араласты. Сол кезде оларды егіс даласынан да, шабындықтан да, мал шаруашылығынан да кездестіруге болатын. Жылдар өткен сайын мектеп ұлғая берді. 

1950 жылдары Калинин 7 жылдық мектеп болды. Шымыр мектебінің өркендеуіне еңбек сіңірген ұстаздар көп. Солардың бірі – Орынбасар Жандельдинов. 

Мектепте 1954-57 жылдар аралығында Сағадбеков Рүстембек, ал 1957-56 жылдары Әбілғалымова Паруза мектеп басшысы болып қызмет атқарды.

1991 жылы қараша айында үлкен екі қабатты мектеп оқушыларға, ұстаздарға есігін айқара ашты.  

Қазіргі таңда мектеп директоры Мейрбекова Раушан Блисбековна.