«Onlinе mektep» порталында қалай жұмыс жасау керек? » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Onlinе mektep» порталында қалай жұмыс жасау керек?
29
август
2020

«Onlinе mektep» порталында қалай жұмыс жасау керек?

«Ескелді ауданы әкімдігінің М.Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 26.08. – 28.08.2020 күндері, еліміздегі карантин жағдайына байланысты қашықтықтан сапалы білім алу мақсатында мектеп әкімшілігі мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарға және оқушыларға «Onlinе mektep» порталында қалай жұмыс жасау керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі әлемді жайлаған пандемия кезінде оқушылар қашықтықтан білім алуға мәжбүр. Қашықтықтан оқу да оқыту да оңай шаруа емес. Мектебіміздегі ұстаздардан алдын ала алынған сауалнаманың нәтижесі бойынша, қашықтықтан оқыту барысында «Onlin mektep» порталымен жұмыс жасалатындығы анықталды. Осыған байланысты сақтық шараларын қатаң ұстана отырып, сәрсенбі күні мұғалімдерге, бейсенбі күні ата-аналарға, жұма күні оқушыларға алдын ала құрылған кесте бойынша аталған порталда қалай жұмыс жасауға болатындығы туралы түсіндірме жұмыстар жұргізілді. Оқушылар да ата-аналар да әдістемелік кеңес алып, мектеп тарапынан берілген көмекті сезініп өздерінің алғысын айтып кетті.