«Құрбым» клубының қыз балалар арасында жиналыс өткізілді » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құрбым» клубының қыз балалар арасында жиналыс өткізілді
14
февраль
2023

«Құрбым» клубының қыз балалар арасында жиналыс өткізілді

14.02.23ж күні мектебімізде «Құрбым» клубының қыз балалар арасында жиналыс өткізілді. Жиналысқа 8-11 сыныптың қыздары қатысты. «Қыздар арасында» қауіпсіз жыныстық даму мәселесі бойынша «Бізге қызықты» тақырыбында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Мақсаты: қыздарды тәрбиелі, білімді, қыз баланың гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету. Өз бойларын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге баулу. Жиналыста әлеуметтік педагог .Т.Касымбаева қыздар тәрбиесіне байланысты ақыл-кеңестер берді. Қыздардың бойына тән инабаттылық пен тазалық, мектеп формасы  туралы сөз қозғады. Мектеп психологы Г.Ч.Магитаева соңғы уақытта әлеуметтік желісінде талқыланып жатқан қыздар мәселесі бойынша сұрақтар қойылып, қыздар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді. «Қазақ қызы қандай болу керек?» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Жиналыс соңында қыз балалар көкейлерінде   жүрген сұрақтарды қойып, пікір алмасты.