"ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ" » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ"
04
май
2023

"ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ"

04.05.2023ж 4 мамыр күні сағат 11:00-де мамыр мерекелері қарсаңында "ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ" атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді.

7 мамыр Отан қорғаушылар, 9 мамыр Ұлы Отан соғысы Жеңіс күндеріне орай М.Маметова мектебінде «Отаным- бақыт ордасы!» атты іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес бастауыш сыныптары арасында «Ерлікке тағзым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Мектепке дейінгі шағын орталықта 9 мамыр-Жеңіс күніне арналған ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Үлкендерді сыйлай білуге, оларды қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. 

Мектеп кітапханашылары Ж.Н.Абдрашева мен З.Т.Матайбаеваның ұйымдастыруымен «Елін қорғау- ерге серт» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Д.К.Мукашева, Б.Эмельхан, Л.С.Калибекова, Г.Қ. Тулепбергенованың ұйымдастырумен «Патриотизм- ұлттық  рухтың асқақ белгісі» тақырыбнда эссе жаздырды.

Г.А.Мусрепова, М.К.Какаманова, М.А.Махметова, Б.К.Молшылықбаеваның ұйымдастыруымен «Ерлік сабақтары» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Г.К.Бектенованың ұйымдастыруымен 2 «А» сыныбында 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай «Жігіт сұлтаны-2023» өткізілді. А.М.Нусипова «Ардагерлерді ардақтайық!» тақырыбында әкелер мен ардагерлерді құттықтау бейнебаян жариялады.

05.05.2023ж күні 7 мамыр- Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр- Жеңіс күніне орай «Ер есімі, ел есінде» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Іс-шараға Ұлы Отан Соғысы ардагерінің ұрпағы С.Р.Сағатбеков, Ауған және чернобль ардагелері қатысып, мектебіміздің ауласында орналасқан ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Мектеп оқушылары салтанатты шарада ән айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды. 

https://www.instagram.com/reel/Cr3lq24gWWu/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/reel/CsBsMVvAus6/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/reel/Cr3iygKg8Wv/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/reel/Cr2pL0fANhl/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 




19 мамырда адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бастамасымен «Менің мектебім буллингке қарсы!» жалпы республикалық флешмоб жоспарланып, өткізілді. Мақсаты: оқушылардың, ата-аналардың және мұғалімдердің назарын кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг мәселесіне аудару

31.05.2023ж  мектебімізде "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу" күніне орай сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты:оқушылардың бойына Отансүйгіштікке, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт зиялыларының ерлігін үлгі-өнеге етіп, еліне деген сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастыру, тарихын білу.

1.бағыт Қазақстан патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;




Қорытынды: Жоспар бойынша барлық шаралар жүйелі түрде, жоғары деңгейде өткізілді.

Ұсыныс: оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін жүйелі түрде жұмыс жасау. Рейдтік шараларды күшейту.