РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ ІС-ШАРАЛАРЫ » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сентябрь
2021

РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ ІС-ШАРАЛАРЫ


Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» заңның орындалу барысы, 

тілдер мерекесіне орай өткізілген іс-шара

     Мектебімізде 5 қыркүйек -22 қыркүйек аралығында тілдер айлығы өтті. Тілдер айлығына іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.Қ.Төлепбергенова, Л.С.Калибекова, Д.К.Мукашева, Эмелхан Б, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.С.Тулепбергенова, Г.А.Мусрепова, А.Т.Байбосунова, Н.Қ.Қожатай, Ш.Т.Изтлеуова, шетел тілі пәнінің мұғалімдері М.А.Махметова, А.А.Абетаева, Е.Т.Батырбеков, кітапханашылар Ж.Н.Абдрашева, З.Матайбаева , педагог-ұйымдастырушы Ж.М.Жандильдинова өз шараларын өткізді.  Кітапханашылар Ж.Н.Абдрашева, З.Матайбаева Тілдер айлығына кітап көрмесін ұйымдастырды. педагог-ұйымдастырушы Ж.М.Жандильдинованың ұйымдастыруымен үш тілде қабырға газеті ресімделді. 1-11 сыныптар арасында «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» тақырында сынып сағаттары өткізілді. Интербелсенді тақтаны қолданумен қазақ тілінде анимациялық бейнебаяндар көрсетілді.  Тілдер айлығы аясында жоспар бойынша мектебімізде халықтың тілін, мәдениетін, сөз құдіретін насихаттау мақсатында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімдері бірлесе отырып «Өлең –сөздің патшасы» атты сыныптан тыс шара өткізді. Осы мақсатта «Ана тілі- жүректің үні» атты көркемсөз оқу сайысын тіл мамандары Г.Қ. Тулепбергенова мен Л.С.Калибекова өткізсе, Д.К.Мукашева орыс тілінде оқитын сыныптар арасында «Мақал-сөздің басы» атты мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастырды. Оқушылар қазақ тілінде мақал-мәтелдердің қаншалықты тәрбиелік мәні бар екенін түсіне отырып, жатқа жеткізді. Б.Эмелханқызы 8 «ә» сынып оқушылары арасында даналардың Тіл туралы айтып өткен «Ұлылар сөзі» атты толғауларды мәнерлеп оқуды ұйымдастырды. Шараның соңын 10-11 сынып оқушылармен бірлесе отырып, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Л.С.Калибекова «Ұлылар үні», «Ұлылар ойы» атты эссе байқауын өткізді. Эссе жазу арқылы оқушылар қасиетті тілді бағалай отырып, өз ойын еркін түрде сауатты жеткізді. Тілдер апталығында мектеп оқушылары барлық іс-шараларға белсенді қатысып, өздерінің білімдерін көрсете білді. Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табары сөзсіз. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!