«Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау» » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау»
11
сентябрь
2023

«Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау»

2023 жылдың 11 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында«М.Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ «Қазақстан  халқы тілдері күні» мерекесіне орай «Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау» тақырыбында онкүндіктің ашылуы онкүндігі өтті. Тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында мерекелік іс-шараның жоспары құрылып, бекітілді.

Апталық жоспары Тілдер ӘБ пән мұғалімдерімен талқыланып, бекітілді. Апталықтың ашылуында мектеп директоры Р.Мейрбекова құттықтау сөздерін айтты. Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлең шұмақтарын оқыды. ӘБ жетекшісі М.Махметова апталықтың жоспарымен таныстырып, оқушыларды түрлі іс-шараларға қатысуға шақырды.

11.09.23ж күні «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» , «Тіл –менің тірегім» тақырыбында 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері А.М.Балабекова мен Ж.С.Сагындыкованың ұйымдастыуымен «Тіл-алтын қазына» тақырыбында қабырға газеттері шығарылды.

12.09.23ж күні Мектеп кітапханашылары Ж.Н.Абдрашева мен З.Т.Матайбаеваның ұйымдастыруымен «Ұлылардың ұлысы-Абай» тақырыбында мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырды.

13.09.23ж күні сынып жетекшілер Б.К.Молшылықбаева, Г.А.Мусрепова, Л.Д.Саиндильдина, Г.К.Куракбаеваның ұйымдастыруымен «Ана тілім-ардағым» тақырыбында өлеңді жатқа оқудан бейнеролик түсірілді.

14.09.23ж күні бастауыш сынып мұғалімдері Г.К.Бектенова, А.К.Чакирова, А.А.Калиекова, Б.А.Орунханованың ұйымдастыруымен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» бастауыш сыныптар арасында сайыс өткізілді.

15.09.23ж күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері М.К.акаманова мен М.А.Махметова «Do we need an English language?» эссе жазғызды.

18.09.23ж күні Г.С.Тулепбергенова, А.С.Ермухамбетова, Н.Қ.Қожатай «Путешествие по русскому языку» сыныптан тыс іс-шара өткізді.

19.09.23ж күні Л.С.Калибекова, А.А.Абетаева, Н.Т.Алиева қазақ тілінен «Тіл тазалығы» атты сыныптан тыс іс –шара өткізді.

20.09.23ж күні Г.Қ.Тулепбергеновамен Н.Н.Шаймұқашева «Тіл мәртебесі- ел мерейі» эссе байқауын өткізді.

22.09.23ж күні апталықтың қорытындысы жасалып, белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/CxDQn4JNUoZ/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 






    


https://www.instagram.com/reel/CxI-b59LXes/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==