"Толық адам" ілімі және бүгінгі жастар » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Толық адам" ілімі және бүгінгі жастар
11
сентябрь
2023

"Толық адам" ілімі және бүгінгі жастар

Мектебмізде 9-11 сынып оқушыларымен «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында: «Толық адам» ілімі және бүгінгі жастар тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Мектебмізде 11.09.2023ж. күні  9-11 сынып оқушыларымен Н.Н.Шаймұқашева, Д.К.Мукашева, Н.Т.Алиева, А.А.абетаеваның ұйымдастыруымен «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында: «Толық адам» ілімі және бүгінгі жастар тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
 Мақсаты:  
Оқушыларға жастар және олардың әрекеті туралы түсінігін жетілдіру, өз ой толғауларын ашық әрі дәлелді етіп айтуға бағыт беру. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру. Абай өз шығармаларында адам болудың талап-тілектерін атап, өзінің гуманистік танымы тұрғысынан өскелең ұрпақтың адамшылық негіздері, бойға ұялатар қасиеттері қандай болмақ деген ойға ерекше көңіл бөледі. Ақын шығармаларында өзекті желідей созылып, ғұмыр бойы танытуға ұмтылған, өмір бойы шарқ ұрып іздегені – толық адам. Абайдағы толық адам – рухани жетілген, кемеліне келген адам.     
 «Адамзат қоғамы тарихында адамгершілік идеясы ғасырлар бойы күн тәртібінен түспей келе жатқан ең басты мәселелердің бірі – жеке адамның ақыл, мінез жағынан пісіп жетіліп, яғни толық адам болуы жайлы ойлар пікір күресін тудырып келуде. Гуманист атаулының бәрі де дүниедегі ең асыл, бағалы нәрсе – адам болса, сол адам бойындағы ең басты сипаттары неден тұрмақ дегенге әр заман ойшылдары өз ұғым-нанымы, заман талабы тұрғысынан жауап беріп келді. Оқушылар сабақ барысында «Адамның қоғамдағы орны» тақырыпшасында сатылай комплексті талдау жұмыстары жүргізілді. 

https://www.instagram.com/p/Cy4qAjHCnVg/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==