Адалдық сағаты » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Адалдық сағаты
15
сентябрь
2023

Адалдық сағаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды мектеп партасында қалыптастыру бағытында жас ерекшеліктеріне сәйкес 1-11 сыныптарда 

 “Адалдық сағатын” өткізді.

2018 жылдан бастап мектебімізде  ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда тұруға бағытталған патриоттық және бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеу миссиясын  жүзеге асыру мақсатында 15.09.2023ж. күні 1-11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кезекті “Адалдық сағаттарын” өткізді. «Адалдық сағатының» мақсаты– білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.Әр түрлі қызмет салаларыда еңбек ететін түрлі тұлға, елінің патриотын мысалға келтіре отырып, жастарды оқуға, еңбек етуге, дамуға, жақындары мен достарын құрметтеуге, Отанын сүюге шақырды. «Адалдық сағаты» бірыңғай рееспубликалық акциясы аясында оқушыларға белгілі отандастарымыздың шығармашылығы мен табыс тарихын зерделеп, адалдық және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелерін талқылап, сондай-ақ мәдениет, ғылым, спорт, өнер және т.б. салалардағы өзекті жаңалықтарымен танысады. «Адалдық сағаты» асында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету. 

Оқушыларға сыбайлас жемқорлық туралы слайдтар көрсетіліп, сұрақтарға жауап берілді.

  1. Сыбайлас жемқорлық деген не? Мемлекеттік билікті теріс пайдалану, жеке бастың пайдасы үшін лауазымды тұлғаларды параға тарту.
  2. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңы қай жылы қабылданды? 2015 жылы 18 қарашада заң қабылданды.
  3. Пара беру субъектісі қанша жасқа жеткен тұлға болуы мүмкін? 16 жасқа жеткен тұлғалар.

Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары: қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді, жұртшылықтың заң мен əділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

«Əрбір азаматтың жемқорлыққа қарсы күресі жанжақты үздіксіз, ашық əрі əділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе аламыз…» деген сөзді басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуға, адал еңбек етуге, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, сыбайлас жемқорлықпен күреске үлес қосуға шақырамыз. «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» болашағымыз, еліміз гүлдене берсін!

https://www.instagram.com/p/CxaSYmyLao1/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/p/CxDP3TlthSS/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/reel/CxKyrj_rGwf/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

https://www.instagram.com/p/CxKyeKiLEz1/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==