Біртұтас тәрбие бағдарламасы » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біртұтас тәрбие бағдарламасы
01
сентябрь
2023

Біртұтас тәрбие бағдарламасы

«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ

«М.Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» КММ

2023-2024 оқу жылында тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде асырылады. Бағдарлама жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, алғыс айту, ілтипат, талап сияқты құндылықтар көрініс табады. Тәрбие жұмысы:

-оқу пәндерінің мазмұны;

Сынып сағаттары мен тәрбиелік іс-шаралар;

-сыныптан тыс іс-әрекеттер (үйірмелер, клубтар, секциялар т.б.) арқылы жүзеге асырылады.

тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Күтілетін нәтиже:

  • Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен

берекесін қадірлейді.

  • Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп

санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.

  • Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары

бағалайды.

  • Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.
  • Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған

жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.


      №

Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету


«Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы      https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/;


Қазақстан Республикасының Конституциясыhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/S1100000002


«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV 

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518


2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы

https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/fulltext


«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345      


«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV

https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;


«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заңы 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI

https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt


Туралы» ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 

https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

https://nao.kz/


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері

https://nao.kz/


«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы);



«Орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығы);


       2023 жылдың  1 тамызбен – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол- Жақсылықты жаса» ұранымен бастау алған жалпы республикалық акция өткізілді. Акция кезінде өткен іс-шараларға жоспары құрылып бекітіліп,акциясы барысында жұмыс істейтін тексеру комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Р.Б.Мейрбекова мектеп директоры, О. В. Хмелева  камқоршылық кеңесінің төрайымы, Жексекова Ж.М. мектепішілік  ата-аналар комитетінің төрайымы, Е.У.Тазабеков  директордың ТІЖ орынбасары, Тулепбергенова Г.С. кәсіподақ   мектепішілік төрайымы, А.Т.Касымбаева әлеуметтік педагог. Акцияның мақсаты-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады. Мектептегі әлеуметтік топқа жататын оқушыларды анықтау үшін сынып жетекшілерден сыныптың әлеуметтік паспорты жиналып, мектептің әлеуметтік паспорты жасалды.  Әлеуметік паспорт бойынша мектепте аз қамтылған оқушылар 57, толық емес отбасы оқушылар 62, көпбалалы отбасы оқушылары 128, қамқоршысымен тұратын оқушылар 2.  Осы паспортқа сүйене отырып әлеуметтік   жағдайы төмен мәртебеге  ие 80 оқушыға көмек көрсетіледі деп жоспарланған. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына оқулықтар, киім-кешек алып беруге және оқу жылы барысында ыстық тамақпен қамтуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Алайда, бұл көпбалалы және аз қамтылған отбасының қажеттілігін толықтыра алмайды. Сол себептен акциясыға демеушілерді  белсене қатыстырудың маңызы өте зор. 01. Тамыздан – 30. Қыркүйекке дейін жалғасатын   «Жақсылықты жаса – Мектепке жол» акциясына     ауыл азаматтары 13 оқушыға кеңсе заттарын, 3 оқушыға мектеп формасын, мектеп директоры Р.Мейрбекова 3 оқушыға мектеп сумкасымен кеңсе заттарын, “Евразиялық” банк қызметкерлері 5 сумка кеңсе заттарымен, “Хильниченко” ауыл шаруашылық басшысы А.Хильниченко 5 оқушыға мектеп формасын, Шымыр ауыл Имамы 10 оқушыға мектеп сумкасын оқу құрал жабдықтарымен, Қарабұлақ ауылының әкімінің демеушілігімен 6 мектеп сумкасы берілді. жәнеде ауыл азаматтары Дастанбек Садық, Касымбаев Куанышбек демеушілік көрсетіп балаларға мектеп формасымен спорттық аяқ киім кеңсе заттарын алып берді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Бектенова, әлеуметтік педагог А.Т.Касымбаева  «Мектепке жол» акциясына белсене қатысып Талдықорған қаласында орналасқан орталық базар қызметкерелеріне акцияға қатысып ат салысуға шақырды. Орталық базарының сатушылары 20 оқушыға мектеп формасын, аяқ киім, спорттық киім берді. Мектеп оқушыларына  1-31   тамыз аралығында  555  250 мың теңгеге 86 балаға көмек көрсетілді. 2023-2024 оқу жылында бастау алғын  жалпы республикалық  «Жақсылықты жаса – Мектепке жол»  акциясы аясында     әлеуметтік мәртебеге ие 80 оқушыға көмек көрсетіледі деп жоспарланған тамыз айында 70 оқушыға көмек көрсетілді. Қыркүйек айында 16 оқушыға демеушілер көмек көрсетеді оқушылардың тізімі жасалып демеушілер қарастырылды. «Мектепке жол» акциясында 86 оқушыға толығымен көмек көрсетілді. «Мектепке жол» акциясы аясында аудандық  жалпыға міндетті білім беру қорынан   61 оқушыға   мектепке керек құрал жабдықтары таратылып берілді.   

https://www.instagram.com/p/CvbWgAjNQni/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

https://www.instagram.com/p/CvtcRjdNeX8/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

https://www.instagram.com/p/CwAkV0fNMBv/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

https://www.instagram.com/p/CwFVwrJrB5P/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

https://www.instagram.com/p/CwejyrjtIx3/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

https://www.instagram.com/p/CwhCOfLN4Fj/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==