Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және күтіп-ұстау туралы » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және күтіп-ұстау туралы
02
октябрь
2023

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және күтіп-ұстау туралы

2023-2024 оқу жылында   Мемлекеттік  рәміздерді пайдалану және

күтіп-ұстау туралы

М.Маметова атындағы орта мектебінде   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және оқушылардың рәміздер туралы білімдерін шыңдау мақсатында   көптеген іс-шаралар жоспарланып жүзеге асырылды.   Мектеп әкімшілігі мемлекеттік рәміздердің ережеге сай қолданылуын  басшылыққа алып, барлық жердегі рәміздер тиісті орындарында бақыланып  тұрды. 

 

Мектебімізде Мемлекеттік Рәміздердің дұрыс ілінуі бойынша жұмыстар жүргізіліп, тиісті мекемелерге ақпарат жіберілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері, мектептің алдына Ту мен Елтаңба қойылып, түңгі жарықпен жарықтандырылған. Мектеп директорының кабинетінде матадан жасалған Ту, бедерленген Елтаңба орналастырылды. Ту директор үстелінің сол жағында және мектептің фойесінде орналасқан. Мемлекеттік Рәміздерді қолдану және насихаттау бойынша нұсқаулар негізге алынып орналастырылды.  Мектеп кітапханасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында бұрыш қойылды. Барлық сыныптардан рәміздерге байланысты сауалнамалар,тесттер алынды. Тест жұмыстары нәтижесі бойынша бастауыш сыныптары 80% , 5-10 сыныптар 65% ,  мектеп бойынша 70% білетіндері анықталды, сонымен қатар тест бойынша төмен нәтиже көрсеткен сыныптардан ақпан айында сауаттылық бойынша қайта тест жұмысы алынатындығы ескертілді.  Бастауыш сыныптарда «Рәміздерім- мақтанышым!» орта буында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»  жоғарғы сыныптарда «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер!» тақырыптарында тәрбие сағаттары жүргізіліп, сынып жетекшілер жиналысында қаралды.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер елдігімнің нышаны!» тақырыбында эссе жазылып, музыка пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен «Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі!» атты патриоттық әндер байқауы болып үздік шыққан оқушылар марапатталды.