Құқықбұзушылқтың алдың алу » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықбұзушылқтың алдың алу
07
ноябрь
2023

Құқықбұзушылқтың алдың алу

Құқықбұзушылқтың алдың алу: Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде жасақталған мектептің тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі-құқықтық тәрбие. Бұл - жас ұрпақтың өсіп-өнуіне бірыңғай көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субьектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз ету бағытын басшылыққа алатын тәрбие Тұжырымдамасы. Бүгін біздің еліміз - Қазақстан Республикасы, бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, ал оның ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Кез келген адам өзі өмір сүрген ортада қоғамның бір мүшесі болып саналады. Әр мемлекеттің өз заңы болса, адам құқығын қорғайтын басты заң - Ата заң болып табылады. Мектебімізде құқықбұзушылықтың алдын- алу мақсатында мектеп әкімшілігімен қалалық ішкі істер бөлімінің басшысымен бірлесе отыра ортақ жылдық жоспар құрылады. Мектепшілік құқықбұзушылқтың алдын алу жөнінде кеңес жылдық жоспар бекітіледі. Кеңес айына бір рет өткізіледі. Мектепшілік, қалалық есепте,  қатер тобында тұрған, девиатты мінез-құлықтағы оқушылармен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологтары, инспектор, әлеуметтік педагог бірлесіп жұмыс істейді.

Қорытынды: оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін жүйелі түрде жұмыс жасау. Рейдтік шараларды күшейту.

2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуір №227 бұйрығымен бекітілген. Тәрбиенің тұжырымдамалық негізінде және мектеп басшысымен 26.08.2022 жылғы №1 пед. кеңестің қаулысымен бекітілді.