Тәрбие жұмысының мазмұны: » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбие жұмысының мазмұны:
07
ноябрь
2023

Тәрбие жұмысының мазмұны:

Тәрбие жұмысының мазмұны:

Білім берудің жаңа деңгейіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үрдісінің өсуіне байланысты тәрбие күнделікті жаңа әдістерді іздеуді талап етеді. Қазір білім мен тәрбие беруде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына және ұлтжандылық қасиеттерді бойына сіңіруге үлкен мән беріліп отыруына орай, азаматтық-патриоттық, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие бағыттарының өзегі болып отыр.

Тәрбие тұжырымдамасының негізгі 8 бағытына және Ұлттық білім академиясының «2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ» негізінде сынып жетекшілердің жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.

Биылғы оқу жылында алға қойылған мақсат:

Тәрбие тұжырымдамасының бағыттары бойынша ашық тәрбие сағаттарын өткізу, әдістемелік құралдар дайындау, өзара іс-тәжірибе алмасу, озық тәжірибелі сынып жетекшілердің жұмыстарын жинақтау, келесі жылға тарату;

Жаңа оқу жылының жұмысы тамыз айында ұйымдастыру жұмыстарынан басталды. Тәрбие жұмыс жоспарын талқылау, бекіту. Сынып жетекшілерінің қызметттік міндеттерімен таныстыру, алғашқы сабақ тақырыбымен таныстыру, сынып жетекшілерінің портфолиосын сыныпқа жасақтау.

       1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық  тәрбие: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларды балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылды.

2022–2023  оқу жылының басында  мектебіміздің тәрбие жұмысы бекітілген жоспар бойынша  жүргізілді.  Бұл жылғы білім күніне арналған салтанатты лездеме «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты іс – шарасы  дәстүрлі форматта өткізілді. https://www.instagram.com/tv/Ch9MzsygS44/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

          Оқу жылының басында әр сынып жетекші оқушылар мен ата-аналарға техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру мақсатында сынып сағаттар мен жалпы ата-аналар жиналыстарын  өткізді.

4 «ә» сыныбында 1 қыркүйек –Білім күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Оқушылар тарапынан отан, еңбек, білім туралы тақпақтар мен мақал-мәтелдер айтылды. Қазақстан сөзіне «Сөзден сөз тудыру» әдісі бойынша ойын ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/Ch9T7AOLgxF/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/Ch9UyhqrPfb/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

5 «А», 5 «ә» сыныбында Г.А.мусрепова мен М.К.Какаманова «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік, отаншылдық» тақырыбында сынып сағатын ұйымдастырды. Оқушыларға танымдық материал көрсетіліп, қызықты әдіс-тәсілдер арқылы ойын ойнатылды.

https://www.instagram.com/p/Ch9aiMVLZth/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/Ch9bp7ircnf/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/Ch9b3HvLn5z/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/Ch9cR5Hrxu9/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/Ch9cs77rNwk/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/tv/Ch9gv5zAqA-/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/Ch9hxK4rALx/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/Ch9lgiiLiAj/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/Ch_ZDn2KdOU/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

    02.09.2022ж.  Жаппай құқықтық оқыту 

"Жаппай құқықтық оқыту" аясында 8-10 сынып оқушыларымен ҚР Ішкі істер органдарының өкілімен қылмыстық жауапкершілік жасы, есірткі қылмыстарының алдын алу және зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау және өз құқықтарын қорғау үшін қайда жүгіну тақырыбында кездесуі өтті. Сондай-ақ, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды және ЖҚЕ алдын алу туралы жадынамалар таратылды.

05.09.2022ж «Тіл –татулықтың тірегі»  атты тілдер апталығы

            «Тіл –татулық  тірегі»   Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын орындау мақсатында,  Қазақстан  халықтарының   тілдері күніне арналған   «Тіл-татулық тірегі»  Тілдер апталығы өткізілді. М.А.Махметова   жиынның негізгі мақсатымен  және апталықтың  жоспарымен таныстырды. Апталықтың  мақсаты әр  оқушының   тілге деген  қызығушылығын арттыру,  өткізілген іс-шараларға  үлкен жауапкершілікпен  қарап, өз үлесін қосуы,  тіліне, еліне деген  сүйіспеншіліктерін көрсете білу.

            Апталықтың барысында 6 «ә» сынып оқушылары ұйымдастырылған іс-шара барысында оқушыларды ана тілін ақдірлеп, туған тілімізде таза сөйлеуге шақырды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.С.Калибекова «Қазақ тілі», 6 ә сыны оқушысы Мусин Темірлан «Жаса, қазақ тілі» әндерін орындады.

Апталықтың аяқталуында белсене атсалысқан білім алушылар, эссе байқауынан жүлделі орындарға ие болған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/CirntpHgcGL/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://instagram.com/p/CirkzfDgjh4/ 

https://www.instagram.com/reel/Cirog2IgPBV/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

05.09.2022 жыл күні 4«ә» сыныбында Б.Орунханованың ұйымдастыруымен «А.Байтұрсынұлы-ұлттың ұстазы» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: А.Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. 

https://www.instagram.com/p/Ch_ZDn2KdOU/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

6 «ә» сыныбында Ұлт ұстазы Ахмет   Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай тәрбие сағаты өтті.

https://www.instagram.com/p/Ch_ZDn2KdOU/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

8 «А» сыныбында Д.К.Мукашева Ахмет   Байтұрсынұлының 150 жылдығына   орай сынып сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: А.Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. 

https://www.instagram.com/p/Ch_ZDn2KdOU/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/CiIFFN8NoPx/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

«Рәміздерді құрметтейік»  

12.09.2022ж. күні ҚР Мемлекеттік Рәміздерге арналған әдістемелік семинары онлайн өтті. Онлайн семинарға: мектеп әкімшілігі, 0-11 сынып жетекшілері, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих пәнінің мұғалімдері, АӘТД пәнінің мұғалімі, дене шынықтыру, музыка пәнінің мұғалімі, кітапханашылар, завхоз, балабақша тәрбиешілері т.б. қатысты.

04.10.22ж. күні қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметованың 100 жылдығына арналған үлкен рухани іс-шара өтті. Сонымен бірге, биыл ауыл мектебінің ашылғанына 90 жыл, алтын ұяның қайсар қызы есімін иеленгеніне 60 жыл толып отыр.

Отан үшін от кешкен жанның ерлігі мен өрлігін, елі мен жерін сүйетінін паш еткен, жас ұрпақты да соған үндейтін басқосуға жиналғандар патриоттық шараны қан майданда ерлікпен қаза тапқан   бабалардың рухына тағзым жасап, мәңгілік алауға гүл шоғын қоюдан бастады. Әскери киім киген жас сарбаздар Мемлекеттік Туды әкеліп, Гимн шырқалды.

Ескелді аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Сатанов, Шымыр ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы Е.Айтқалиұлы, аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ш.Жақанова жүрекжарды тілектерін арнап, өскелең ұрпаққа Мәншүк Мәметованың ерлігі жайлы айтып берді.

Қадірменді қонақтардың тілегінен кейін мектеп оқушылары шағын көрініс қойды. Қан майданда фашистік Германияға қарсы тұрған отандастарының алғы сапында болған және өшпес ерлікпен дараланған Мәншүк Мәметованың рөлін сомдаған оқушылар келген жұртты тәнті етті. Нағыз қазақ   қызының бойындағы қайсарлық пен батырлықты тап басып бейнелеген оқушылардың өнері жүректі сыздатып, тұла бойымызды шымырлатты. Үш бірдей атаулы күнге орайластырылып өткен мерекеде мектеп оқушылары белсенділіктерімен көзге түсті. Патриоттық әндер орындалып, кешті тамашалаған қонақтарға үлкен әсер сыйлады. Сонымен қатар, Мәншүк Мәметованың туған өлкесі Орал өңірімен бейнебайланыс орнатылып, батыр қызды зерттеп жүрген мұражай қызметкерлері құттықтау жолдады. Кеш қонақтарына тарихи деректерден сыр шертті.

Мектеп директоры Р.Мейрбекова салтанатты жиыннан кейін келген қонақтарды фойеде қойылған сурет көрмесімен таныстырды. Бірнеше тақырыпта бөлінген мәдени кеште «Қазақтың қаһарман қызы» атты тақырыпта ұйымдастырылыған кітап көрмесі де көптің көңілінен шықты. Мектепішілік мереке аясында «Мәншүк Мәметова қазақтан шыққан әйгілі пулеметші», «Қазақтың қайсар қызы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтіп, «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты патриоттық әндер байқауымен жалғасты. Бір күнде бірнеше шараны қолға алған мектеп ұжымы «Мәншүк-халқымыздың батыр қызы» тақырыбында аудандық әскери-спорттық спартакиада да өткізді. Оған ауданның 7 мектебінен оқушылар қатысып, әскери-спорттық жаттығудың 6 түрінен сынға түсті.

1932 жылы құрылған шағын ғана мектеп бүгінде заман талабына сай үлкен білім ордасына айналып отыр. Білім ошағында 70 ұстаз қызмет атқарса, 500 оқушы білім алады. Батыр қыздың есімін арқалаған білім ордасының көрсеткіші жаман емес. Өткен жылы 3 түлегі үздік аттестат алып, ҰБ-дан жақсы нәтиже көрсеткен. Ал жалпы аудан ҰБТ деңгейі бойынша 74,3 пайызға қол жеткізген.

Орта мектептен түлеп ұшқан түлектер бүгінде республиканың әр түпкірінде түрлі қызметтер атқарып жүр. Мектеп ұжымы заң, білім, медицина, спорт саласында өзіндік қолтаңбасы бар шәкірттерімен мақтанады. Сондай үздік оқушыларының бірі-ҚР Қаржы министірінің орынбасары Данияр Жаналинов. 

Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай өткен патриоттық-мәдени шараға мектепті бітіріп кеткен түлектер демеушілік жасаған. Кеш соңында батыр қыздың рухына арналып ас берілді.

https://www.instagram.com/reel/CjSsjqogLg4/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/reel/CjQOMHugBi2/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

20.10.22ж. күні мектебімізде төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялау және сейсможаттығу өткізілді. Аталған шара жер сілкінісі кезіндегі дайындық дәрежесін анықтауға және төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік мәдениетінің деігейін арттыруға бағытталған.

https://www.instagram.com/p/Cj6_tBpqX6T/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==