«Абайтану» кабинетінің ашылу салтанаты » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абайтану» кабинетінің ашылу салтанаты
15
ноябрь
2020

«Абайтану» кабинетінің ашылу салтанаты

24 қыркүйегінде М.Маметова атындағы орта мектебінде күні ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына орай Абай мұрасын насихаттау, Абай шығармаларын тереңдетіп оқыту мақсатында «Абайтану» кабинетінің ашылу салтанаты болды. Салтанатты шараға ардагер ұстазымыз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Доланбаева Сәрия Ақылжановна қатысып, кабинеттің лентасын қиып, жиылған қауымға ыстық лебізін білдірді.
Мектеп директорының құттықтау сөзіне кейін, кабинет меңгерушілері: Калибекова Ляззат Сайлаубековна мен Мукашева Динара Калыбековна кабинет жабдықтарымен толықтай таныстырып өтті. Сондай-ақ, бұл кабинет Абай мұраларын насихаттауда пән мұғалімдері үшін көмекші болатынын баса айтты.
Мектеп оқушылары: Тұрсынмамед Аружан, Хасен Әдемі, Ерғали Аяулым мен Құралбек Сұлтан Абай аталарының өлеңдерін нақышына келтіре орындап, Мерекеұлы Саурық Абайдың «Көзімнің қарасы» сазды әнін флейта аспабымен орындаумен жалғастырып, ақын әлеміне бір сәт саяхат жасап қайтқандай күй кештік. Педагогикалық ұжымды қазақтың ұлы ақыны жайлы көмекші құралдар базасы пайда болғандығы қуантты.
«Абайтану» кабинетінің ашылу салтанаты