Әлеуметтік педагог жұмысының есебі » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2022

Әлеуметтік педагог жұмысының есебі


«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі "М.Маметова орта мектебі мектепке дейінгі шағын -  орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  бойынша әлеуметтік педагогтың   І-ші жарты жылдық  жұмыс есебі


   2021-2022 оқу жылына әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары құрылды. Жоспар  бойынша   2021 жылдың 5 шілдеден бастап «Баланы мектепке даярлайық» атты дәстүрлі жалпы республикалық  мейірімділік акциясы бастау алды. Акция 2021 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде  «Баланы мектепке даярлайық» ұранымен өтті. Акция кезінде өткен іс-шараларға жоспары құрылып, мектеп директормен  бекітілді.

  «Баланы мектепке даярлайық» мейірімділік акциясы барысында жұмыс істейтін тексеру комиссиясы құрылды.  Акцияның мақсаты-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.

    Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына оқулықтар, киім-кешек алып беруге және оқу жылы барысында ыстық тамақпен қамтуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Алайда, бұл көпбалалы және аз қамтылған отбасының қажеттілігін толықтыра алмайды. «Баланы мектепке даярлайық» ұранымен өткізілетін мейірімділік акциясына 27.08.2021 ж мектепте «Жүректен -жүрекке» қайырымдылық марафоны ұйымдастырылып өткізілді.   

 «Мектепке жол» акциясына арнайы шақырылған ауыл азаматтары және ұстаздар қатысты. Жалпы мектепте 449 оқушы оқиды. Оның ішінде: аз қамтылған 30, көпбалалы 123, жетім 1, толық емес отбасынан 53, сәтсіз отбасынан 2 оқушы, өгей әкесімен тұратын 14 оқушы, қамқоршысымен 1 оқушы тұрады. Акция барысында мектеп ұжымы жинап берген қаржыға  әлеуметтік топтағы 36 оқушыға көмек көрсетілді. Сондай – ақ 1 «А» сынып оқушыларының ата-аналары  1 «А» сыныбынын 2 оқушысына мектеп сумкасымен оқу құралдарын алып берді. Сыныптың әлеуметтік паспорты толтырылды, сыныптын әлеуметтік паспортының жиынтығынан мектептің әлеуметтік паспорты толтырылды. Ата-ана қамқорынсыз қалған , жетім оқушылардың   тізімі анықталып, құжаттары   жиналды. Сынып жетекшілерге жалпыға міндетті білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың тізімі, өтініштері алынып тегін ыстық тамақпен тамақтанатын оқушылардың  толық тізімі анықталды. Тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардң құжаттары жиналып, Ескелді аудандық жалпыға міндетті білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен 45 оқушы, мердігерлік қорынан 25 оқушы, мектепте тегін ыстық тамақпен барлығы 70 оқушы    қамтылды.Тамыз айына жұмыс жоспары бойынша белгіленген іс-шаралар өткізіліп, жұмыстар толығымен жүргізілді.

2021-2022 оқу жылына сәтсіз отбасы оқушыларының құжаттары жинақталып тізімге өзгерістер енгізілді. Әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың қітаппен толық қамтамассыз етулуі қадағаланды, оқушылар толық тегін кітаппен қамтамассыз етілді. Мектепшілік есепте оқушы   анықталмады. Бірақ жоспар  меткеп писихологы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орындасары және әлеуметтік педагогпен бірлескен  жұмыс жоспары құрылды. Инклюзивті білім алушылардың және үйден оқитын оқушылардың тізімі алынып ортақ тізім жасалып ата-ана рұқсатымен үйлеріне барып АКТ толтырылды.  Өгей әкесі мен анамен тұратын оқуышалрдың тізімі анықталып, құжаттары жиналыды. Жетім-ата-ана қамқорынсыз қалған, сәтсіз отбасы оқушылардың сабаққа қатысуы қадағалануда. Әлеуметтік топтағы оқушыларды үйірмеге қатыстырып, қатысуы қадағалануда атап айтсам Мусаева Диана 9 Ә сынып оқушысы волейбол, би үйрмесіне, Тагирова Хадиджа  7 Б сынып оқушысы волейбол үйірмесіне, қатысады. Ескелді аудандық білім бөлімінің қаржы есебінен бөлінген 50 оқушыға мектепке оқу құрал жабдықтары (12 беттік шақпақ, дәу жол дәптер, 24 беттік қалың дәптер, қарындаш, қалам, өшіргіш, түрлі түсті қарындаш, альбом) келген барлық оқу құрал жабдықтары оқушыларға таратылып берілді.

Желтоқсан айында 22 оқушыға қыстық куртка берілді. Өгей ата-анамен тұратын оқушылардың сабаққа қатысуы толық қадағалануда.   Жоспар бойынша  жылдық жұмыстар бекітілген   іс –шаралар атқарылуда.




Әлеуметтік педагог         А.Касымбаева