Хаттама № 3 » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
январь
2022

Хаттама № 3


«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»ММ

 «М.Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Хаттама№ 2


Күні: 28.01.2021

Қатысқаны – 290

Қатыспағаны: 8


Тақырыбы: «Бала тәрбиесіне байыпты қарайық…»

Күн тәртібіндегі мәселе:

1. «Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері» баяндама 

2. Ата-аналар комитетінің жарты жылдық есебі 

3. ІІ тоқсан қорытындысы

4. Әр түрлі мәселелер

Тыңдалды:


  1. Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары Е.Тазабеков пен М.Бектенова алды. Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Ақпан айының 1-ші жұлдызынан 28-ші жұлдызына дейін құқық айлығы өтеді. 

«Заңды білу-заман талабы» Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. 

Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкарас та күннен күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткі қолдануы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде.

Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз, ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу - тәрбие жұмысының негізгі мақсаты. Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз, оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам қалыптастыру керек.

Құқықтық тәрбие сан қырлы, күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулышаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Соның ең бірінші сатысы - оқушыны заңмен хабардар етіп, оның жалпы білім деңгейін көтеру.

Ол үшін мектебімізде  «Құқық –әділет пен парасат » атты айлық  шеңберінде «Мен және заң», «Жауапкершілік түрлері» тақырыптарда сынып сағаттары, дөңгелек үстел өткізіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа кірген 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамтамасыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін атап өтті. 

Жастар арасында тәртіп орнату, тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыру, қылмысты болдырмау жолдап дамытып, жандандыру ол сіздермен біздің бірлесе отырып, яғни мектеп пен ата-ана болып жұмыс жасағанда ғана жүзеге аспақ. Сонда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар азайып балаларымыз құқылы,дербес орта өмір сүреді.

2. Екінші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Жексекова мен А.Окасова сөз сөйледі. Біз өз жұмысымызда осы өзара байланыстың тиімділігін анықтап, оны жұмыс барысымызды кеңінен қолданамыз.Ұстаздармен, ата-аналармен, балалармен тығыз байланыс жасау үшін, бала мен отбасы туралы деректер алынды, отбасының әлеуметтік жағдайы, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлі анықталды, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алынды. Ата-аналар баланы жан-жақты дамытудың жұмыс жоспарымен таныстырылып, кеңес беру пунктіндегі ата-аналар үшін өткізілетін барлық шараларға қатысу ұсынылды.

Қыркүйек айында Ескелді аудандық жалпыға міндетті бөлімінен берілген кеңсе заттарын, мектептегі оқу-құрал жабдықтарын 50 оқушыға таратылып, берілді. 2021 жылдың 7 желтоқсанда «Мектепке жол» акциясы аясында аудандық  жалпыға міндетті білім беру қорынан әлеуметтік жағдайлары төмен 22 оқушыға  сыртқа қыстық киім берілді. Қыстық сыртқы киімге 22 оқушыға өтініш беріліп, келген қыстық курткаларды директордың ТЖ орынбасары Е.У.Тазабеков, әлеуметтік педагог А.Т.Касымбаева толықтай   аз қамтылған 14 оқушы , көпбалалы 2 оқушы, жетім 1 оқушы, сәтсіз отбасынан 1 оқушы, қамқоршысымен тұратын 1 оқушы, үйден оқитын 3  оқушыға берілді. Жоспар бойынша жұмыстар өз жалғасын табады-деп аяқтады өз сөзін Ж.Жексекова.

Ата-аналар жиналысы 2-тоқсан қорытындысы бойынша жасалды. Қаралатын мәселелер : оқушылардың тәртібі, тазалығы, үлгерімі. Әр мәселе бойынша түсініктеме берілді. Негізгі мәселе - үлгерім мәселесі. үлгерім мәселесі әр балаға пайызбен көрсетілді. Әр пәннің өзіндік ерекшеліктері таныстырылды. Талаптары айтылды.

Шешім қабылданды:


1. «Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері» баяндамасы қанағаттанарлық деп танылсын. 

2. Ата-аналар комитетінің жарты жылдық есебі 

3. 2 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасы көтерілсін.

4. Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне жүктелсін.