Хаттама № 1 » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
сентябрь
2021

Хаттама № 1


«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»ММ

 «М.Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Хаттама № 1


Күні: 04.09.2021

Қатысқаны – 286

Қатыспағаны: 12


Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы ата ана»

Күн тәртібінде:

  1. «Отбасы мен мектептің байланысы»!» директордың тәрбие ісі- жөніндегі орынбасары Е.Тазабековтың баяндамасы
  2. 2021-2022 оқу жылындағы жаңартылған білім беру бағдарламасымен қысқаша таныстырып өту
  3. «Қауіпсіздік ережелері» туралы.
  4. Ата-аналар комитетінің төрайымын сайлау

Тыңдалды:

1.«Отбасы мен мектептің байланысы»!» директордың тәрбие ісі- жөніндегі орынбасары Е.Тазабековтың баяндамасы тыңдалды. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес.- деді мектеп психологы Н.Т.Досжанова. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің орынсыз сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешесі,  үй ішінің үлкендері әдептілік танытқаны жөн.

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалау керектігін айтты..

Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметі-нің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың бірі.

Белгілі педагог В. А. Сухомлинскийдің еңбектерінде ''мектептік-отбасылық тәрбие'' ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші рөл атқарады.

Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады, осы бағыттта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық және мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсетуін ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекеттерін үйлестіреді. Мектеп басшысының, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиімді түрлер мен әдістер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады. Ол жүйе жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететіндей талаптарға жауап беруі тиіс.

«Жанұя типтері»

  • Әмірлі (авторитарлық)
  • Демократиялық (егемендік)
  • Бетімен жіберушілік
  • Рақымшыл жанұя
  • Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұяңыз сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?... Өзгерткіңіз келмей ме? Қалай өзгертер едіңіз? Кімнің көмегі керек?) Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса, рефлексия парағына жазып қалдыруға болады.

Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр.

2сұрақ бойынша  директордың ТЖО М.А.Бектенова сөз сөйледі. Мектепте оқу процесі екінші жыл пандемия жағдайында өтуде. Шектеу шараларына байланысты оқушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толықтыру өзекті міндетке айналды. Әрбір педагогке шәкірттерінің білімін толықтыру бойынша арнайы жұмысты ойластыру және тиімді жүргізу қажет болып отыр.Биылғы 2021-2022  оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы. «Ана тілі», «Обучение грамоте», «Цифрлық сауаттылық» пәндерін енгізу.

Бұл идея былтырғы тамыз конференциясында айтылған болатын. Бірінші қыркүйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары табыс етілді. Биылғы оқу жылында еліміздің мектептері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, ағартушы-ұстазымыз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын атап өтеді. Көрнекті педагогтің мұралары мен өсиеттері бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтпады. Күнде таңертеңгісін сабақ басталар алдында мектеп директорының оқушыларды қарсы алатын жақсы дәстүрі ұсынылып отыр.Ең басты міндеттеріміздің бірі – оқушының білім алуы мен дамып- өсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау.Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру.Жазғы мектеп есебінен оқыту мерзімін 20 маусымға дейін ұзарту.Сабақ ұзақтығы – 45 минут. 5-сыныптан 11-сыныптар аралығында «Жаһандық құзыреттіліктер»таңдау курсын немесе басқа курстарды енгізу. «Музыка» оқу бағдарламасыныңшеңберінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 6-сыныпта домбыра тартуды үйрету. Инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыру.«Оқуға құштар мектеп», «Дебаттар», «Өзін-өзі басқару күні», «Мектеп  театры» жобаларын іске асыру. Мектеп пен отбасында күнделікті 20 минут кітап оқуды ұйымдастыру. Ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын күшейту.

 Үлкен жауапкершілік ата-анаға да, мұғалімге де артылатыны, жаңартылған білім беру үдерісінде 1-сынып оқушылары қалай білім алатыны және қандай жетістіктерге жететіні туралы қысқаша мәлімдеді.

сұрақ бойынша директордың ТЖО Е.У.Тазабеков сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата-аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға үгіт-насихат жұмыстар жүргізілді. Ата – аналардың өз балаларының сабаққа жіберу кезіндегі қауіпсіздігін қадағалауды сұрады. Біз Шымыр ауылында тұрамыз. Алтын ұя мектебіміз ауылдың ортасында, асфальтты көшенің бойында  орналасқан. Орталық жерден өтетін ерсілі-қарсылы машиналар саны көп. Сондықтан әрбір оқушы күнделікті мектепке келерде көшеде жүру тәртібін жақсы білуі керек.

1. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.

2. Алдыңнан машина шықса жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.

3. Жол үстінде ойнама, велосипед, ролик, гироскутер тепе, жолда абайла.

4.  Ауылымызда тротуар тек асфальт салынған Маметова көшемінде ғана бар, сондықтан жолдың оң жақ шетімен жүр.

4 мәселе  бойынша ата-аналар комитеті сайланды. Ата-аналар комитеті төрайымы болып бірауыздан Жексекова Жания Мұратқызына дауыс берілді. Ата-аналар комитетінің мүшелері өз атынан жалпы мектептік конференцияларда, кеңестерде, әкімшілікпен кездесулерде сыныптағы қалған ата-аналардың мүддесін білдіреді. Ата-аналар комитетінің жұмысы көптеген пайдалы қызметтерді атқарады.

Жиналыс қаулы етеді:

  1. Баяндама қанағатты деп танылды.
  2. Ата-ананың мектеп өмірімен тығыз байланыста болуы ата-ана мен сынып жетекшіге міндеттелінсін;
  3. Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп, қадағаланып отырылсын ;
  4. Ата-аналар арасынан көпшіліктің дауыс беруі бойынша Окасова Асем , Жексекова Ж.М. сайлансын;


Ата-аналар комитетінің  төрайымы:Жексекова Ж.М.


Хатшы:  Окасова Асем