Қамқоршылық кеңесінің І –ші отырыс » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
август
2021

Қамқоршылық кеңесінің І –ші отырыс



«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «М.Маметова атындағы орта мектебі  мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ   2021-2022 оқу жылы бойынша  қамқоршылық кеңесінің І –ші отырыс


Х А Т  ТА М А С Ы


Өткізілген күні: 09.08.2021 жыл

Қатысқандар:     Хмелева Оксана  «Центральный магазин» жеке кәсіпкер,    Окасова Асем- ата-ана,  Сапарова Асем -  ата-ана, Қабділұлы Рахым –Шымыр ауылының бас  имам,Буканова Алия  - ата –ана,  Асанова Галина Нусипбековна  -   ауылдық округтің бас маманы,Балабеков   Әміржан – жеке шару қожалық иесі,Рахимжанова Махаббат- жеке кәсіпкер,Жайлаубаева Гаухар-ата-ана, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары М.Бектенова,Әлеуметтік педагог А.Касымбаева, мектепішілік ата-ана комитетінің төрайымы Ж.Жексекова

Күн тәртібі:

1.Қамқоршылық кеңесінің ережесімен таныстыру.

2.Қамқоршылық кеңесінің төрағасын,хатшысын сайлау.

3.Қамқоршылық кеңесінің  жылдық жұмыс жоспарын құрып,  бекіту.


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары  М.Бектенова сөз алып  қамқоршылық кеңесінің жұмыс мазмұнымен таныстырды.  Қамқоршылық кеңес қызметі типтік ережеге және Қазақстан Республикасы «Білім» туралы заңының 44 бабы 9 тармағына сәйкес, «Білімберу ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны Сайлану тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі№355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына»

бұйрығының 6, 7 баптары және « Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары, оның ішінде: Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 17 мамырдағы қаулысының 37- тармағы  негізінде, Қамқоршылық кеңесін құру туралы 2018 жылдың мамырында №299 бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы бұйрығын басшылыққа алынып құрылған. «Қамқоршылық» кеңес мүшелерінің санытақ, бір – бірімен және білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық туысы жоқ 9 адамнан сайлану керек екенін атйып өтті. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі   сәйкес жүргізілетінін айтып өтті. Мектепте  құрылып отырған Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне   ата-ана, жергілікті атқарушы органдардың өкілінен    Хмелева Оксана  «Центральный магазин» жеке кәсіпкер,    Окасова Асем- ата-ана,  Сапарова Асем -  ата-ана, Қабділұлы Рахым –Шымыр ауылының бас  имам, Буканова Алия   ,  Асанова Галина Нусипбековна  -   ауылдық округтің бас маманы, Рихимжанова М. ата-ана, Рахимжанова М.

ата-ана  мүшелікке ұсынылды.


               Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңес төрайымы-  Хмелева Оксана  «Центральный магазин» жеке кәсіпкер, Мүшелері-  Окасова Асем- ата-ана, хатшы Сапарова Асем -  ата-ана, Қабділұлы Рахым –Шымыр ауылының бас  имамы ,Буканова Алия  - ата –ана,  Асанова Галина Нусипбековна  -  ауылдық округтің бас маманы ,Балабеков  Әміржан – жеке шару қожалық иесі,Рахимжанова Махаббат- жеке кәсіпкер,Жайлаубаева Гаухар ата-ана, Балабеков  Әміржан – жеке шару қожалық иесі,Рахимжанова Махаббат- жеке кәсіпкер,Жайлаубаева Гаухар-ата-ана барлығы тоғыз адам келісім беріп отырғанын айтты.   Дауыс беру арқылы қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып Хмелева Оксана, хатшысы болып Сапарова Асем тағайындалды.


Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары талқыланды. Директордың ТЖО М.Бектенова қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарына мектептегі мемлекеттік қызмет көрсетуді «Меткепке жол» акциясы,   әлеуметтік топтағы оқушыларды  тегін ыстық тамақпен ұйымдастыру мектептегі білім беру қызметінің сапасы сияқты мәселелерді қоюға болатыны жайлы ұсыныс айтты. Қамқоршылық кеңес мүшелері жұмыс жоспарының жобасын талқылап,өз ойларын ортаға салды. 2021  жылдың тамыз  айынан 2022  жылдың мамыр айына дейін бес отырыс өткізіледі деп шешті. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері     жұмыс жоспарының құрып, бекітілуіне келісті.


  Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, төмендегідей шешім қабылданды:


Шешім:


1.Қамқорышылық кеңесі мүшелерінің ұсынысы бойынша төрайымы болып

         Хмелева Оксана сайлансын, хатшысы болып Сапарова Асем сайлансын.


       2. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар

жүргізілсін.

   Қамқоршылық кеңесінің

   төрайымы:                                                Хмелева О.

         Хатшы:                                                Сапарова А.

Мүшелері:

 Балабеков Ә.

Асанова Г.

Оксасова А.

Жайлаубаева Г.

Рахимжанова М.

Буканова А.

Капділұлы Р.


























«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «М.Маметова атындағы орта мектебі  мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ   2021-2022 оқу жылы бойынша  Қамқоршылық кеңесінің  ІІ–ші отырыс 


Х А Т Т А М А С Ы

Өткізілген күні: 03.09.2021 жыл

Қатысқандар:  Қамқоршылық кеңес төрайымы-  Хмелева Оксана  «Центральный магазин» жеке кәсіпкер, Мүшелері-  Окасова Асем- ата-ана,  Сапарова Асем -  ата-ана, Қабділұлы Рахым –Шымыр ауылының бас  имам,Буканова Алия  - ата –ана,  Асанова Галина Нусипбековна  -   ауылдық округтің бас маманы,Балабеков   Әміржан – жеке шару қожалық иесі,Рахимжанова Махаббат- жеке кәсіпкер,Жайлаубаева Гаухар-ата-ана, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары М.Бектенова, Әлеуметтік педагог А.Касымбаева, мектепішілік ата-ана комитетінің төрайымы Ж.Жексекова

Күн тәртібі:

1. «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру, өткізу туралы

2.Тегін ыстық тамақпен қамту туралы.


Қамқоршылық кеңестің екінші отырысында  күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 

2021-2022 оқу жылына бекітілкен жұмыс жоспары бойынша   «2021 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде   «Баланы мектепке даярлайық» ұранымен өтті. Акция кезінде өткен іс-шараларға жоспары құрылып, мектеп директорының қолымен бекітілді.

  «Баланы мектепке даярлайық» мейірімділік акциясы барысында жұмыс істейтін  қамқоршылық кеңес мүшелерінен тексеру комиссиясы құрылды.  Акцияның мақсаты-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.

    Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына оқулықтар, киім-кешек алып беруге және оқу жылы барысында ыстық тамақпен қамтуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Алайда, бұл көпбалалы және аз қамтылған отбасының қажеттілігін толықтыра алмайды. «Баланы мектепке даярлайық» ұранымен өткізілетін мейірімділік акциясына 27.08.2021 ж мектепте «Жүректен -жүрекке» қайырымдылық марафоны ұйымдастырылып өткізілді.   

 «Мектепке жол» акциясына арнайы шақырылған ауыл азаматтары және ұстаздар қатысты. Жалпы мектепте 449 оқушы оқиды. Оның ішінде: аз қамтылған 30, көпбалалы 123, жетім 1, толық емес отбасынан 53, сәтсіз отбасынан 2 оқушы, өгей әкесімен тұратын 14 оқушы тұрады. Акция барысында мектеп ұжымы жинап берген қаржыға  әлеуметтік топтағы 36 оқушыға көмек көрсетілді. Сондай – ақ 1 «А» сынып оқушыларының ата-аналары  1 «А» сыныбынын 2 оқушысына мектеп сумкасымен оқу құралдарын алып берді. Ескелді аудандық жалпыға міндетті білім беру қорынан 50 оқушыға мектепке  оқу құрал жабдықтары (сурет дәптер, қалам, қара қарындаш, түрлі түсті қарындаш, шақпақ дәптер, жол дәптер, 24 беттік дәптер, кітап қаптағыш, дәптер қаптағыш, күнделік,, күнделік қаптағыш) берілді  Сондай – ақ «Атамекен» порталына 46 отбасы тіркеліп, тіркелген отбасына сұраныс бойынша 5 оқушыға мектеп формасы, 30 оқушыға мектепке оқу құрал жабдықтары, 5 отбасына азық –түлік, 6 оқушыға киім алынып  көмек көрсетілді.      


         Күн тәртібіндегі екінші мәселесі  бойынша Қамқоршылық кеңесінің мүшелері ыстық тамақтың сапасын бақылауды жүзеге асырумен айналысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуге және оларға оқушылардың ата-аналарының онлайн форматта қатысуына ықпал етті. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы О. Хмелева мұқтаж балаларға материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссияның құрамына кірді.2021-2022 оқу жылында ескелді аудандық білім бөлімінен жалпыға міндетті білім беру қоры қаражатынан 45 оқушы,  тегін ыстық тамақ беру туралы бұйрығына сәйкес мектепішілік бұйрық шығарылды. Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін әлеуметтік мәртебеге ие  жалпыға міндетті білім беру қорнан 45 оқушы, мендігерлік қорынан 25  оқушының тізімі қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің қатысуымен жасалып   бекітілген тізім     сынып жетекшілер таныстырылып оқушыларға   ата-аналарға айту туралы ескертілді.            


Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, төмендегідей шешім қабылданды:


Шешім:


  1. «Меткепке жол» акциясы өз денгейінде өткізілді, «Меткепке жол» акциясы  жыл бойына жалғастырылсын 


  1. Тегін ыстық тамақтану сапасы тексеріліп мониторинг жүргізіліп отырылсын.


   Қамқоршылық кеңесінің

   төрайымы:                                                Хмелева О.          

Хатшы:                                                Сапарова А.

Мүшелері:

 Балабеков Ә.

Асанова Г.

Оксасова А.

Жайлаубаева Г.

Рахимжанова М.

Буканова А.

Капділұлы Р.





















«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «М.Маметова атындағы орта мектебі  мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ   2021-2022 оқу жылы бойынша  Қамқоршылық кеңесінің  ІІІ–ші отырыс 


Х А Т Т А М А С Ы

Өткізілген күні: 21.12.2021 жыл

Қатысқандар:  Қамқоршылық кеңес төрайымы-  Хмелева Оксана  «Центральный магазин» жеке кәсіпкер, Мүшелері-  Окасова Асем- ата-ана,  Сапарова Асем -  ата-ана, Қабділұлы Рахым –Шымыр ауылының бас  имам,Буканова Алия  - ата –ана,  Асанова Галина Нусипбековна  -   ауылдық округтің бас маманы,Балабеков   Әміржан – жеке шару қожалық иесі,Рахимжанова Махаббат- жеке кәсіпкер,Жайлаубаева Гаухар-ата-ана, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары М.Бектенова, Әлеуметтік педагог А.Касымбаева, мектепішілік ата-ана комитетінің төрайымы Ж.Жексекова

Күн тәртібі:

1.Қамқоршылық кеңес  жұмысының  І –ші жарты жалдық жұмыс есебі

2.Екінші жарты жылдық жұмыс жоспарын талқылау.


Қамқоршылық кеңестің үшінші отырысында  күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 

2021-2022 оқу жылына бекітілкен жұмыс жоспары бойынша  І – ші жарты жылдық жұмыс есебі берілді  «2021 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде  «Баланы мектепке даярлайық» ұранымен өтті. Акция кезінде өткен іс-шараларға жоспары құрылып, мектеп директорының қолымен бекітілді.

  «Баланы мектепке даярлайық» мейірімділік акциясы барысында жұмыс істейтін  қамқоршылық кеңес мүшелерінен тексеру комиссиясы құрылды.  Акцияның мақсаты-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.

    Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына оқулықтар, киім-кешек алып беруге және оқу жылы барысында ыстық тамақпен қамтуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Алайда, бұл көпбалалы және аз қамтылған отбасының қажеттілігін толықтыра алмайды. «Баланы мектепке даярлайық» ұранымен өткізілетін мейірімділік акциясына 27.08.2021 ж мектепте «Жүректен -жүрекке» қайырымдылық марафоны ұйымдастырылып өткізілді.   

 «Мектепке жол» акциясына арнайы шақырылған ауыл азаматтары және ұстаздар қатысты. Жалпы мектепте 449 оқушы оқиды. Оның ішінде: аз қамтылған 30, көпбалалы 123, жетім 1, толық емес отбасынан 53, сәтсіз отбасынан 2 оқушы, өгей әкесімен тұратын 14 оқушы тұрады. Акция барысында мектеп ұжымы жинап берген қаржыға  әлеуметтік топтағы 36 оқушыға көмек көрсетілді. Сондай – ақ 1 «А» сынып оқушыларының ата-аналары  1 «А» сыныбынын 2 оқушысына мектеп сумкасымен оқу құралдарын алып берді. Ескелді аудандық жалпыға міндетті білім беру қорынан 50 оқушыға мектепке  оқу құрал жабдықтары (сурет дәптер, қалам, қара қарындаш, түрлі түсті қарындаш, шақпақ дәптер, жол дәптер, 24 беттік дәптер, кітап қаптағыш, дәптер қаптағыш, күнделік,, күнделік қаптағыш) берілді  Сондай – ақ «Атамекен» порталына 46 отбасы тіркеліп, тіркелген отбасына сұраныс бойынша 5 оқушыға мектеп формасы, 30 оқушыға мектепке оқу құрал жабдықтары, 5 отбасына азық –түлік, 6 оқушыға киім алынып  көмек көрсетілді.   2021 жылдың 7 желтоқсанда «Мектепке жол» акциясы аясында аудандық   жалпыға міндетті білім беру қорынан әлеуметтік жағдайлары төмен 22 оқушыға  сыртқа қыстық киім берілді. Қыстық сыртқы киімге 22 оқушыға өтініш беріліп, келген қыстық курткаларды директордың ТЖ орынбасары Е.У.Тазабеков, ата-ана комитетінің төрайымы  Ж.Жексекова, әлеуметтік педагог А.Т.Касымбаева толықтай   аз қамтылған 14 оқушы , көпбалалы 2 оқушы, жетім 1 оқушы, сәтсіз отбасынан 1 оқушы, қамқоршысымен тұратын 1 оқушы, үйден оқитын 3   оқушыға берілді.Тәуелсіздіктің 30 жылдығын және Тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тартуы», «Тәуелсіздік елім – кең байтақ жерім» тақырыбында   қайырымдылық   мейірімділік акциясы бастау алды. Акция 2021 жылғы  02.12 – 09.12. күндер аралығында   «Жақынына қамқор бол» ұранымен өтті.   «Жақынына қамқор бол» мейірімділік акциясы барысында жұмыс істейтін тексеру комиссиясы құрылды.  Акцияның мақсаты-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға     материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады. Акцияға мектеп ұжымы қатысып,  көмек қолын созды. Акциядан жиналған қаржыға әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға киім кешпен, оқу құралдары алынды.

    Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына   киім-кешек,оқу құралдары (дәптер, қалам, қарындаш, дәптер қаптағыш, кітап қаптағыш, линейка)  комиссия мүшелерінің қатысуымен таратылып берілді. 

 «Бұл акцияға өзгенің тағдырына немқұрайлы қарамайтын, өз үлестерін қаржылай да, заттай да көмек беретін ағайларымыз бен апайларымыз көмек колдарын созды. Акция барысында мектеп ұжымы жинап берген қаржыға   әлеуметтік топтағы 15 оқушыға көмек көрсетілді.   

 «Мектепке жол» қамқорлық акциясына әліде жалғасын табуда. 

 Күн тәртібіндегі екінші мәселесі бойынша қамқоршылық кеңес төрайымы О.Хмелева екінші жарты жылдықта да қойылған талаптарыды орындап, жұмыстар жалағыстырылатыны туралы айтып өтті.




Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, төмендегідей шешім қабылданды:


Шешім:


  1. І – ші жарты жылдық жұмыс бойынша жоспар  толық атқарылды. 


  1. ІІ-ші жарты жылдық жұмыс жоспары қаралып атқарылатын міндеттерге талап қойылсын.


   Қамқоршылық кеңесінің

   төрайымы:                                                Хмелева О.          

Хатшы:                                                Сапарова А.

Мүшелері:

 Балабеков Ә.

Асанова Г.

Оксасова А.

Жайлаубаева Г.

Рахимжанова М.

Буканова А.

Капділұлы Р.