Хаттама № 2 » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
ноябрь
2021

Хаттама № 2


«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»ММ

 «М.Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Хаттама№ 2


Күні: 28.10.2021

Қатысқаны – 290

Қатыспағаны: 8


Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі біздің қателіктеріміз»

Күн тәртібіндегі мәселе:

1. Оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі өмірінің қауіпсіздігі туралы

2. Оқушылардың сабақтан кешігуі мен сабақтан себепсіз қалуы.

3. І тоқсан қорытындысы

4. Әр түрлі мәселелер

Тыңдалды:

1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың ТЖО Е.У.Тазабеков адам өмірінің қауіпсіздігі туралы ескерілетіндігін айтып түсіндірді. Мектеп оқушыларының кешкі сағат 19.00 –ден кейін көшеге шықпауға, ойнамауға, мал бағуға, тойларға, дүкендерге жалғыз бармау туралы ескерту жасап, оқушы мен ата-аналары қол қойды.

 -Біздің елімізде әртүрлі көліктер жылдан жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен жолаушы адамдардың саны да көбейіп келеді.Жол көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде.Сондықтан да жүргізуші мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпке және мұқият болуы қажет.Жол көлік оқиғаларының зардабын балалар тартады.Оның себебі көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін нашар біледі.Міне осы мақсатта балаларға Жолда жүру ережесі туралы түсіндіріп отыру қажет.
 1. Машина жүретін жолда ойнауға болмайды.    
 2. Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды.       
 3. Көшенің қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда жолдан өтуге болмайды.    
 4. Көшенің кез келген жерінене өтуге болмайды.          
 5. Көлік жүретін көшені бойлап жүруге болмайды.       
 6. Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да бағдаршамның жасыл түсі жануын күт.               
 7. Жолдан бағдаршамның тек жасыл жанғанда ғана өт.            
 8. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті. 
 Жаяу адамдардың міндеттері:
 1. Жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі тиіс.
 2. Жолдан бара жатқанда жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс. 
Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек. 

Көшеде тағы қандай ережелерді білеміз?

1. бейтаныс адамның көлігіне отырма; егер, көшеде немесе есік алдында бейтаныс адам сені алып кетпекші болса, «Мен сені танымаймын» деп дауыстап, қашып шығудың амалын жаса; Егерде сені біреу күштеп автокөлігіне отырғызы келсе немесе өзімен бірге алып кеткісі келсе, айналадағы адамдардың назарын аудартуға тырыс.


2.Ауладағы қауіпті жерлер: өсіп кеткен бұталар, қурап кеткен ағаштар, көлік жүретін жолдар, қоқыс тастайтын жәшік. Ұқыпты және абай болу керек. Аулада өзін-өзі ұстау ережесі: ластамау, шуламау, терезеге ойнамау, шыны сындырмау.

3.Жақын жердегі айналаны, мектеп орналасқан шағын ауданды, өзі тұратын үйді бағдарлай білу. Ненің қай жерде орналасқанын білу. Үйге және мектепке  баратын мейлінше қауіпсіз жолды білу. Нақты жол бағытын білу.

4.Жол белгілерімен таныстыру: «Балалар», «Жаяу кісі өтетін өткел». Жаяу кісілер тек белгі қойылған жерден ғана өтеді. Екі жақты қозғалыста алдымен сол жаққа, жолдың ортасына жеткенде - оң жаққа қарау. Көше және жол белгілері.

5.Қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстай білу және қауіпсіздік ережелерін сақтау. 

7.Бейтаныс адаммен сөйлеспе, адамдар жүрген жерге кетіп қал.Танымайтын және аз танитын адамдардан кәмпит немесе басқада сыйлықтарды алма. Артыңнан еріп келе жатқан автокөліктен әрі жүр, қарама қарсы жаққа бұрылып кетуге тырыс.

8.Егер үйде үлкендер болмаса бейтаныс немесе аз танитын адамдарды, сол сияқты балаларды үйге шақыруға болмайды.Егерде біреу есікті күшпен ашып кірмек болса, дереу 102 телефоны бойынша полицияға қоңырау шал.Танымайтын адаммен сөйлесудің, оның телефон арқылы: «Үйде кім бар?», «Ата-аналарың қашан келеді?» деген сұрақтарына жауап берудің қажеті жоқ. Тез арада байланысты доғару керек.

9.Ата-аналарыңды ескертпей, үйіңнен кетпе.

10.Егерде саған біреулер әдеттен тыс (түсініксіз), үйреншікті емес болып көрінсе, ол адамдар туралы ата-аналарыңа, мектептегі мұғаліміңе, полиция қызметкеріне міндетті түрде айт.

11.Дәрігердің немесе ата-анаңның рұқсатысыз дәрі-дәрмектерді ішпеңіз.

12.Қоғамдық жерлерде, мектепте, траспортта қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтаңыздар.

13.Өміріңе және денсаулығыңа қауіпті жерлерде, атап айтқанда: құрылыс жүріп жатқан жерлерде, ескі үйлердің қираған орындарында және т.б. ешқашан ойнама.Қауіпті жерлерден аулақ жүру керек: төлелер, гараждар, ашық жатқан люктер, бос қалған жерлер, ауладағы машиналардан.

14.Қосылулы тұрған электр құралына тиіспеңіз және электр вилкасын су қолыңызбен ұстамаңыз. Даладағы трансформаторлық үйшіктерге жақындамаңыз.

15.Су қоймаларына баруға және онда ересек адамдарсыз шомылуға болмайды.

16.Көшеде түнгі сағат 21.00 ересек адамдарсыз жүрме.


2.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ұйымдастырушы-педагог Ж.М.Жандильдинова сөз кезегін алды. Оқушылардың тәртібі жайлы әңгіме болды. Ата-аналар қауымына балаларды қадағалау қажеттігін және сабақтан себепсіз қалдырмауды, кешіктірмей уқытымен мектепке әкелуін талап етті.

3.Үшінші мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие ісі-жөніндегі орынбсары С.Г.Таженова ата-аналар балаларының тоқсан бойына атқарған жұмыстары мен оқу үлгерімдерімен танысты. Ата-аналарға балаларының оқу үлгерімі туралы айтылды. Мектептің   үлгерім сапасы 100%, білім сапасы 59,2 % құрайды. Бұл көрсеткіш орташа. Өткен оқу жылымен салыстырғанда төмен. 7 оқушының үшеуі ғана жақсы көрсеткішті көрсетеді.

4.Төртінші мәселе бойынша мектеп тарапынан ата-аналар үшін белгіленген «ашық есік күні» хабарланды. Аптаның төртінші күні ата-аналар үшін барлық сабақтарға, іс-шараларға келіп балаларын қадағалауына болатыны жайлы ескертілді.


Шешім қабылданды:

  1. Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар ескертіп отырсын;
  2. 2-тоқсаннан бастап әрбір ата-ана өз балаларының сабаққа кешігуі мен сабақтан қалуын қадағаласын;
  3. 2 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру. Оқушылардың тәртібіне және күнделіктеріне назар аудару.


 
 


 
 

Ата-аналар комитетінің  төрайымы:Жексекова Ж.М.


Хатшы:  Окасова Асем