«Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында тарихи-танымдық сайыс » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында тарихи-танымдық сайыс
24
декабрь
2021

«Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында тарихи-танымдық сайыс




Мектебімізде желтоқсанның 13-і күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында тарихи-танымдық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты : оқушылардың өз халқының тарихына деген қызығушылығын арттыру, өз білімдерін практикада қолдана білуге үйрену. Сайысқа 9,10,11 сынып оқушылары арасында өтті. Сайысқа 12 оқушы қатысып 2 командаға бөлінді
Сайыс басталмас бұрын мектебіміздегі үздік тарихшы Орунханов К.Г. Тәуелсіздікке байланысты «Елдіктің жеті тұғыры» тақырынбында презентатция арқылы таныстырып өтті. Сайыстың кезеңдерін атап өтіп әділ-қазы алқаларымен таныстырды. Әділ- қазы алқалар құрамында:Таженова С.Г, Орунханов К.Г, Бектенова М.А, Ермухамбетова А.С
Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1 кезең таныстыру. Командалардың аты : «Геродот» және «Алаш» команда капитандары команданың атын не себепті таңдағанын түсіндіріп және команданың құрамындағы оқушылар өздерінің ұстанымдарымен бөлісті.
2 кезең Бәйге деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар экранда көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беріп өтті. Ұяшықтардағы тақырыптар: «Тәуелсіздік жылнамасы», «Мемлекеттік нышандар», «Тұлғалар» және «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сұрақтар берілді. Әр тақырып 4 сұрақтан тұратын 20,30,40,50 баллдарымен бағаланды. Әр сұраққа ойлануға 15 секунт уақыт берілді. Айналым қызыққа толы болды. Бұл айналымда көп ұпайды «Алаш» командасы өз еншілеріне қосыты
3 кезең- капитандар сайысы. Бұл кезеңде капитан командалары өздеріне берілген 5 сұраққа жауап беру арқылы командасына 5 ұпайдан қанжылады. «Алаш» командасынан сайысқа капитан Төлекбек Жасұлан сұрақтарға жауап берді. «Герадот» командасының көшбасшысы Темірбек Мерей сұрақтарға жауап берді.
4 кезең «Kahoot» платформа аарқылы оқушылардың білімін тексеру мақсатында жеке жұмыстары жүргізілді. Ең көп ұпай жинаған Төлекбек Жасұлан, Досымбет Жания және Курпегулова Дильназ жоғары ұпайларды жинады.
Сайыс нәтижесінде «Алаш» командасы І-ші орын алды, «Герадот» командасы ІІ-ші орынды иеленді. Номинация бойынша «үздік капитан команда» номинациясын «Алаш» тобының көшбасшысы Төлекбек Жасұлан иеленді. «Үздік ойыншы» номинацияларын Темірбек Мерей және Курпегулова Дильназ иеленді. Жеңімпаздарға громатаны мектеп директоры Мейірбекова Р.Б табыстады.

https://www.instagram.com/p/CXbQhoetIy4/?utm_source=ig_web_copy_link