Қамқоршылық кеңес жұмысы » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес жұмысы
07
ноябрь
2023

Қамқоршылық кеңес жұмысы

Қамқоршылық кеңес жұмысы

2021– 2022 оқу жылында Қамқоршылық кеңес мүшелерінің 3 отырысы өткізілді. Отырыстарының негізгі сұрақтары: жаңа оқу жылына «Мектепке жол» акциясы арқылы балларды киіндіру, балалардың тегін тамақтануы, жаңа жылдық мерекелердің ұйымдастырылуы және өткізуі, мектептің жөндеу жұмыстарына дайындығы, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, мектеп ауласына ағаш отырғызу деген мәселелері  қарастырылған болатын.

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері «Алғашқы қоңырау!», «Әкем, анам және мен – спорттық жанұямыз!», «Қарттар күні», «Біздің шығуымыз» ата – аналар шығармашылығы,«Алғыс айту күні»,«1мамыр - халықтардың достастығы» күні, «Соңғы қоңырау» атты іс – шараларға белсене қатысты. 

«Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай «Барлығы балалар үшін» Республикалық акция аясында балаларға қуаныш сыйлау мақсатында мектепішілік ата–аналар комитетінің төрағасы- Қожабек Арманның, қамқоршылық кеңесінің мүшелері Рахметов Ерназ Рымтаевичтың ұйымдастыруымен мектеп әкімшілігімен бірлесіп 20-дан астам оқушыға мерекелік тарту жасады.  

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны орындау мақсатында,  бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шараларының бірі орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында оқитындарды рухани-адамгершілік, оның ішінде үкіметтік емес секторды тарта отырып тәрбиелеу бойынша іс-шараларды өткізу бағыты белгіленген. Осы  бағыт бойынша 2021-2022 оқу жылы  М. Маметова  атындағы орта мектебінде   діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл  жоспары  құрылып біршама іс-шаралар өткізілді. 

     М.Маметова мектебінде діни-экстремизмнің алдын-алуға байланысты жоспар құрылып, төмендегі жұмыстар жүргізілді. 

«Терроризм ғасыр қаупі», «Абайлаңыз лаңкестік!», «Әлемдік діндер. Тарих және заман», «Ислам мәдениеті» тақырыптарында 1-11 сыныптарға сынып сағаттары өткізілді. 

Аптасына бір рет директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, дінтану пәнінің мұғалімі С.Г.Таженова «Зайырлылық және дінтану негіздері» тақырыбында оқушыларға радикальды діни тенденциялардың теріс міндерінің негізгі білімдерін қалыптастыру  мақсатында  факультативтік курсынан сабақ береді.

  Қыркүйек айында кітапханашылар Ж.Н.Абдрашева мен З.Матайбаева кітапхана қорындағы рұқсат етілмейтін діни танымдық әдебиеттер тізімін анықтап, оқушылар мен ұстаздар қауымына таныстырды.

  Қазан айында кітапханашылар Ж.Н.Абдрашева мен З.Матайбаеваның ұйымдастыруымен «Дін және қауіпсіздік» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. 

Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері А.М.Балабекова мен Ж.С.Сагындыкованың ұйымдастыруымен «Терроризмнен азам әлем!», «Біз терроризмсіз әлемді қолдаймыз!» тақырыптарында сурет байқауы өтті. Бұл байқауда  үздік   суретпен көзге түскен  8 «б» сынып оқушы  Ержанқызы Ляйсан,  4 «А» сынып оқушысы  Турсын Айша   , 10 « А» сынып оқушысы Оралбаева Жасмин болды. Бұл оқушылар суреттің мағынасын аша білді.

     Оқушыларға қоғамның әлеуметтік,  құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық , лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу мақсатында 8 «б» сыныбында «Экстремизм және терроризмге қарсы күрес» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Қ.Ғ.Орунханов танымдық сағатын өткізді.

Алғашқы Әскери Дайындық сабағында «Терроризм  деген не ?» , террористерге  қарсы қандай  іс-әрекет   жасау  туралы   мәліметтер   беріледі. Жылына екі рет оқушылар арасында терроризмге қарсы жаттығулар өткізілді.

   Қазан айында педагог-психологтар  Досжанова Н.Т., Магитаева Г.Ч. 6-9 сынып оқушыларынан «Оқушылардың діни көзқарасын анықтау» атты сауалнама алды. Басты мақсаты: оқушылардың діни көзқарасын анықтау. Сауалнамаға 147 оқушысы қатысты. Сонымен қатар     терроризмге қарсы жүріс-тұрысты және іс-қимылды қалыптастыру бойынша мектеп оқушылары мен ұжыммен практикалық жұмыс өткізілді. Оқушылар мен мұғалімдерге егер терроризм актісі болған жағдайда қалай өздерін ұстау керектігі  туралы айтылды. Оқушылар мен мұғалімдерге терроризм туралы, діни экстремизм туралы бейнефильм жіберілді сонымен қатар жадынамалар таратылды.

Қараша айында директордын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Тазабеков  «Құқық бұзушылықтар мен діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында  вебинар өткізді. Оқушылар арасында қазіргі танда әлемнің түкпір –түкпірінде болып жатқан діни экстремизм және терроризмнің алдын-алуға байланысты  сұрақтар қаралып,  талқыланды. 

       Оқушыларға хиджаб, паранжа, қысқа балақты шалбар кию, сақал қою мәселелерін түсіндіріп өтті. Дүние жүзінде діндердің таралуы бойынша біраз мәліметтер берілді.

  «Экстремизм және тәрбие» тақырыбында 8-9 сыныптарымен онлайн дөңгелек үстел өтті.  Қазіргі кезде қоғамымызды, адам  санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың қаншама біз білмейтін түрлері бар. Сонымен қатар, оның адам санасына, өміріне деген қаншалықта зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Міне, осы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет бере отырып, біздің мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен күнәсі көрсетілген. Осы адастырушы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет бере отырып және олардан аулақ болуын айтып өтті.

          Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін балалардың қауіпсіз  мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық шаралар жүргізіледі. 2021 -2022 оқу жылында  «Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды» тақырыбында  ата-аналар жиналыстары өтілді.  Жиналыста діни экстремизм мен терроризм бойынша ата-аналарға түсіндіру жұмыстары өткізілді. Отбасында діни қағидаларын дұрыс ұстану, интернет желісіндегі діни ағымдардан балаларын аулақ болуларына іс-қимыл туралы кеңестер берілді.   Мектепте ұстаздар, дінтанушылар оқушыларға  діни экстремизм мен терроризмнің қаупі, секталардың шырмауы туралы түсінік беріліп, қоғамда етек жайған теріс ағымдардан сақтану және білім, сауаттылықтың қаншалықты маңызды екені, мейірімділік, имандылық, ізгілік, адалдық сияқты құндылықтарды сақтау туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары  өткізіліп тұрады.

   ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 қазанындағы №242, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрықтарына сәйкес мектепте оқитын оқушылардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында педагогтардан кезекшілік кестесі құрылған, мектепте бейне бақылау қондырғылары  жұмыс істейді. Бөгде тұлғалардың мектеп аумағы мен ғимаратына кіруі мектеп директорының шаруа жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Мырзаханұлымен қатаң қадағаланады. 

Бөгде  тұлғаларды, келушілерді өткізу мен қабылдау вахтадағы вахтерлер З.Даниярова мен М.Мусаева қабылдау кітаптарына жазбаларын жүргізіп отырады. Мектеп телефон жүйесімен жабдықталған: директор бөлмесі және  хатшының бөлмесінде орналасқан. Штатпен кезекшілік кестесі құрылып 3- күзетші жұмыс істеуде.

   Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектепте   бейнебақылау орнатылған. 

Сонымен әр ұжым мүшесі мен оқушы өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету   үшін  «Ashyq» мобыльді қосымшасы қойылды.