«Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн»
01
июнь
2023

«Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн»

1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпаратық науқаны Жыл сайын М.Мамето атындағы орта мектебінде   1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі. Биыл бұл шара 18-рет өткізіліп жатыр. Шараның негізгі мақсаты — бала еңбегін қанауға жол бермеу. Осыған байланысты мектеп директоры Раушан Блисбековна Мейрбекованың   бекітуімен негізгі акцияға байланысты жоспар құрылды. Ақпараттық науқан шеңберінде 5 «А» сыныбының жетекшісі Г.А.Мусрепова, 10 «А» сынып жетекшісі Б.Эмельхан,  9 «ә» сынып жетекшісі А.А.Абетаева 1-12 маусым аралыында«Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн»  тақырыптарында бейнеазба түсіріп, мектептің әлеуметтік желілеріне жариялады. Әлеуметтік педагог А.Т.Касымбаева " Бала еңбегіне қарсымыз" тақырыбында  челендж өткізді. Мақсаты: Бала еңбектерін қорғау баланың өз құқығын қорғай алуына тәрбиелеу.Сонымен қатар  рейдтік шараларда балалар мен ата-аналарға, мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.   
       Аталған шара барысында дөңгелек үстелдер, конференциялар, тақырыптық көрмелер, балалардың сурет байқауы, түрлі пікірталастар ұйымдастырылады. 

Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті атқарушы органдар прокуратурамен және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тартуға жол бермеу мақсатында балалар еңбегін пайдалану фактілерін уақтылы анықтау бойынша қажетті шаралар кешенін қабылданған болатын.2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімнің жобасына тараптардың балалар еңбегінің ең нашар нысандарын тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтау және іске асыруға жәрдемдесу міндеттемелері енгізілген.

      Мектеп кітапханашылары Ж.Н.Абдрашева мен З.Т. Матайбаева  1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпаратық науқаны аясында «Бала еңбегін жою мәселесі жөнінде» әдістемелік, нормативтік құқықтық әдебиеттерінің көрмесін ұйымдастырылды.

      Сондай-ақ  ДТІЖО М.А.Бектенова, әеуметтік педагог А.Т.Касымбаева, АӘТД пәнінің мұғалімі І.Бейбіт, педагог-психолог Г.Ч.Магитаева, ұйымдастырушы ұстаз Л.Д.Дарханова және кезекші сынып жетекшілермен бірлесіп, «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» кең ауқымды рейдтік шаралары ұйымдастырылды. Рейд өткізудің мақсаты: 18 жасқа толмаған оқушыларды  ауыр еңбекке тартуға тыйым салу туралы, балалар еңбегінің ең нашар түрлерін анықтау бойынша бірлескен профилактикалық рейдтер жүргізу. Және де мектеп жасындағы балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын болдырмау үшін оларды қабылдауға тұрақты мониторинг жүзеге асырылады, «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» рейдтері жүргізіледі.

https://www.instagram.com/reel/CtQSgdigV9o/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==

https://www.instagram.com/reel/CtQSgdigV9o/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/Cs_EYI1r3Qw/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==