"Қоғамға қызмет" ұйымы «Наурыз тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі». » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Қоғамға қызмет" ұйымы «Наурыз тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі».
04
апрель
2022

"Қоғамға қызмет" ұйымы «Наурыз тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі».

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «М.Маметова атындағы орта мектебі  мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММбойынша  «Қоғамға қызмет» ұйымының мәліметі


Көктем келгенде ағаш көшеттерін отырғызу науқаны басталатыны аян. «Наурыз тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі.   18 наурыз күні әлеуметтік педагог А.Касымбаева мен «қоғамға қызмет» ұйымының ұйымдастыруымен жаппай ағаш отырғызу және аулалардың аумақтарын тазарту бойынша «Таза табиғат», «Әр отбасынан бір ағаш» атты акциясы ұйымдастырылды. Басты идея – табиғатты қорғауға оны аялауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру, ата-бабадан қалған өсиетті жастардың бойына сіңіріп, ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру. Акцияға шие, өрік т.б. жеміс ағашының көшеттерін отырғызды.  Акция барысында мектеп директоры Р.Мейрбекова, ұйым жетекшісі А.Касымбаева директордың тәрбие жөніндегі орынбасары М.Бектенова және педагог организатор С.Сырлыбаев оқушылармен бірге белсене ат салысты. Р.Мейрбекова оқушыларға ақыл кеңестерін айтып жақсы көңіл күй тіледі. Оқушылар бірі аға отырғызса енді бірі шелекпен су құйып, әр кім өзіне жүктелген міндетті жақсы атқарды. Акция осымен тоқтап қалмайды егілген көшеттерді  күтіп баптауға оқушылар  келісімімен кесте құрылды. Әр апта сайын кезекші сынып     үлкен үзілісте көшеттерге су құяды. Бұндай бастама оқушылардың бойында жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелеп,   кіші сынып оқушыларына үлгі көрсетеді. Бұл акция жыл сайын жалғасын табады. 





Әлеуметтік педагог           А.Касымбаева