«Қауіпсіз мектеп автобусы» » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қауіпсіз мектеп автобусы»
07
ноябрь
2023

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

«Қауіпсіз мектеп автобусы» 

Мектебімізде  ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасын   негізге ала отырып,  мектепте профилактикалық шараларды күшейту туралы іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық тұжырымдамаға сәйкес мектепте  психологы мен сынып жетекшілер  сынып сағаттары шеңберінде балалалардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық сабақтарын жүргізді. Бұл іс шараны өткізудегі басты мақсат жолда жүру ережелерін біліп,  жол белгілерінің 8 бағыттағы түрі мен белгілерін ажыратып, оны білудің   қажеттілігі мен пайдасын, жол белгілерінің атқаратын қызметін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған алған ақпаратты өмірде қолдануға тәрбиелеу.

1-9 сынып аралығында сынып сағаттары өткізілді. Жалпы мектеп бойынша 186 оқушы іс-шараға қамтылды.

1 сынып білім алушыларымен Омарова А.К., Алсаева .С., Мустабекова Л.Б. «Көше күтпеген жағдайларға толы» үйден мекетпке келетін жолдың қауіпсіздігі мен жолда жүру туралы танымдық-практикалық сабақ жүргізілді.

2 сынып білім алушыларымен  Бектенова Г.К., Чакирова А.К., Қожахмет Б.Ж. «Білім алушылардың көшеде және жолда жүру ережелерінің негізгі ережелері» сұрақ-жауап әдісі арқылы өтті

3 сынып білім алушыларымен Калиекова А.А., Орунханова Б.А., Оралова М.А. «Балалардың көшеде және жолда жүру ережелері» тақырыбында рөлдік ойын элементтерін пайдаланып өткізілді.

4 сынып білім алушыларымен Қосманова А.Б., Орынтаева Г.А., Камзинова Г.О. «Жолда жүру ережесін білемізбе?»  тақырыбында танымдық-шығармашылық сабақ өтті.

5 сынып білім алушыларымен Мусрепова Г.А., Какаманова М.К., Нусипова А.М. «Біздің қала, аудан»

6 сынып білім алушыларымен Тулепбергенова Г.Қ., Калибекова Л.С., Нусипова А.М. «Жол жүру ережелері» сынып сағатын өтті.

7 сынып білім алушыларымен Махметова М.А., Молшылықбаева Б.К., Қожатай Н.Қ. «Автокөліктің еліміздің экономикасындағы рөлі» сынып сағаты

8 сынып білім алушыларымен Мукашева Д.К., Шаймұқашева Н.Н., Куракбаева Г.К. «Жол жүру ережесінің пайда болуы, жол белгілерінің халықаралық тілі» сынып сағаты.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Ж.С.Сагындыкова мен А.М.Балабекова   «Жолда жүру ережелері» айлығы аясында «Жол тәртібін жадыңда ұста!» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды.

Мектеп медбикелері Ж.Т.Какаманова мен Г.О.Жандильдинова «Жолдағы тәртіп- менің өмірімнің кепілі» тақырыбында сұхбат жүргізді.

30. 09.22ж. күні ДТЖО Е.У.Тазабеков пен М.А.Бектенова «Жол ережесі-барлығымызға бірдей заң» тақырыбында полиция қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/Cic3_SIrO0U/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/Cicj_FzLjnt/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/CicOoDWLMrW/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/CicOjWirxaS/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/reel/CiZowEyAClt/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/reel/CiZoffiAyKG/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/CiZnFwTLs8c/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

https://www.instagram.com/p/CiZmz8Mrq_h/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

4-13 қазан аралығындағы Халықаралық қыздар күніне орай «Құрбым» атты қыздар кеңесі өткізілді. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу шаралары туралы айтылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Бектенова «Бәдік сөздер» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектептің педагог-психологы Н.Т.Досжанова қыздардан сауалнама алып, түрлі әлеуметтік желілерден сақ болу керек екендігін және электронды темекінің зиянын түсіндірді.

https://www.instagram.com/p/CjmYOKMq1A0/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

 Мақсаты: бала тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айту. Қыз баланы құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Достармен және құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын ұстануға тәрбиелеу.

12.10.2022ж  Мектеп қыздары арасында «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан»  тақырыбында мектеп психологы Н.Т.Досжанова  қыздар арасында психологиялық тренинг жүргізді.

 Мақсаты: қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

13.10.2022ж «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылып қыздар өзара ой бөлісті. Мақсаты: Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың бойында ұлттық дәстүрімізге сай көріктілігін, ептілігін, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету. Қыз баланы құрметтеп қастерлей білуге баулу өзара сыйластықта қарым-қатынасты қалыптастыру. Қыздардың бойына байсалды, сұлу мінез дарыту.

22.10.22ж. күні оқушылардың денсаулық пен өмір қауіпсіздігін сатау мен темір жол бекетінің ережесімен, темір жол бекетінен өту кезіндегі ережелерімен таныстыру мақсатында Үштөбе жол дистациясының №2 өндірістік телім бастығының орынбасары Садақбаев Бектас Байтасұлы мен Талдықорған қаласы Әуежай ЖПБ-ның патрульдық полиция тобының полиция аға сержанты Еренталов Дидар Ерболұлының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

https://www.instagram.com/p/CkArkTGryat/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==