Тәртіпті бала-тәрбиеден » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
сентябрь
2023

Тәртіпті бала-тәрбиеден

18.09.2023ж  256 ата-ананың қатысуымен «Тәртіпті бала-тәрбиеден» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде :Оқушылардың қауіпсіздік шаралары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы есеп. Мектеп директоры Мейрбекова Раушан Блисбековна

Буллинг дегеніміз не және одан баланы қалай қорғай аламыз? Мектеп психологы –Магитаева Гульвира Чкаловна. Мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқушылардың құқықтары мен міндеттері. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –Тазабеков Еркынбек Улдаханович. Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы. Әлеуметтік педагог- Касымбаева Алтынай Тлеубаевна. Ішек инфекциясы. Тұмау.Мектеп медбикесі Какаманова Жанар Толегеновнаның баяндамалары тыңдалды.    Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры   Мейрбекова Раушан Блисбековна, ата-аналармен сәлемдесіп,  жиналыстың күн тәртібімен таныстырған соң , «Ата-ана ретінде берілетін тәлім тәрбие жұмыстарына немқұрайлы қарамай, өз балаңыздың өмір қауіпсіздігін өз жауапкершілігіңізде екендігін ұмытпаңыздар. Жыл басында да айтып өткеніміздей егер балаңыздың тарапынан қандайда бір техникалық қауіпсіздік ережесін сақтамаған жағдайда жауапкершілікті өз мойындарыңызға алатын боласыздар» деп айтты. Ата-аналар қарастырылған сұрақтарға кері байланыс берді. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау және алдын алу мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізіп, мұғалімдер мен ата-аналарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы нормативтік құқықтық құжаттармен таныстырды. Бір жыл ішінде мектеп қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпараттың болғаны үшін азаматтардың бірде-бір үндеуі тіркелген жоқтығын айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күн тәртібіндегі басты мәселе екендігі және адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім сияқты негізгі құндылықтары туралы кеңінен насихатталды. Республика бойынша болып жатқан тіркелген қылмыстардың азайып, көбеюі туралы слайд түрінде деректер көрсетілді. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, «Адал ұрпақ» мектеп клубының  негізгі мақсаттарымен таныстырылды. ҚР президенті Қасым - Жомарт Кемелұлының жемқорлықтың түп - тамыры жойылғанша күресетіндігі туралы баса айтылды. Мектеп оқушыларына осындай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттары» жыл сайын дәстүрлі түрде «Білім күнінде» бастау алып, жас буынның рухани болмысын кемелдендіру үшін жыл бойы жалғасатындығы айтылды.

«Сенім телефонымен» және бірінші басшылардьң жеке қабылдау кестелері ақпараттық стендтке орнатылды, сол сияқты жеке және заңды тұлғалар үшін «сенім телефоны» мен арыз-шағымдарға арналған «Сенім жәшігі» мектептің бірінші қабатының холына орналастырылып, жұмыс істеуін жалғастыруда екенін айтты. «Сыбайлас жемқорлыққа ұқарсы іс-қимыл жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, үнемі бас назарда бола бермек»-деген сөзімен қорытындылады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша мектеп психологі Г.Ч.Магитаева  сөз алды. Өз сөзінде ол зорлық-зомбылық түрлері туралы, баланы интернеттің теріс әсерінен қалай қорғауға болатындығы, оның психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету үшін онымен және отбасында қарым-қатынасты қалай дұрыс құру керектігі туралы айтты. 

Үшінші мәселе бойынша ДТІЖО Е.У.Тазабеков қазіргі кездегі отбасындағы бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігінің төмендеуінің салдарынан балаларымыз көше кезіп, қыздарымыз кезбелікке салынып, қаңғыбас бала саны көбейе түсуде. Отбасы тәрбиесінде , әсіресе жастарымыздың арасында мейірімділіктің, имандылықтың, адамгершіліктің төмендеуі салдарынан әртүрлі жағдайлар туындауда екенін айтты.     
 Әбу Насыр әл-Фараби атамыз: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас-жауы» дегендей отбасындағы ата-ана бала тәрбиелеуде ең бірінші мына төмендегі ұсыныстарды есте ұстаған жөн. Бүгінгі тәрбие беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтарға ата-аналарға жаңаша қарауды талап етіп отыр. Балаларға адамгершілік салаларды қалыптастыруда отбасы шешуші рөл атқарады. Сол себепті әр ата-ана өз баласымен тығыз байланыс орнату қажет.Ата-аналардың балалары алдындағы жауапкершілігі туралы атап айтты. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың басты  себебі- ата-ананың баланың оқуы мен тәрбиесіне төмен жауапкершілігінен. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың басым көпшілігі қолайсыз отбасыларына, аз қамтылған әлеуметтік жағдай жасалмаған отбасы балаларына келетіні сөзсіз.Бұл да жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуінің негізгі факторларының бірі. Ата-аналарға балалардың себепсіз сабақтан қалмауын немесе қалған жағдайда денсаулығына байланысты анықтама ала келуін қадағалау туралы айтылды.

   Төртінші сұрақ бойынша Мектеп медбикесі Ж.Т.Какаманова Ішек инфекциясы. Тұмаудың болдырмаудың алдын алу шаралары туралы ата-аналарға  арнайы презентация, видеороликтер көрсетіп,ата-аналарға пайдалы кеңестер берді.

https://www.instagram.com/p/CxW5c-7NfRu/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==